2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өзiнiң жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесiне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтiк тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін пайдаланады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Теміржол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Теміржол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-1. Халықаралық теміржол қатынасы кезінде құжаттарды ресімдеу халықаралық жолаушылар және жүк теміржол қатынастарында теміржол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Теміржол көлiгiнiң ортақ және жеке пайдаланылатын объектiлерi
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Магистральдық теміржол желісі жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.
Мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Магистральдық темiржол желiсiне жатпайтын темiржолдар жеке пайдалану объектiлерi бола алады және жеке меншiкте, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жеке меншікте бола алады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессионерге концессия шарттары бойынша теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының қолданылу мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар және теміржол көлігі объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін магистральдық теміржол желісінің құрамына енгізілмейді.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Теміржолдарды сыныптау
Теміржолдарды сыныптау тәртібін уәкілетті орган жолаушы және жүк поездары қозғалысының жүк сыйымдылығы мен рұқсат етілетін ең жоғары жылдамдықтарының үйлесімділігіне қарай айқындайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды
5-2-бап. Ұлттық теміржол компаниясы мен магистральдық теміржол желісін басқару ерекшеліктері
1. Ұлттық инфрақұрылым операторына берілген магистральдық теміржол желісін, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторының акцияларын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде Ұлттық теміржол компаниясының тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы Ұлттық теміржол компаниясының акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Магистральдық теміржол желісі
1. Тасымалдаушылар магистральдық теміржол желісі бойынша тасымалдауларды Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Тасымалдаушы магистралдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
3. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу құқығын Ұлттық инфрақұрылым операторы береді.
Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне кемсiтушіліксiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісін пайдалануға тең құқық беруге мiндеттi.
Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтiп-ұстауды және жаңғыртуды, салуды жүзеге асырады.
Жаңа магистральдық жолдар салу уәкілетті органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Магистралдық теміржол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық
Магистралдық теміржол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидасында, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 6-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-2-бап. Теміржол қатынастарының түрлері
1. Теміржол қатынастары мынадай түрлерге:
1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;
2) жүк тасымалдау болып бөлінеді.
2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау:
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.
3. Әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша республикаішілік жолаушылар мен жүк тасымалдау:
1) облысаралық - әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі станциялар арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;
2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдау;
3) қала маңындағы - тиісті аумақтарда қала маңындағы аймақтардың бекітілген шекаралары шегінде қаланы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдаулар болып бөлінеді.
4. Жүктерді тасымалдау:
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі теміржол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Теміржол қатынасын тоқтату
Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтатуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Теміржол көлiгіндегі шарттар
1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi.
2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Вагондарды сатып алуды кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген шарттың заңнамаға сәйкес бұзылуы жағдайында уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және кредиттік қаражатты қайтару мен жолаушылар вагондарын сатып алуға берілетін қаржылық лизингті төлеу міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін жаңа тасымалдаушыны айқындай алады.
Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тасымалдаушыны айқындау тәртібі шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында белгіленеді.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды
2-3. Уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары мынадай міндеттемелер бойынша шарттар жасаса алады:
1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзақ мерзімді субсидиялау;
2) осы баптың 2-2-тармағының екінші абзацында көрсетілген тасымалдаушыны айқындау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттемелер.
3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртібі мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Теміржол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi.
Локомотивтiк тартқыш операторы шартқа сәйкес локомотивтік инфрақұрылым операторының қызметтерін пайдаланады.
Локомотивтік тартқыш операторы бірiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн ұлттық тасымалдаушыларға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу
Жылжымалы құрам мен жылжымалы құрамның кепілі уәкілетті орган белгілеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады.
Жылжымалы құрам мен оның кепілін мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
10-бап. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Сәйкестікті растау
1. Теміржол көлігінің қызметіне жататын өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды болып саналады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Тарифтер және ақы төлеу
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық инфрақұрылым операторының көрсетілетiн қызметтері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердiң) шекті деңгейлерін белгілейді. Жергiлiктi атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілейді.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан күшіне енеді); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Вагондарды сатып алуды кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттеудің немесе қаржылық лизингтің барлық мерзіміне бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.
3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.
13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру
Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келісімiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы.
2-тарау. Теміржол көлігіндегі басқару
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Теміржол көлiгіндегі мемлекеттік басқару
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң теміржол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Ұлттық теміржол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;
3) - 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
15-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тасымалдауды шектеу туралы, багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
17) - 22-4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2. Уәкілетті органның құзыретіне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) магистральдық теміржол желісінiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерінiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
4) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) теміржол көлiгiнiң жұмыс iстеу, оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттік бақылау;
6) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу тәртібін әзірлеу;
7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгiлеу;
8) қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистральдық теміржол желісінiң, теміржолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
9) теміржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекіту;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
11) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) теміржол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби үздік белгiсiмен марапаттау тәртібін бекіту;
13) қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;
15) теміржол көлігінде сигнализация жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
16) экспедиторлар қызметiн ұсыну тәртібін айқындау;
17) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртібін айқындау;
18) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртібін айқындау;
19) Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту;
20) магистральдық теміржол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар саласындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
22) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;
23) поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
24) Жүк және жолаушылар вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту;
25) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде теміржол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөніндегі қағиданы бекіту;
26-1) Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
27) Теміржол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту;
28) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар теміржол көлiгiндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;
29) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;
30) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;
32) поездар қозғалысына байланысты қызметтік терминдерді бекіту;
33) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
34) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34-1) теміржол көлігіндегі табиғи монополия және реттелетін нарықтар субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, отын, энергия шығыстарының, техникалық ысыраптарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;
34-2) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 34-3), 34-4), 34-5), 34-6), 34-7), 34-8), 34-9), 34-10), 34-11), 34-12), 34-13), 34-14), 34-15), 34-16), 34-17), 34-18), 34-19), 34-20), 34-21), 34-22), 34-23), 34-24) және 34-25) тармақшалармен толықтырылды
34-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
34-4) темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетті қамтамасыз ету тәртiбiн айқындау;
34-5) әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау;
34-6) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
34-7) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту;
34-8) жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту;
34-9) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
34-10) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту;
34-11) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту;
34-12) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
34-13) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
34-14) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34-15) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту;
34-16) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
34-17) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекiту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-18) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-18) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-19) тармақша жаңа редакцияда жазылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
34-19) тасымалдаушының әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларын бекiту;
34-20) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;