жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында - жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады немесе беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралы жауапты жариялаудан, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілінің жауабында таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін өзгеше түрде бұзатын ақпарат қамтылған жағдайда, бас тартуға құқылы.
4. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат құралы мұндай жарияланымнан бас тартқан не бiр айдың iшiнде теріс шығаруды немесе жауапты жарияламаған жағдайда, сондай-ақ осы бұқаралық ақпарат құралы таратылған жағдайда, сотта қаралады.
5. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау үшін таратылатын теріске шығару не жауап:
1) жарыққа (эфирге) аптасына кемінде бір рет шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында - егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, теріске шығару туралы талап алынған күннен бастап екі тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығару кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында - егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады.
6. Ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн өзіне қатысты мәлiметтер таратылған азамат мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Іскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн өзіне қатысты мәлiметтер таратылған заңды тұлға мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың орнын толтыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен талап етуге құқылы.
5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері
20-бап. Журналистiң құқықтары
Журналистiң:
1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттік органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткізу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) журналист куәлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді білдірудің өзге де нысандары кезінде болуға;
5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 21-бап толықтырылды
21-бап. Журналистiң мiндеттерi
Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру жөніндегі шараларды қабылдауға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) егер мәліметтер ресми хабарларда көрсетілген және (немесе) оларды жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды таратуға келісімін алуға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1) 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 6-тараудың мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша «тіркеу», «тіркей», «тіркелген», «тіркеген», «тіркелуі», «тіркеуге», «тіркеуді» деген сөздер тиісінше «аккредиттеу», «аккредиттей», «аккредиттелген», «аккредиттеген», «аккредиттелуі», «аккредиттеуге», «аккредиттеуді» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
6-тарау. Журналистерді аккредиттеу
22-бап. Журналистердi аккредиттеу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратты иеленушілердің, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың келісімi бойынша олардың жанында өз журналистерiн аккредиттей алады.
2. Журналист аккредиттелген мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар оны өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар жөнiнде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жабық шара өткізу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, аккредиттелген журналистiң өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқығы бар.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың іскерлік беделіне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн.
5. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде аккредиттеу
Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралы иесiнің Қазақстан Республикасының және өздерi болған елдердiң заңдарында көзделген тәртiппен басқа елдерде тiлшiлер қосынын ашуға, журналистердi аккредиттеуге құқығы бар.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 24-бап толықтырылды
24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өзі белгілеген тәртіппен жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерiнің және басқа да шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын бұзатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртiбiмен тыйым салынады, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін - Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру көзделеді.
7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшін жауапкершілік
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 25-бап толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 25-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
25-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың (мемлекеттік органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының иесi, таратушысы, бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады.
2-1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi, бас редакторы (редакторы) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және рулық артықшылықты, қатыгездікті, зорлық пен порнографияны насихаттап, үгіттейтін хабарлар мен материалдарды таратқаны үшін, олардың алынған көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Интернет-ресурстарды пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі, бас редакторы (редакторы), журналисі, оның ішінде жеке немесе заңды тұлғалар осы Заңның 14-бабының 3-4-тармағында көрсетілген ақпаратты, егер мұндай ақпаратты тарату ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен баланың және әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, таратылатын хабарлар мен материалдарда жария етуге құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат:
1) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің;
2) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің;
3) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, он алты жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің келісімімен бұқаралық ақпарат құралдарында таратылуы мүмкін.
Егер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың бірі бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттың таратылуына өзінің келісімін бермеген жағдайда, мынадай:
1) он төрт жасқа толған және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның немесе егер заңды өкіл осы құқыққа қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) жасалуына күдікті немесе айыпталушы болып табылса, оның заңды өкілдерінің келісімінсіз;
2) егер екінші заңды өкіл Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және оның келісімін алу мүмкін болмаған жағдайда, зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның бір заңды өкілінің келісімімен болатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты таратуға тыйым салынады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды
2-3. Бұқаралық ақпарат құралдары қылмысты тергеп-тексеруге, қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, жоғалған кәмелетке толмағандарға іздеу салуға жәрдемдесу мақсатында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті көлемде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық процесті жүргізетін органдардан алынған процестік құжаттар негізінде осы баптың 2-2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген адамдардың келісімін алмай, кәмелетке толмаған адамға қатысты мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға құқылы.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)
3. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 26-бап өзгертілді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар
Бұқаралық ақпарат құралы, сол сияқты оның бас редакторы (редакторы), журналисі бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін, егер олар:
1) ресми хабарларда қамтылса;
2) бұқаралық ақпарат құралының сұрау салуына берілген жауапта қамтылса немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) материалдарынан алынса;
3) жарнама берушілерден және жарнама жасаушылардан алынса;
4) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уәкілетті тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;
5) алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде қамтылса;
6) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өз хабарында осы хабарды таратқан бұқаралық ақпарат құралына сілтеме көрсетілген жағдайда, уәкілетті органда есепке қойылған басқа бұқаралық ақпарат құралы таратқан хабарларда, материалдарда немесе олардың фрагменттерінде қамтылса;
7) осы Заңның 18-2-бабына сәйкес белгіленген міндетті хабарларда қамтылса, жауапты болмайды.
Қазақстан Республикасының