2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Мерзімді баспасөз басылымдарының, теле-, радиоарналардың, киноқұжаттаманың, дыбыс-бейне жазбасының және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың өзге нысанының қызметі бұқаралық ақпарат құралдары саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері бақылау субъектілері болып табылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау арқылы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді.
Ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып саналады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау күніне бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
5. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 1-2-тараумен толықтырылды
1-2-тарау. Республикалық және өңірлік деңгейлердегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың кейбір мәселелері
4-6-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия
1. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия құрылады.
2. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
2) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
3) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Уәкілетті орган Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені және оның құрамын, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекітеді.
4-7-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар
1. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар жанынан мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылады.
2. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
2) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның қарауына және ұсынымдар алу үшін жіберу;
3) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Өңірлік комиссия өз қызметінде мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 5-бап толықтырылды
5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тиесілі.
Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.
Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк негіз болып табылады.
Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының - заңды тұлғаның акцияларының (үлестерiнiң, пайларының) 20 пайызынан астамын шетелдiкдіктердің және шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурстарға қолданылмайды.
6-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі
1. Меншік иесі - бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі.
2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі тиісті шарт негізінде өзінің меншікті, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде іс-қимыл жасауға құқылы.
7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы
1. Редакция меншік иесінің тапсыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралын әзірлеуді және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асырады.
2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-1- тармақпен толықтырылды
2-1. Мыналар:
1) сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар;
2) тағайындау кезінде заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар;
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар;
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде бас редактор (редактор) бола алмайды.
3. Меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледі.
8-бап. Ақпарат агенттігі
1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға.
2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс.
3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті.
4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады.
9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері
1. Баспагер - бұқаралық ақпарат құралының өнімін өндіруді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2. Егер меншік иесі бұқаралық ақпарат құралының әрі баспагері болмаса, меншік иесі мен баспагердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жеке шартпен белгіленеді.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап жаңа редакцияда; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, ақпараттық агенттіктер міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
Интернет-ресурсты желілік басылым ретінде есепке қою ерікті түрде жүзеге асырылады.
2. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді.
3. Мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен алым алынады.
4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға жатады. Өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiне есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiк бередi не одан мынадай негiздер бойынша:
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны немесе қайта есепке алғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшiн алым төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке не желілік басылымға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым есепке қоюға мәлiмделген болса не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда бас тартады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды.
Ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша желілік басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқаны анықталса, уәкілетті органның шешімімен желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
Меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралын шығару тоқтатылады.
6. Мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініш
1. Мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiште:
1) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi, мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң - заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);
3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi;
4) негiзгi тақырыптық бағыты;
5) таралу аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.
2. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу кезiнде өзге талаптарды қоюға тыйым салынады.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 12-бап толықтырылды; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату
Таралымы:
- жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
- сот практикасының бюллетеньдерін.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Уәкілетті органда есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығару немесе тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламалардың, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын уақытша тоқтату, желілік басылымның қызметін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін уақытша тоқтата тұру түсiнiледi.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, бұқаралық ақпарат құралын не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін шығару соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дәл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға әкеп соғады.
Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дәл сол немесе қайталайтын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-тарау 13-1-баппен толықтырылды; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 13-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1-бап. Қор
Қор:
1) қазақстандық журналистерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жобаларды іске асырады;
2) республикалық және өңірлік форумдарды ұйымдастырады және өткізеді;
3) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) журналистика саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындауға және қазақстандық жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінің оқу бағдарламаларын қалыптастыруға қатысады;
6) масс-медиа саласында зерттеулер жүргізеді;
7) Қазақстанды халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асырады;
8) балалар арасында ақпараттық мәдениетті ілгерілетуді жүзеге асырады.
9) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)