1) өтініш берушінің басқару органы бекіткен, жуырдағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
лицензияны алу мақсаттары;
қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегментіне шолу;
қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар;
қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері;
инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
инвестициялық комитет пен ішкі аудит қызметін қоса алғанда, өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;
2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдары мен жабдықтары болуы;
3) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы;
6) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақтандыру ұйымына бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
49-бап. Лицензиаттың сақтауға мiндеттi пруденциялық нормативтерi, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерi (нормативтерi)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Лицензиат бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң тиiстi түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген пруденциялық нормативтердi және қаржылық тұрақтылықтың сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін сақтауға мiндеттi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лицензиат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердiң, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң есептерiн, уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiп пен мерзiмде табыс етуге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Пруденциялық нормативтердiң түрлері, лицензиаттың сақтауы міндетті қаржылық тұрақтылықтың өзге де нормалары мен лимиттері, олардың мәндерін есептеу тәртібі және әдістемелері бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң әр түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Лицензиат уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның лицензиат сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары ұлттық басқарушы холдингке және дауыс беретін акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның талап етуі бойынша инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы Заңның 72-3-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Уәкілетті орган лицензиаттан пруденциялдық нормативтерді есептеу кезінде есепке алынатын активтерге бағалаушының бағалау жүргізуді және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде бағалау туралы есепті ұсынуды талап етуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша жүзеге асырылатын, лицензиаттың пруденциялдық нормативтерін есептеу кезінде есепке алынатын активтер құнын бағалауды бұрын осы активке бағалау жүргізген бағалаушы жүргізуге құқылы емес.
Лицензиат осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті активтің құны уәкілетті органға соңғы есепті күнге ұсынылған пруденциялық нормативтің есеп-қисабынан алып тасталады.
Пруденциалдық нормативтің есеп-қисабына енгізілген активтің құны осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бағалаушы айқындаған осы активтің құны сәйкес келмеген жағдайда, лицензиат уәкілетті органға бағалау туралы тиісті есепті қоса бере отырып, соңғы есепті күнге пруденциалдық нормативтің түзетілген есеп-қисабын ұсынады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 49-1-бап өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар органдарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауаптылығы;
2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
3) жасалатын операциялардың түрлері бойынша жеке алғанда жол берілетін тәуекелдер мөлшеріне лимиттер;
4) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдері;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлері қамтылуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
Осы баптың талаптары трансфер-агенттерге қолданылмайды.
50-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi лицензиялау
1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшiн лицензиялар берудiң талаптары мен тәртібі осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган қарайды және өтiнiш берушi мен ол табыс еткен құжаттар осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей лицензия бередi.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген негiздемелер бойынша лицензия беруден бас тартуға құқылы.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы анық емес мәлiметтер бар екенi белгілі болса, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің анық екендігін тексеру қажет болған кезде, уәкiлеттi орган ол құжаттарды қарау мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн және құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уәкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 51-бап өзгертілді
51-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру. Лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтату
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi орган:
1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз ақпарат анықталған;
2) лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттардағы өзгерістер туралы ақпарат берiлмеген;
3) осы Заңда белгiленген біліктілік талаптары сақталмаған;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4-9) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары орындалмаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) лицензиаттың қызметі процесінде осы Заңның 54-бабының талаптары сақталмаған;
5-1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-2) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) лицензияның қолданылуын ерiктi түрде тоқтата тұру туралы жазбаша өтiнiш болған;
7) жүзеге асыруға лицензия берiлген қызметтi алты және одан да көп ай iшiнде лицензиат жүзеге асырмаған;
8) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы мәлiметтердi мемлекеттік органдарға табыс ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған;
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) осы Заңның 53-бабына сәйкес лицензиаттар үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асырған;
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеген;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар бұзылған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы Заңның 72-3-бабында белгіленген мәжбүрлеу шараларын орындамаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) лицензиат аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімдерде жоймаған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген қызмет түрлерін жүргізуге арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрған (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына берілген лицензияға қатысты) жағдайларда, лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
1-1. Қор биржасының мүшесі қор биржасының қағидаларын тиісінше орындамауы немесе орындамауы себебінен қор биржасының мүшелігі тоқтатыла тұрған немесе оны жоғалтқан жағдайда, уәкілетті орган қор биржасы мүшесінің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы немесе лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Уәкiлеттi органнан лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Уәкiлеттi орган:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы, инвестициялық қорлар туралы заңнамасының нормаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асырылған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары жүйелi түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмаған;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-1) тармақша өзгертілді
3-1) осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
3-2) лицензиаттар ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) лицензиат өзіне берілген лицензияға сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырмаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-4) лицензиат аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімдерде жоймаған;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензиядан айыруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қолдануы.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша тоқтатылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Лицензиат уәкiлеттi органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алғаннан кейiн оның клиенттер алдындағы мiндеттемелерiн орындау тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және клирингтік қатысушы болып табылатын, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған лицензиаттың міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалануы есебінен орындайды.
Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және клирингтік қатысушы болып табылатын, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған лицензиаттың міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалануы есебінен орындайды.
52-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Лицензиаттар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор уәкiлеттi органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы анық және толық есептерді уақтылы ұсынуға мiндеттi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лицензиаттардың, орталық депозитарий мен бірыңғай оператордың есептілігінің тізбесі, нысандары, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері және тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес бағалы қағаздар нарығының субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу
1. Мынадай жағдайларды:
1) өз мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік етуді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) осы Заңның 53-2-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;
3) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет мәселелері жөніндегі арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлерінде өткізуді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, лицензиат қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қор биржасы осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа:
1) қор биржасының интернет-ресурсында қор биржасы мен оның мүшелері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жариялауды;
2) қор биржасының материалдық-техникалық құралдарын және өзге де жабдықтарын жалдауға (жалға) беруді жүзеге асыруға құқылы.