3) 18-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
4) 20-бапта:
1-1-тармақ «куәландырылған мәміле» деген сөздерден кейін «, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік» деген сөздермен толықтырылсын.
2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нотариус мәмілені куәландырғаннан, мұраға құқық туралы куәлікті немесе меншік құқығы туралы куәлікті бергеннен кейін:»;
5) 23-бапта:
1-тармақтағы «Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында» деген сөздер «Осы баптың 1-1, 1-2, 1-3 және 2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш иесінің қалауы бойынша, тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.».
36. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат):
3-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасында биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша бақылау жүзеге асырылмайды.».
37. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 126-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
1-1), 2), 3), 5), 7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) биржалық брокер (бұдан әрi - брокер) - тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
2) биржалық дилер (бұдан әрi - дилер) - тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
3) биржалық сауда - тауар биржасында электрондық нысанда биржалық сауда-саттықтар өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды, стандартталмаған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;»;
«5) биржалық сауда-саттықтар - биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар, стандартталмаған тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;»;
«7) биржалық тауар - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келеді, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, түрлі өндірушілерден шыққан бірін-бірі толық алмастыратын қасиетке ие партиялар, сондай-ақ мерзімді келісімшарт;»;
«9) бұйрық - клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат;»;
9-2) тармақша алып тасталсын;
10), 11-1), 11-2) және 14-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;»;
«11-1) кросс-мәміле - брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі - биржалық мәмілелер сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде анонимді түрде жасалатын, ал биржалық немесе стандартталмаған тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;»;
«14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым - брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым;»;
мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
«14-2) сақтандыру қоры - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры;»;
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) стандартталмаған тауар - биржалық тауарларды, жылжымайтын мүлiкті және зияткерлік меншiк объектілерін қоспағанда, айналымнан алынбаған немесе айналымы шектелмеген, тауар биржасы биржалық саудаға жiберген тауар;»;
мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын;
«16-2) стандартты аукцион режимі - стандартталмаған тауарлар бойынша биржалық мәмілелер төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында сатып алушы (сатушы) - аукционның бастамашысы үшін ең үздік баға бойынша жасалатын сауда режимі;»;
2) 4-бапта:
2-2) және 3-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) биржалық тауарлардың тізбесін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;»;
«3-5) тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 4-1), 5-1), 6-1), 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
«5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;»;
«6-1) тауар биржасындағы брокерлерді және (немесе) дилерлерді аккредиттеу қағидаларын келіседі;»;
«10-1) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
10-2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi;»;
37-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 8-баптың 1-тармағындағы «әділет органдарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» деген сөздермен ауыстырылсын.
4) 10-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауар биржасының мүшелерін аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібін;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
3-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ брокерлер мен дилерлердің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз етуін;»;
5) 13-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды;
2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды;
2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді;
2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржалық сауда қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.»;
6) 13-2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) өзінің интернет-ресурсында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің жаңаланған тізбесін орналастыруға міндетті.
Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы, орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, тауар биржасына тауар биржасының мүшелерінен ақпарат келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тауар биржасы тізбені жаңартады;»;
7) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:
1) биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;
2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;
3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.»;
8) 15-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Биржалық сауда-саттық мынадай сауда режимдерінде жүргізіледі:
1) стандартты аукцион режимі;
2) қосарланған қарсы аукцион режимі.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) стандартталмаған тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша аукцион өткізу;»;
«5) аукцион қорытындылары бойынша стандартталмаған тауардың биржалық мәміле жасалатын бағасын қалыптастыру және оны төмендетуге арналған аукционға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең төмен баға және жоғарылатуға арналған аукционға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең жоғары баға ретінде айқындау;»;
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «адрестік мәміле және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Тауар биржалары стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілердің жеке есебін жүргізеді.»;
9) 17-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым тауар биржасының клирингтік орталығы болып табылады. Бұл ретте шетелдік заңды тұлғаның тауар биржасына оның клирингтік орталығы функцияларын орындай отырып, клирингтік қызмет көрсетуіне жол берілмейді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
10) 19-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет тауар биржасында аккредиттеу негізінде жүзеге асырылады.
Тауар биржасында аккредиттеуден теріс себептер бойынша шығарылған кезде, брокерлер және (немесе) дилерлер екі жыл бойы басқа тауар биржаларында аккредиттеле алмайды.»;
«3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік қызметтер көрсету туралы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын шарттың негізінде туындайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жеке тұлға екі және одан көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы бола алмайды.»;
11) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
«19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)
1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін осы Заңға, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына, стандарты мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.
3. Брокерлер немесе дилерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Брокерлер мен дилерлер тек бір өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) бола алады.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдау және ондағы мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, стандарты мен қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдаудан бас тарту, мүшелерінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Мүшелердің (қатысушылардың) басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, өзін-өзі реттейтін ұйым үш жұмыс күні ішінде тізбені жаңартады.
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органмен келісілген қағидаларында айқындалады.
7. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) мынадай негіздер бойынша:
1) брокердің және дилердің өтініші бойынша;
2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды, биржалық сауда қағидаларын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше рет бұзған жағдайда тоқтатылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігі (қатысуы) теріс себептермен тоқтатылған мүшелері (қатысушылары), сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімде биржалық саудаға қатыса алмайды.
8. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.»;
12) 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы
1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды - клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүддесі үшін және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
2. Брокер клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.
21-бап. Тауар биржасында брокер мен оның клиенттерінің арасындағы қатынастар
Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржалық сауданы бұзушыларға шаралар қолданады.»;
13) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Брокерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.»;
14) 25 және 27-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерістер және профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
«27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тауар биржалары саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.
5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырыс хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ұсынымды жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.».
38. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 5-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту.
Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.»;
2) 7-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi тиiсiнше тексеруі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы мониторингi субъектiлерi ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осындай шаралар іскерлік қатынастар орнатылған кезде қабылданған жағдайды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген шараларды қабылдайды.»;
3) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат жинау»;
1-тармақ алып тасталсын.
39. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
1) 2-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) электрондық коммерцияда тұтынушылардың заңды мүдделерінің басқа сауда нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қорғалуын қамтамасыз ету;»;
2) 24-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық саудада сатушы сатып алу-сату шартын жасасу алдында тұтынушыға тауарға ақы төлеу рәсімі және оның құны туралы ақпарат беруге міндетті.»;
3) 25-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпарат тұтынушының назарына тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілетін құжаттамада, тұтыну ыдысында, затбелгілерде немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге тәсілмен қазақ және орыс тілдерінде жеткізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тауарды электрондық сауда арқылы өткізу кезінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құны мен шарттары туралы ақпарат, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, өнімнің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды жекелеген аурулар кезінде қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен тұтынушының назарына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жеткізіледі.
Сатушы электрондық сауда мақсатында пайдаланатын интернет-ресурста тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы мәліметтер қамтылған интернет-ресурстарға сілтемелерді орналастыруға жол беріледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тауарды үлгі және (немесе) сипаттама бойынша сату кезінде, сондай-ақ тауарды электрондық саудада өткізу кезінде сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес келетін тауарды беруге міндетті.»;
4) 28-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сатушы тауарды электрондық саудада өткізген кезде, техникалық өткізу жағдайында тұтынушыға тауарды және сатушыны бағалау немесе түсіндіру (тауар және сатушы туралы пікір қалдыру) мүмкіндігі берілуге тиіс.»;
5) 30-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «клеенканы қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «клеенканы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
7-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тауар үшін төленген ақшаны тұтынушыға қайтару кезінде сатушы (дайындаушы) одан тауардың толық немесе ішінара пайдаланылуы, оның тауарлық түрін жоғалтуы немесе басқа да осындай мән-жайлар себепті тауардың құны төмендеген соманы ұстап қалуға құқылы емес.
Кемшіліктері бар тауарды дәл сондай маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыру кезінде бағаны қайта есептеу жүргізілмейді.
Шартты бұзу кезінде тұтынушымен есеп айырысулар тауардың сатып алу кезіндегі бағасын негізге ала отырып жүргізіледі.»;