2) 3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерін аяқтау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартатын уәкілетті ұйымдардың қызметіне қолданылмайды.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы «Кепілдік беру қорын» деген сөздерден кейін «және уәкілетті ұйымдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11-2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі.»;
5) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзінің аудиторлық қорытындымен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы екі қаржы жылында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания Кепілдік беру қорына өтінім берілгенге дейін осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген аяқталмаған құрылыстағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына толық көлемде ақы төлеуге және ол тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерімен расталуға тиіс.»;
6) 9-баптың 4-тармағындағы «бір жер учаскесінде (бөліп беруде)» деген сөздер алып тасталсын;
7) 12-баптың 1-тармағы «уәкілетті компанияның» деген сөздердің алдынан «тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 19-баптың 10-тармағы «міндеттемелері бойынша» деген сөздерден кейін «үлескерлер алдында» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 20-баптың 8-тармағының 3) тармақшасындағы «бес пайызынан аспайтын» деген сөздер «он пайызынан аспайтын» деген сөздермен ауыстырылсын.
52. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
52-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 17-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «әділет органдарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» деген сөздермен ауыстырылсын;
52-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 25-баптың 10-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен банктер мен мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасасуы арқылы мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығын есепке алуға арналған ағымдағы шоттарды иеленушілер туралы мәліметтерді, олардың ашылуы және жабылуы, осындай шоттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты береді.».
53. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 124-құжат):
2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.».
54-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
54. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағындағы «әділет органдарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «әділет органдарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» деген сөздермен ауыстырылсын.
55. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
55-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
2) тармақшадағы «412-баптың 5-тармағының 12) тармақшасын,» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы «абзацын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.» деген сөздер «абзацын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 412-баптың 5-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.»;
2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Салық кодексінің 41-бабының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«41-бап. Мемлекеттік мекемелердің және жекелеген заңды тұлғалар санаттарының мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) немесе осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық міндеттемелер сенімгерлік басқарушының орындауына жатады.
2. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтар және жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы:
ұлттық басқарушы холдинг немесе
ұлттық компания немесе
дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға болып табылса,
немесе
жарғылық капиталға қатысу үлестерінің елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға болып табылса;
2) сенімгерлік басқаруға алынған мүлік халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сенімгерлік басқарушыда негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құрамында есепке алынуға жататын болса, орындауға құқылы.
3. Сенімгерлік басқарушы, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді:
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілетін жағдайда - мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайда - мүлікті сенімгерлік басқару шарты (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті) жасалған күннен бастап орындайды.
4. Сенімгерлік басқарушы:
егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді өз атынан, қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен орындайды;
мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде салықтық міндеттемені орындау мақсатында осы Кодекстің 194-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
5. Егер мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік мекеменің мүлкі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сенімгерлік басқарушыда негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құрамында есепке алынбайтын жағдайда, онда мұндай мүлікті қабылдап алу-беру актісінде мұндай мүліктің акт жасалған күнге баланстық құны көрсетілуге тиіс.»;
55-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-баптың жиырма жетінші абзацы «талап қоюдың» деген сөздердің алдынан «осындай хабарламада көрсетілген мәселе бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
55-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 22-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Салық кодексінің 166-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:»;
2) тармақшада:
отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;»;
мынадай мазмұндағы отыз бесінші - қырық бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
11) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда - қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша мөлшерлеме көрсетіле отырып, қосылған құн салығының сомасы;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайы;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) 23-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Салық кодексінің 167, 168 және 169-баптарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы баптар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:»;
6) мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2, 32-1 және 32-2-баптармен толықтырылсын:
«31-1-бап. Салық кодексінің 268-бабы 7-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушіні бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыруға байланысты тіркелген актив алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылмайтын шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде осындай активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар есепке алына отырып, осындай активтің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны оның бастапқы құны болып табылады.
Берiлетiн тiркелген активтердiң салықтық есепке алу деректерi бойынша құны осы Кодекстiң 270-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген жағдайда, бірігу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе өзіне басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осындай құнға ұлғайтылады.
Берiлетiн тiркелген активтердiң салықтық есепке алу деректерi бойынша құны осы Кодекстiң 270-бабы 6-тармағының екінші және үшiншi бөлiктерiне сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген жағдайда, осындай құн Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу арқылы немесе қайта ұйымдастырылу күнінде ірі салық төлеушілер мониторингінде болған заңды тұлғадан бөлініп шығу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансына қосылады.».
31-2-бап. Салық кодексінің 270-бабы 6-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтер бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілген активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құнына азайтылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес заңды тұлғаны бөлініп шығу арқылы немесе қайта ұйымдастырылу күнінде ірі салық төлеушілер мониторингінде болған заңды тұлғадан бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ бірігу, қосылу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін, беру актісінде берілетін тіркелген активтердің қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша құнын:
1) I топтың тіркелген активтері бойынша - тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнын;
2) II, III, ІV топтардың тіркелген активтері бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - топтың құндық балансының осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген шамасын көрсетуге құқылы. Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 194-бабында көзделген бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын топтардың құндық баланстарына қатысты да қолданылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, бірігу, қосылу, сондай-ақ бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілетін тіркелген активтердің осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша құнына азайтылады.».»;
«32-1-бап. Салық кодексінің 294-бабы 1-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлға:
1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі:
Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаны қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген ұйымның өзге нысанын қоспағанда, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге шетелдік нысаны (бұдан әрі - ұйымның өзге нысаны) болып табылса;
2) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келсе:
тұлғаға қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25 және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаға (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында - резидент) тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі болса;
тұлға резидентпен бақылау арқылы байланысты болса (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда);
3) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келсе:
осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған, бейрезидент-заңды тұлғаның немесе ұйымның өзге нысанының пайдасына салынатын салықтың тиімді мөлшерлемесі 10 пайыздан азды құраса;
бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны немесе оның құрылтай құжаты (құрылуы туралы құжаты) немесе өзіне осындай ұйымның өзге нысаны бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алуды жүргізу немесе активтерді басқару жүктелген қатысушы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелсе, бақыланатын шетелдік компания болып танылады.
Бақыланатын шетелдік компанияны айқындау мақсаттарында «бақылау» ұғымы осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалады.».
32-2-бап. Салық кодексінің 297-бабы 4-тармағының және 10-тармағы 6) тармақшасының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Резиденттің растайтын құжаттары болған кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай соманы есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған, топішілік операциялардан болатын пайда (залал) сомасына, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлеске азайтылған еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) сомалары. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамалық актілерінде шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай, еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау жөнінде міндеттеме белгіленген жағдайда қолданылады;
2) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен, Қазақстан Республикасында 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған салық салынатын кірісі;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
3) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) түскен кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
4) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
Д - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтер;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
5) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
6) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік бір компания бақыланатын шетелдік басқа компаниядан алған дивидендтер сомасы. Егер бақыланатын шетелдік бір компанияның қаржылық пайдасы бұдан бұрын Қазақстан Республикасында осындай бақыланатын шетелдік басқа компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасына немесе осы тармақшаға сәйкес азайтылған осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
«6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын қолдану үшін:
резиденттің бақыланатын шетелдік екі компаниясының арасында дивидендтердің бөлінгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына резиденттің бақыланатын шетелдік басқа компаниясы төлеген (төлейтін) дивидендтердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) ішкі құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығының есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
шоғырландырылған топтың барлық қатысушысының толық атауы, резиденттік елі және қатысу үлестері (дауыс беретін акциялары) көрсетілген құрылымын айқындайтын құжаттар. Осындай құжаттармен қатар сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) үзінді-көшірме немесе шоғырландырылған топтың қатысушысы тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге ұқсас құжат ұсынылады.
Осы баптың 3 немесе 4-тармақтарының ережелерін қолданатын резидентте осы тармақта көрсетілген құжаттар немесе олардың көшірмесі бар болуға тиіс.».»;
55-тармақтың 7) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 33-баптың 2) тармақшасында:
сексен төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мүгедекке тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруі кезінде алынған материалдық пайда. Бұл ретте осы абзацтың ережесі:»;
мынадай мазмұндағы сексен бесінші және сексен алтыншы абзацтармен толықтырылсын: