Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық
ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
342-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттіктерін есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп тану туралы шешім шығарылғаннан кейін олардың өнімін, сондай-ақ хабарлары мен материалдарын тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының өнімі тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Телерадиохабарлар арналары бойынша мемлекеттік тілдегі хабарларды уақыты жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен аз тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының баспа өнімі немесе өзге де өнімі тәркілене отырып және шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Меншік иесі не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабардың тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнімін, сондай-ақ ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, көбейту және (немесе) тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.".
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 61-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым.";
2) мынадай мазмұндағы 76-1-тараумен толықтырылсын:
"76-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым
425-1-бап. Жалпы ережелер
1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым (бұдан әрі - алым) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде алынады.
2. Есепке қоюды Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
425-2-бап. Алымды төлеушілер
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес есепке қоюға жататын бұқаралық ақпарат құралын құрушы жеке немесе заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
425-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібi
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тиісті құжаттарды уәкілетті органға бергенге дейін төленеді.
2. Алым сомасы төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке енгізіледі.
3. Алымды төлеген тұлғалар уәкілетті органға тиісті құжаттарды бергенге дейін бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылмайды.
Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыруға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын, уәкілетті орган берген құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.".
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат):
46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым;".
4. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақшадағы "жарты жылда" деген сөздер "үш айда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "жылына" деген сөз "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 2-1-тармағының 3) тармақшасындағы "адамдар бас редактор (редактор) бола алмайды." деген сөздер "адамдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде бас редактор (редактор) бола алмайды.";
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою
1. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, WEB-сайттардан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары уәкілетті органда міндетті түрде есепке қойылуға тиіс.
2. Есепке қою, қайта есепке қою үшін бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не оның уәкілдік беруі бойынша әрекет ететін тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін арыз береді.
3. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалатын тәртіппен алым алынады.
4. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою туралы арыз түскен күнінен бастап он бес күн ішінде қаралуға тиіс. Арызды қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне есепке қою туралы куәлік береді не мынадай негіздер бойынша:
1) егер уәкілетті орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны туралы куәлік берген болса не оның аты бұрын құрылған бұқаралық ақпарат құралының атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас болса;
2) егер арыздың мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтін болса;
3) егер арыз бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл өтпей тұрып берілсе;
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) егер бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым төленбесе;
5) егер меншік иесінің ауысуына орай бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке қою туралы арызға бұқаралық ақпарат құралына меншік құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нотариалды түрде куәландырылған көшірме жазбасы қоса тіркелмесе;
6) егер есепке қоюға шығарылуын (эфирге шығуын) бұрын сот тоқтатқан бұқаралық ақпарат құралының атымен (атының бір бөлігімен) және тақырыптық бағытымен немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын бұқаралық ақпарат құралы мәлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде арыз берген жағдайда, есепке қоюдан бас тартады.
5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды.
Теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаның, ақпарат агенттігінің меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығаруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
Бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) сот тоқтатып қойған жағдайларды қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
6. Бұқаралық ақпарат құралы меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты, басылымның не хабардың тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға тиіс.";
4) 11-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 5) тармақшасындағы "аумағы көрсетілуге тиіс." деген сөздер "аумағы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) бас редактордың (редактордың) тегі, аты, әкесінің аты;
7) редакцияның мекенжайы көрсетілуге тиіс.";
екінші бөлікте:
екінші абзацтағы "құжат" деген сөз "құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері;";
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
"бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.".
2-бап. Осы Заңның 1-бабының 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2, 3-тармақтарын, 4-тармағы 3) тармақшасының оныншы абзацын және 4) тармақшасының он бірінші абзацын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-і.
№ 156-III ҚРЗ