4. Электрондық форматты пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот қағаз форматқа көшеді, бұл туралы уәжді ұйғарым шығарылады.».
9. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұнында:
26-баптың тақырыбындағы «органдар» деген сөз «органдардың, ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
410-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«410-бап. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) салуды немесе казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілердің есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау тәртібі»;
9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 1-баптың 1-тармағында:
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49) өндіру - минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеу мен уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне, оның ішінде жерасты суларын ала отырып, сондай-ақ техногендік минералды түзілімдерден шығарып алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;»;
9-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 67-1) және 72-1) тармақшалармен толықтырылсын:
9-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«67-1) тіркеуші органдар - мәліметтерді тіркеуді және сәйкестендіру нөмірі бар құжаттарды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;»;
9-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«72-1) үш құрамдасты интеграцияланған жүйе - деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;»;
9-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 24-баптың бірінші бөлігінде:
15) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері:
бас банк Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына банктік шоттарды және оларды қайта ұйымдастыру шеңберінде оны біріктірген жағдайда екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына құқық мирасқоры - банк ашатын банктік шоттарды ашқан кезде;
салық төлеуші банктік шотты ашу үшін екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасаған күні осы тармақшаның бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген берешек сомасын төлеген кезде қолданылмайды;»;
9-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) тармақшадағы «ұсынуға міндетті» деген сөздер «ұсынуға» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) қосылған құн салығын есепке алу үшін ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде беруге;
9-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша салық төлеушілер - тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беруге міндетті.
Салық төлеушілердің санаттары мен тізімін, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.»;
9-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 26-бапта:
тақырыптағы «органдар» деген сөз «органдардың, ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:
«24. Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға ұсынылған көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады.
Салық органдары бұл мәліметтерді осы Кодексте көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін пайдаланады.
Мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
9-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 30-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«қызмет түрі;»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік статистика, сауда қызметін реттеу, сыртқы сауда қызметі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық мемлекеттік органдарына, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына, монополияға қарсы органға және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Қазақстан Республикасының осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.
Салықтық құпияны құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тәртібі мен тізбесі уәкілетті органмен бірлескен актілерде белгіленеді;»;
9-тармақтың 6) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 43-баптың 5-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес;»;
9-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 52-баптың бірінші абзацындағы «1.» деген цифр алып тасталып, 4) тармақшасындағы «тиісті тіркеуші органда» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 59-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы баптың 12-тармағында көрсетiлген тарату балансы ұсынылғаннан және осы баптың 13-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын тіркеуші органға осы Кодекстiң 100-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.»;
9-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 60-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы баптың 9-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын тіркеуші органға осы Кодекстiң 100-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.»;
10) 68-бап бірінші абзацы «Салықтық» деген сөздің алдынан «1.» деген цифрмен толықтырылып, мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) жүзеге асырылатын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) қағидалары мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.»;
11) 69-баптың 3-тармағы 7) тармақшасындағы «бақылау жүзеге асырылады.» деген сөздер «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) құзыреттер шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымын бақылау жүзеге асырылады.»;
9-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 76-баптың 15, 16 және 19-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы баптың 1 - 14-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға электрондық хабарлама жібереді.
16. Тіркеуші орган салық органдарының электрондық хабарламасы алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органдарына осы баптың 1 - 14-тармақтарында көрсетілген бейрезиденттерге сәйкестендіру нөмірінің берілгені туралы электрондық хабарлама жібереді.»;
«19. Осы баптың 1 - 14-тармақтарында көрсетілген, сәйкестендіру нөмірлері бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органының сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында тіркеуші органға электрондық хабарлама жіберуі жүргізілмейді. Бұл ретте осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.»;
9-тармақтың 13) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13) 78-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органы осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 3) - 11) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастау мақсатында тіркеуші органға және ішкі істер органына:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электрондық хабарламаны тіркеуші органға уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер, банк хабарламасы, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
9-тармақтың 14) тармақшасының бірінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 82-бапта:
9-тармақтың 14) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың төртінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жаңадан құрылған резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін солар арқылы жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер - тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;»;
9-тармақтың 14) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.»;
9-тармақтың 14) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 114 184 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған ақпараттық жүйе міндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды.»;
15) 84-баптың 1-тармағындағы «тіркеуші органның» деген сөздер «салық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16) 93-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:
екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;
уәкілетті мемлекеттік органдарға - мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;
тіркеуші органға - Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.»;
9-тармақтың 17) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 96-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарады және оны салық төлеушiге мынадай тәсілдерінің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
2) электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді;
3) оны салық төлеушіге қолын қойдыра отырып табыс етеді.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде - салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
шешім пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілгенде - оны келу тәртібімен алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім табыс етілген (алынған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) оған жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауы жүргізіледі.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімді жіберген салық органына жіберуге тиіс.
4-2. Осы баптың 4-1-тармағында белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша қалпына келтіреді.
Шағымды қарайтын салық органы шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім жіберілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігін дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім жіберілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген адамдар болмаған уақытта оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздігін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
Салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын қанағаттандырады.
4-3. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ол осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімге шағым берген кезде:
1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;
2) сот шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.»;
9-тармақтың 18) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
18) 100-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тіркеуші органға - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
9-тармақтың 19) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 118-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы «жағдайда -» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 96-бабының 4-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 20) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 120-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсаттары үшін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері деп пайдаланылуын тоқтату немесе тоқтата тұру елді мекендер мен аумақтардың инженерлік инфрақұрылымы қызметінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының құрылысжайлары, технологиялық қондырғылары мен агрегаттары түсініледі.»;
9-тармақтың 21) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 130-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда ең көп жылдық жиынтық кірісі бар және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты немесе теңіз кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жыл сайынғы төленген салықтар сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге тиісті жылдың соңына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын салық төлеушілер жатады.
Бұл ретте жыл сайынғы төленген салықтар сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге тиісті жылдың алдындағы күнтізбелік үш жылдың әрқайсысы үшін айқындалады;»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің бекітілген тізбесі бекітілген жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күнінен бастап екі жыл бойы қолданыста болады. Бұл тізбе осы баптың 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын шарттар өзгерген жағдайларды қоспағанда, оның қолданылу кезеңі ішінде қайта қаралуға жатпайды.»;
22) 142-баптың 1-тармағы 24) тармақшасындағы «орындамау мәселелерi бойынша жүргiзетiн тексеру болып табылады.» деген сөздер «орындамау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) заңнамасына сәйкес міндетті таңбалауға жататын тауарлар бойынша тауарда сәйкестендіру құралының болуы және оның төлнұсқалылығы мәселелерi бойынша жүргiзетiн тексеру болып табылады.»;
9-тармақтың 23) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 145-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодекстiң 96-бабында айқындалған тәртiппен салық органдарының камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын орындамаған жағдайда;
Осы тармақшаның ережесі осы Кодекстің 96-бабының 4-1-тармағында көрсетілген кезеңде және жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган немесе сот осы Кодекстің 96-бабының 4-тармағында көрсетілген шешімге шағымды қараған кезеңде қолданылмайды.»;
9-тармақтың 24) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 152-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі осы тармақтың талаптары:
осы Кодекстiң 393-бабының 2-тармағында көрсетілген;
9-тармақтың 24) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
осы Кодекстiң 433-бабына сәйкес бақылау шоттарын пайдаланатын;
осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушiлерге қолданылмайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Салықтық тексеру аяқталған күнге:
1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған;
2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша «Пирамида» талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;
3) қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған;
4) қарсы тексеру жүргізудің, оның ішінде: