1) мемлекеттік органдардан;
2) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен;
4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан;
5) аудиторлардан, аудиторлық ұйымдардан;
6) халықаралық іскерлік операцияларға қатысы бар өзге де ұйымдардан мәміле бағасының қолданылу дұрыстығын айқындау үшін қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
2. Ақпарат беру және мемлекеттік органдардың мамандарын тексерулерге тарту туралы сауалдар күнтізбелік отыз күн ішінде орындалуға міндетті.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу
1. Уәкілетті органдар мынадай жағдайларда:
1) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы анықталған кезде;
2) мемлекеттік органдардан алынған трансферттік бағаларды қолдану фактілері туралы ақпарат негізінде;
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) нарықтық бағалар бойынша ақпарат көздері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органдар жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу кезінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізеді.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Трансферттік бағаларды қолдану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тексеру жүргізу барысында бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан және (немесе) мәмілеге қатысушы рентабельділігінің рентабельділік ауқымынан ауытқу фактісі анықталған кезде уәкілетті орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасайды.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, биржалық тауарлар бойынша ақпарат көздерінде көрсетілген бағалар ауқымы және дифференциал ескеріле отырып, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады. Биржалық тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылығы өнімімен мәмілелер бойынша мәміленің бағасы нарықтық бағадан он проценттен артық ауытқыған кезде, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады.
4. Ағымдағы күнтізбелік жылдың алдағы айларының бірінде өндірілген (алынған) ауыл шаруашылығы өніміне қатысты ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 наурызы мен 1 шілдесі аралығындағы кезеңде жасалған экспорттық шарттар бойынша, егер экспорттық келісімшарт жасалғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде осы ауыл шаруашылығы өнімінің бөлек есебі жүргізілген және мәмілеге қатысушының (сатушының) банктік шоттарына резидент еместен экспорттық келісімшарттың жалпы сомасының кемінде елу проценті мөлшерінде ақшалай қаражат түскен жағдайда, мәміле бағасы мамандандырылған ұйымның ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген коммерциялық сатып алу бағасынан төмен болмаса, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалмайды.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету мәміле бағасының ақпарат көзінде көрсетілген, бағалар ауқымынан алынған медианалық мән ретінде айқындалған нарықтық бағадан ауытқуы кезінде мыналармен:
1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;
2) тауар айырбастау (бартерлік) операцияларын жүзеге асыратын;
3) мәміле жасалған жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен;
4) салықтар бойынша жеңілдіктері бар;
5) қарсы біртекті талапты есепке алу (талапты басқаға беру кезіндегі есепке алуды қоса алғанда) жолымен жүргізілетін мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды жүзеге асыратын қатысушылармен жасалатын мәмілелерге жасалады.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Уәкілетті орган өзара байланысты тараптармен жасалған мәмілелер бойынша мәміле бағасы ақпарат көзінде көрсетілген, бағалар ауқымынан алынған медианалық мән ретінде айқындалған нарықтық бағадан ауытқыған кезде жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге түзету жүргізеді.
6. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасау негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар қолданыла отырып, осы мәмілелердің есепті кезеңдегі табыстары немесе шығыстары және басқа да салық салу объектілері бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық баға тұрғысынан айқындалатын жағдайдағыдай болып есептелетін салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жүргізіледі.
7. Салықтар және (немесе) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктері бар мәмілеге қатысушыда бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы анықталған кезеңде салықтарды және төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік міндеттемелерді азайтатын заңнамасының арнайы ережелері қолданылмастан, жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» принципіне сай келмейтін, осы Заңның 16-бабына сәйкес жүзеге асырылатын пайданы бөлу фактісі анықталған кезде салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша өзара байланысты тараптар арасында жасалады.
Осы тармаққа сәйкес түзету Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттардың нысандарын ресімдей отырып, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жөнелтілгенін растайтын төлем құжаттарын және бастапқы құжаттарды тиісті өзгертусіз, салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді өзгерту жолымен жүзеге асырылады.
Мәмілеге қатысушының жалпы пайданың бір бөлігін өзара байланысты тараптар арасында бір мезгілде аудара отырып, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жасаған түзетуі жағдайында алынған пайда есепті салық кезеңінде өткізуден түскен табыс ретінде қаралады, ал берілген пайда есепті салық кезеңінде өткізуден түскен табысты азайту ретінде қаралады.
Осы тармаққа сәйкес салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге жасалатын түзету әрбір мәміле бойынша жеке-жеке, осы баптың 9-тармағында көзделген шарттарды сақтап, тиісті есептер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органдарына табыс етілетін тиісті салық есептілігінде көрсетілуге тиіс.
9. Егер мұндай түзету салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларының өсуіне әкеп соғатын немесе одан әрі өсуіне әкеп соғуы мүмкін болса, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта мәміле бағасы және (немесе) баға белгілеу тәртібі (әдістемесі) белгіленген немесе айқындалған;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен басқа да мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісімдерде мәміле бағасы белгіленген;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасы және (немесе) баға белгілеу тәртібі (әдістемесі) белгіленген кезде түзету жасалмайды.
Мәміле бағасының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген және (немесе) қалыптастырылған бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы өтінішті мәмілеге қатысушы ұсынылып отырған бағаның және (немесе) баға белгілеу тәртібінің (әдістемесінің) экономикалық негіздемесін, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындау қатерін растайтын құжаттарды (есептерді, негіздемелерді) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу қажеттігінің негіздемесін қоса тіркей отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынады.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шешімдердің бірін:
1) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеудің орындылығы туралы шешім қабылдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы ұсыныстарды жолдайды;
2) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеудің орынсыздығы туралы шешім қабылдайды және мәмілеге қатысушыға дәлелді бас тартуды жолдайды.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Салық төлеуші кешенді салықтық тексеруді (трансферттік баға белгілеу мәселелері енгізілген жағдайда) және трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тақырыптық тексеруді жүргізу басталғанға дейін салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге дербес түзету жасаған кезде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары бағалар ауқымы және (немесе) рентабельділік (маржа) ауқымы қолданыла отырып есептеледі және уәкілетті органға ұсынылатын тиісті салық есептілігі көрсетіле отырып, айыппұл есептелмей енгізілуге тиіс.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәмілеге қатысушының салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілеріне түзету мынадай түрде:
1) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген әдісті қолдану кезінде - осы Заңның 13-бабы 5-тармағының ережелері ескерілмей;
2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген әдістерді қолдану кезінде жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәмілеге қатысушының рентабельділігі ескерілмей жүргізіледі.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету
1. Мәміле бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 30 маусымға дейін бекіткен жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған құқықтық қатынастар субъектілеріне осы Заңда белгіленген нарықтық бағаны айқындау әдістері қолданылмайды.
Мәміле бағасы жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған бағадан ауытқыған кезде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осындай тәртіпке (әдістемеге) сәйкес айқындалатын бағаға дейін жүргізіледі.
2. Осы бап өнімді бөлу туралы келісім күшіне енген күннен бастап жасалған мәмілелерге қолданылады.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау
Өздерінің арасындағы мәмілелердің (операциялардың) экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар болып танылады.
Мұндай ерекше өзара қарым-қатынастар мынадай:
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бір тұлға басқа тұлғаның үлестес тұлғасы болып танылған;
2) тұлға мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленуші) болып табылатын;
3) мүлікті сенімгерлікпен басқаруды қоса алғанда, мәмілеге қатысушымен шарт арқылы өзара байланысты тұлға, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындауға құқылы болатын;
4) мүліктің меншік иесі осы мүлікке қатысты, оның ішінде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес меншік иесі осындай тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы болатын шарт негізінде, мүліктің меншік иесінің бір немесе бірнеше құқықтық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) берілген тұлғамен өзара байланысты болатын;
5) тәуелсіз директорды қоспағанда, тұлға осы баптың 2), 3), 6) - 10) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының немесе заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылатын;
6) заңды тұлғаны мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға бақылайтын;
7) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын;
8) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушы ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын;
9) заңды тұлға мәмілеге қатысушымен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын;
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) тұлға осы баптың 2), 3), 6) - 9) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының не заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп иеленетін, пайдаланатын, оған билік ететін;
11) мәмілеге қатысушының тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға ірі акционер, ірі қатысушы не лауазымды тұлға болып табылатын жеке тұлғаның жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алушысы, асырап алғаны, аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), әжесі, атасы, немересі), сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын;
12) егер бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болса және өздері қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болса, екі сенімгерлікпен басқарушы өзара байланысты болатын;
13) егер сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындайтын мүмкіндігі болса, сенімгерлікпен басқарушы және онда сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ірі акционер не ірі қатысушы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленетін) болып табылатын ұйым болатын;
14) егер сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындау мүмкіндігі бар бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болып табылса, мүлікті сенімгерлікпен басқарудың бір шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы және мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екінші шарты бойынша пайда алушы өзара байланысты болып танылатын;
15) 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 16) - 20) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
16) тұлға басқа тұлғаның және оның өзара байланысты тарапының материалдық емес активтерін және (немесе) зияткерлік меншік құқықтарын пайдаланып өнім өндіретін немесе оны сататын, солар үшін өзі жиынтығында мұндай өнімдердің бастапқы құнының (немесе өзіндік құнының) елу пайызынан астамын құрайтын төлемдерді жүргізуге тиіс болатын;
17) тұлға және (немесе) оның өзара байланысты тарапы дайын өнімді өндіру үшін басқа тұлға пайдаланатын шикізаттың, материалдардың немесе бастапқы өнімнің жалпы құнының (негізгі құралдардың амортизация шығыстары есепке алынбаған) елу пайыздан астамын беретін;
18) тұлға және (немесе) оның өзара байланысты тарапы халықаралық іскерлік операциялар болып табылатын мәмілелер бойынша басқа тұлғаның есепті күнтізбелік жылдағы түсімінің елу пайыздан астамын қалыптастыратын;
19) тұлғалардың бірі тәуелсіз халықаралық қаржы ұйымы немесе шет мемлекеттің мемлекеттік мекемесі болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ тұлғалардың бірінде Қазақстан Республикасында немесе шет мемлекетте берілген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясы болған жағдайларды қоспағанда, тұлғаның мәміле жасалған немесе мәміленің негізгі шарттары қайта қаралған күні басқа тұлға алдындағы жалпы берешегі меншікті капиталдың елу пайызынан асатын немесе есепті күнтізбелік жылдың соңындағы жалпы борыш сомасының кемінде он пайызына басқа тұлға кепілдік беретін;
20) тұлғаға есепті күнтізбелік жылға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу немесе сату кезінде жазбаша келісімге сәйкес компанияның агенті, дистрибьюторы немесе дилері ретінде құқықтар берілген шарттарды қамтиды.
Осы баптың екінші бөлігінің 16) - 20) тармақшаларында көзделген шарттар:
қаржылық есептілігі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланатын және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдердің қор биржаларында ұсынылған;
қаржылық есептілігі ХҚЕС-ке сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланатын және (немесе) ЭЫДҰға қатысушы елдердің қор биржаларында ұсынылған халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын;
қаржылық есептілігі уәкілетті органның талап етуі бойынша оған сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылатын мәмілеге қатысушы-бейрезидентке қолданылмайды. Бұл ретте қаржылық есептілікті тәуелсіз аудиторлық ұйым растауға тиіс.
12-бап. Нарықтық бағаны айқындау әдістері
1. Нарықтық бағаны айқындау мақсатында мынадай әдістердің бірі қолданылады:
1) салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі;
2) «шығындарға қосу» әдісі;
3) кейіннен өткізу бағасы әдісі;
4) пайданы бөлу әдісі;
5) таза пайда әдісі.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген әдістердің бірі қолданылады, ол жасалатын мәміленің нақты мән-жайлары мен шарттары ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағаларға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы неғұрлым негізделген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Тиісті әдісті таңдау негізделген болуға тиіс, мұнда мәмілеге қатысушы мынадай мән-жайларды:
1) пайдаланылатын активтер мен болжанатын тәуекелдерді ескере отырып, жасалатын операцияда әрбір қатысушы орындайтын функцияларды талдау жолымен айқындалатын, жасалатын мәміленің сипаты ескерілетін әдісті таңдауды;
2) трансферттік баға белгілеудің таңдалған әдісін қолдануға қажетті анық ақпараттың болуын;
3) салыстырымдылыққа келтіру үшін түзетулердің сенімділігін қоса алғанда, бақыланатын және бақылан байтын операциялардың салыстырымдылық дәрежесін ескереді.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі салыстырымды экономикалық шарттарда тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған мәміле бағасын бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық бағамен салыстыру жолымен қолданылады.
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасын айқындау кезінде осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізетін кездегі тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары туралы ақпарат ескеріледі.
Егер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартының талаптарында белгіленім кезеңін қолдану көзделген жағдайда, биржалық тауарлардың, сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың бағасы дифференциал ескеріле отырып, белгіленім кезеңіндегі тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) күнделікті белгіленімдердің кез келген бір ақпарат көзінде жарияланған орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.
Белгіленім кезеңіндегі баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
S - белгіленім кезеңіндегі тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні;
P1, P2, …, Pn - белгіленім кезеңі ішінде баға белгіленімдері жарияланған күндерде тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні;
n - баға белгіленімдері жарияланған белгіленім кезеңіндегі күндердің саны.
Белгіленім кезеңіндегі тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Pn - тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні;
Cn1 - тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімінің ең төменгі (min) мәні;
Cn2 - тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімінің ең жоғарғы (max) мәні.
Бір күнге ең төменгі және ең жоғарғы баға белгіленімдері болмаған кезде орташа арифметикалық мән ретінде тиісті күндегі белгіленімнің нақты мәні қолданылады.