он бірінші бөліктегі «есептіліктің күнделікті» деген сөздер «есептілік» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 284-бап мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктермен толықтырылсын:
«19. Фискальдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кіріс органдарына беру тәртібін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
20. Осы баптың он тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
фискальдық деректер операторына бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«22-тарау. Өсімдіктерді қорғау мен өсімдіктер карантині, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнім өндіру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
7) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде шекті сауда үстемесін сақтамау
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде шекті сауда үстемесін сақтамау -
заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «405 (бірiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
9) 724-баптың бірінші бөлігіндегі «230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «405 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «405» деген цифрлармен ауыстырылсын;
11) 804-баптың бірінші бөлігінің 47) тармақшасындағы «405 (бiрiншi бөлiгi),» деген сөздер алып тасталсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94- құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 238-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«238-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру»;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші орган) жүзеге асырады.»;
3) 102-баптың 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін органмен өзара іс-қимыл жасайды;»;
«3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіреді;
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;
5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;»;
4) 112-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы тараудың ережелері салық, кеден, қаржы саясаты, статистикалық қызмет саласында бар, сондай-ақ бір реттеу субъектісіне қолданылатын ақпараттық құралдарға қолданылмайды.»;
5) 124-5-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.»;
6) 124-6-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды:
шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалмауына;
шекті бағаларда ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражаттың пайдаланылмауына;
шекті бағаларда ескерілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуіне;
табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан асып кетуге байланысты алынған кіріс мөлшерінде төмендетеді;»;
7) 124-7-баптың 3-тармағы «осы Кодексте» деген сөздерден кейін «және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 124-8-бапта:
1) тармақшада:
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«жарты жылдың, жылдың қорытындылары бойынша, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей;
бағаларға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде электрондық нысанда;»;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты растайтын материалдарын қоса бере отырып, есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей ұсынуға;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы ақпаратты кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын электрондық нысанда беруге;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында мыналарды:
осы Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;
шекті бағада ескерілген, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуі нәтижесінде алынған кіріс туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;
шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;
тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды асыру туралы ақпаратты және негіздеуші материалдарды олар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісу үшін жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыруға;»;
9) 137-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі «саласындағы» деген сөзден кейін «, табиғи монополиялар салаларындағы, осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 138-бап 114) тармақшасындағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 115) тармақшамен толықтырылсын:
«115) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға қатысты өндіріс пен айналым саласында жүзеге асырылады.»;
11) 141-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «1), 2) және 4) тармақшаларына» деген сөздер «1), 2), 4) және 7) тармақшаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың он бірінші бөлігі 6) тармақшасындағы «жүзеге асырылған жағдайларда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге қолданылмайды.» деген сөздер «жүзеге асырылған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) табиғи монополиялар салаларындағы, осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылау жүзеге асырылған жағдайларда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге қолданылмайды.»;
7-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 144-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн тізбеленген негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметті әділет органдарында немесе тіркеуші органда тiркелместен жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.»;
13) 175-бапта:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Биржалық тауарлардың тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан бағасы, егер мұндай баға осы Кодексте шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде белгіленбеген жағдайда, монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық жоғары (төмен) деп танылмайды.
Егер биржалық тауардың бағасы қаралып отырған кезеңде тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиiсінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан бағадан аспаған жағдайда, ол монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық жоғары деп танылмайды.
Монополиялық жоғары (төмен) бағаны белгілеу фактісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру арқылы анықталады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың монополиялық жоғары бағасын айқындау кезінде ұқсас тауардың әлемдік және қазақстандық нарықтарында белгіленген бағалардың биржа және биржадан тыс индикаторлары ескеріледі.»;
7-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
14) 200-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, нарық субъектiлерiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның келiсуiмен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.»;
15) 238-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«238-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру
1. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырады.
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырылады.
3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
16) 292-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тiркеледi.
Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы құжаттамаға және (немесе) жобалау құжаттамасына басшының қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.».
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) мазмұнында:
39-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, консультантқа, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тараудың, 56-1, 56-2-баптардың, 11-1-тараудың, 133-1, 133-2 және 133-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«5-1-тарау. Істі қарауға қатысатын өзге адамдар
56-1-бап. Консультант
56-2-бап. Сот отырысының хатшысы»;
«11-1-тарау. Электрондық сот ісін жүргізу ерекшеліктері
133-1-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу форматы
133-2-бап. Электрондық құжаттар
133-3-бап. Техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы сот отырысына қатысу»;
2) 31-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «босату туралы» деген сөздерден кейін «, кепілге салынған жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды қолдану, жылжымайтын мүлік кепілінің шартын тоқтату не жарамсыз деп тану туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 39-бапттың тақырыбы, бірінші және үшінші бөліктері «аудармашыға,», «аудармашының,», «аудармашы,» деген сөздерден кейін тиісінше «консультантқа,», «консультанттың,», «консультант,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 46-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Іске қатысу осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен техникалық байланыс құралдары пайдаланыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.»;
5) 56-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз бастамасы бойынша, іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша іс бойынша жазбаша қорытынды беру үшін процеске кірісе алады.»;
6) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
«5-1 тарау. Істі қарауға қатысатын өзге адамдар
56-1-бап. Консультант
1. Істі қалыптастыруды қамтамасыз ететін, судьяның сот процесін дайындауға және ұйымдастыруға бағытталған заңды тапсырмаларын орындайтын мемлекеттік қызметші консультант болып табылады.
2. Консультант:
1) азаматтық іс материалдарының жүргізілуін және тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге;
2) істі мәні бойынша шешетін сот актілерін қоспағанда, судьяның тапсырмасы бойынша процестік құжаттардың жобаларын дайындауға;
3) соттың ұйғарымдарын орындау бойынша сұрау салуларды жіберуге және басқа да әрекеттерді жасауға;
4) іске қатысатын адамдарды істің материалдарымен таныстыруға, осы Кодексте көзделген жағдайларда оларға сот актілерінің және басқа да құжаттардың көшірмелерін жіберуге;
5) осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтай отырып, істі апелляциялық сатыға жіберуге;
6) істі архивке беруді қамтамасыз етуге;
7) судьяның тапсырмасы бойынша сот процесін дайындауға және ұйымдастыруға бағытталған өзге де әрекеттерді жасауға міндетті.
3. Консультант өз өкілеттіктерін іске асыру кезінде сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі фукцияны орындауға, іске қатысатын адамдардың құқықтары мен міндеттерінің туындауына, өзгеруіне не тоқтатылуына әкеп соғатын әрекеттерді жасауға, процестік құжаттардың жобаларын дайындаумен, жабық сот отырысына қатысумен байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын кез келген мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
Консультант судьяның тапсырмасы бойынша сот отырысы хатшысының өкілеттігін жүзеге асыра алады.
56-2-бап. Сот отырысының хатшысы
1. Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай-ақ сот отырысын аудио-, бейнетіркеуді жүргізетін мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады.
2. Сот отырысының хатшысы:
1) оның хаттама жасауды қамтамасыз етуі қажет болатын барлық уақытта сот отырысының залында болуға және төрағалық етушінің рұқсатынсыз сот отырысынан шығып кетпеуге;
2) соттың әрекеттері мен шешімдерінің, сот отырысына қатысатын барлық адамның өтінішхаттарының, қарсылықтарының, түсініктемелерінің, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайлардың хаттамаға толық және анық бекітілуін қамтамасыз етуге;
3) сот отырысының хаттамасын осы Кодексте көзделген мерзімдерде және қағидалар бойынша жазбаша немесе электрондық нысанда жасауға;
4) төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға;
5) өзінің жабық сот отырысына қатысуына байланысты белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын кез келген мәліметтерді жария етпеуге;
6) сот приставы болмаған кезде сот залында тәртіпті қамтамасыз етуге;
7) осы Кодексте белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.»;
7) 59-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы «прокурормен,» деген сөзден кейін «консультантпен,» деген сөзбен толықтырылсын;
8) 77-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Маманды тағайындау туралы - істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда, ал сот отырысы барысында сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.»;
«4. Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнайы білімін, дағдылары мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, процестік әрекеттерді жүргізуге және сот талқылауына қатысуға; консультациялар беруге; өзі орындайтын әрекеттер бойынша, оның ішінде техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып түсініктер беруге міндетті. Барлық туындаған мәселелер бойынша маманның қорытындысы сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынылуға тиіс.»;
9) 79-баптың екінші бөлігі «жазбаша арызда» деген сөздерден кейін «не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 1-бөлім мынадай мазмұндағы 11-1-тараумен толықтырылсын:
«11-1 тарау. Электрондық сот ісін жүргізу ерекшеліктері
133-1 бап. Азаматтық сот ісін жүргізу форматы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу талап қоюшы таңдаған сотқа жүгіну тәсіліне қарай қағаз немесе электрондық форматта жүргізіледі.
2. Сот тараптардың пікірін және процесті жүргізудің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сот ісін жүргізу форматын өзгерте алады, бұл туралы уәжді ұйғарым шығарады.
3. Сот ісін электрондық форматта жүргізу кезінде электрондық азаматтық іс қалыптастырылады.
Бұл ретте соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылған электрондық сот актісі сот актісінің төлнұсқасы болып табылады.
4. Сот ісін жүргізу форматы өзгертілген кезде, іс материалдары тиісті форматқа өзгертіледі және оларды судья куәландырады.
133-2-бап. Электрондық құжаттар
1. Соттың, iске қатысатын адамдардың процестік актілері мен әрекеттерi электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресiмделуi мүмкiн. Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында электрондық құжатты пайдалануға жол берілмейтін жағдайларды қоспағанда, жазбаша нысандағы құжаттармен бірдей мәнге ие.
2. Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптарды және оның соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде айналыс тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып айқындайды.
133-3-бап. Техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы сот отырысына қатысу
1. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот отырысына өздері мәлімдеген өтінішхат бойынша немесе соттың бастамасы бойынша техникалық байланыс құралдарын пайдалау арқылы қатыса алады.
2. Сот отырысына қатысу үшін пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары төрағалық етушінің іске қатысатын адамның жеке басын анықтау, сондай-ақ өкілдің өкілеттіктерін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Мұндай техникалық мүмкiндiк болмаған кезде сот отырысына қатысу құқығын іске асыруды iске қатысатын адамның тұрғылықты жерi бойынша сот қамтамасыз етедi.
3. Егер әскери қызметшілердің, емдеу мекемелеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі, сондай-ақ күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың іске қатысуын қамтамасыз ету үшін осы мекемелердің техникалық байланыс құралдары пайдаланылатын жағдайда, онда жеке басты анықтау, істі қарайтын соттың оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіргені және оларды бұзғаны үшін жауаптылық туралы ескертілгені жөнінде қолхат алу осы мекемелер әкімшілігінің жәрдемімен жүзеге асырылады.
Сот отырысына қатысатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ оның қолхатының куәландырылған көшірмелері алынған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей, іс материалдарына қосып тігу үшін істі қарайтын сотқа жіберіледі.
4. Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану тәртібін, оларға қойылатын талаптарды соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.»;
11) 151-баптың бірінші бөлігі 3) тармақшасындағы «белгілі болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.» деген сөздер «белгілі болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сол тараптар арасында, сол нысана бойынша және сол негіздер бойынша жасалған атқарушылық жазба болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.»;
12) 202-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот іске қатысатын адамдардың түсініктемелерін техникалық байланыс құралдарының көмегімен алуы, ал дәлелдемелерді зерттеуі мүмкін.
Сот тапсырмасы бойынша дәлелдемелерді зерттеуді осы адамдардың немесе дәлелдемелердің тұрған жері бойынша сот жүзеге асырады.»;
13) 219-баптағы «жазбаша» деген сөз алып тасталсын;
14) 249-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «ұсынуын» деген сөзден кейін «борышкердің тұрғылықты (тұрған) жері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 414-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Істі апелляциялық шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындағанын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындамаған жағдайда, кемшіліктерді апелляциялық сатыдағы сот жоя алатын жағдайларды қоспағанда, іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылуы мүмкін.
2. Судья іс сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз бастамасы бойынша немесе іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша, істі қарауға дайындау тәртібімен осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді жүргізуге құқылы.»;
16) 416-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«3. Егер бірінші сатыдағы сотта электрондық формат қолданылған болса, апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша іс жүргізуді осындай форматта жүргізеді.