2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Заңның мақсаттары үшін шарт шеңберінде тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құжаттамалық расталған әрбір берілімі мәміле болып танылады, ал өткізу бағасын нарықтық бағамен салыстыру сатып алушының тіркелген еліне қарамастан тиісті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығында ғана жүзеге асырылады.
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға меншік құқығының ауысқан күні тауардың өткізілген кезі болып табылады.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі ол белгіленген күннен бастап он екі айлық кезең ішінде өзгертуге жатпайды.
Осы Заңның мақсаттары үшін белгіленім кезеңі келісімшарт талаптарына сәйкес мынадай уақыт аралығында айқындалуға тиіс:
мұнай бойынша:
1) тауарды теңіз көлігімен өткізген кезде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін бес белгіленім күнінен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін бес белгіленім күнінен аспауға;
2) тауарды теңіз көлігімен өткізуді қоспағанда, магистральдық құбыржол көлігімен және көліктің өзге түрімен өткізу кезінде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін;
мұнайды қоспағанда, биржалық тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша - тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға;
бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлар бойынша - тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік бір жүз жиырма үш күннен аспауға тиіс.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі осы бапта белгіленген белгіленім кезеңін айқындау шарттарына сәйкес келмеген жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағалары осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезінде қабылданады.
Ұзақ мерзімдік бағасы көрсетілген биржалық емес тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша нарықтық бағаны айқындау үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезі, мына шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда, шарттың жасалған кезі болып табылады:
1) шарт бойынша мәмілелердің жасалуы шарт жасалған күннен бастап бір ай ішінде басталады;
2) нарықтық баға ұзақ мерзімдік келісімшарттар үшін осы Заңға сәйкес шарт жасалатын күннің алдындағы соңғы күнге белгіленген, ресми түрде танылған ақпарат көздерінен айқындалады;
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ұзақ мерзімдік баға бір жылдан артық қолданылмайды және өзара қарым-қатынастары осы Заңның 11-бабы екінші бөлігінің 16) - 20) тармақшаларында көзделген шарттарды да қамтитын мәмілеге қатысушылар арасындағы түпкі келісімшартпен немесе Қазақстан Республикасының резиденті-мәмілеге қатысушымен үлестес трейдер және тәуелсіз тарап болып табылатын түпкі тұтынушы арасындағы кейінгі келісімшартпен расталады. Уәкілетті органдардың сұратуы бойынша ұсынылған құжаттар келісімшарттың орындалуының дәлелдемесі болып табылады.
3. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі сыртқы немесе ішкі салыстыру жолымен нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылады. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін сыртқы салыстыру жолымен қолдану мүмкін болмаған кезде салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі ішкі салыстыру жолымен қолданылады. Бұл ретте, сыртқы салыстыру кезінде мәмілеге қатысушы мен өзара байланысты тарап арасындағы және тәуелсіз екі және одан да көп тарап арасындағы салыстырымды мәмілелер салыстырылады. Ішкі салыстыру кезінде мәмілеге қатысушы мен өзара байланысты тарап арасындағы және сол мәмілеге қатысушы мен тәуелсіз тарап арасындағы салыстырымды мәмілелер салыстырылады.
4. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолданған кезде нарықтық баға былайша айқындалады:
1) ақпарат көзінде бағасы бар тиісті рынокқа тасымалдау бағыты туралы құжаттамалық расталған ақпараты бар тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) мәмілелер жасасу үшін нарықтық баға бағалар ауқымы ескеріле отырып, ақпарат көзінен алынған баға ретінде айқындалады. Мәміленің бағасы дифференциал арқылы нарықтық бағасы бар салыстырымды экономикалық шарттарға келтіріледі;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келмейтін тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) мәмілелер жасасу үшін нарықтық баға тиісті рыноктағы ақпарат көзінен алынған бағаны дифференциал арқылы бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасы бар салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру жолымен айқындалады.
5. Дифференциалға:
1) тиісті рынокқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізу үшін қажетті, негізделген әрі құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен расталған шығыстар;
2) осы баптың 7-тармағында көрсетілген мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін жағдайлар;
3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы кіреді.
6. Дифференциалды құрайтындар құжаттамамен немесе ақпарат көздерімен расталуға тиіс.
7. Мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін жағдайларға:
1) берілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі);
2) мәмілелердің осы түрінде қолданылатын төлемдердің шарттары, сондай-ақ бағаларға ықпал етуі мүмкін өзге де жағдайлар;
3) мәмілелер жасасу кезінде қолданылатын, оның ішінде:
тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тұтынушы сұранысының маусымдық ауытқулары;
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасының немесе өзге де тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы;
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жоғалған сапасының және (немесе) өзге де тұтынушылық қасиеттерінің ішінара жақсаруы немесе қалпына келтірілуі;
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарамдылық немесе өткізу мерзімдерінің өтуі (өту күнінің жақындауы);
ұқсастары жоқ жаңа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) нарыққа шығарған кездегі, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жаңа нарықтарға шығарған кездегі маркетинг саясаты;
тұтынушыларды тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тәжірибелік модельдерімен және үлгілерімен таныстыру мақсатында оларды өткізу нәтижесінде туындайтын баға жеңілдіктері немесе баға үстемелері;
4) рыноктағы өтімділігі, шығарған елі және тауар белгісінің болуы;
5) маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы жатады.
8. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген дифференциал бойынша мәмілеге қатысушының мынадай мәмілелер мониторингі бойынша тиісті есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне:
1) тексерілетін салық кезеңіне - трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер өткізу кезеңінде;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) шағым жасалған салық кезеңіне - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, хабарлама бойынша шағымды қарау нәтижелері жөніндегі жоғары тұрған мемлекеттік кіріс органы шығарған шешімге шағымды беру және қарау мерзімі кезеңінде жол берілмейді.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. «Шығындарға қосу» әдісі
1. «Шығындарға қосу» әдісін пайдаланған кезде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы жұмсалған шығындар (шығыстар) мен үстеме бағаның сомасы ретінде айқындалады.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шығындарды (шығыстарды) айқындау үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (сатып алуға) және (немесе) өткізуге жұмсалған шығындар (шығыстар), тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөніндегі шығындар (шығыстар) және өзге де шығындар (шығыстар) ескеріледі.
Үстеме баға осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын, қызметтің осы саласы үшін қалыптасқан рентабельділік ауқымын қамтамасыз ететіндей болып айқындалады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қызметтің осы саласы үшін рентабельділік ауқымы салыстырымды экономикалық шарттарда осы Заңның 18-бабында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде айқындалады.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі
Кейіннен өткізу бағасының әдісі кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы сатып алушы кейіннен өткізу (қайта сату) кезінде осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізген бағаның және сатып алушы қайта сату кезінде шеккен, расталатын (аталған сатып алушының сатушыдан тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алған бағасы есепке алынбаған) шығындардың (шығыстардың), сондай-ақ оның рентабельділігінің (маржасының) арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. Бұл ретте рентабельділік (маржа) осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын рентабельділік (маржа) ауқымына сәйкес келуге тиіс.
16-бап. Пайданы бөлу әдісі
Пайданы бөлу әдісі мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінуге тиіс мәміледен түсетін пайданы айқындайды.
Мұндай пайда «қол созу» принципіне сәйкес қабылданған және егер осы компаниялар тәуелсіз болған жағдайда, олар ала алатын пайданың негізінде экономикалық негіздемеге, функционалдық талдауға, келісімдерге сәйкес мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінеді.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Таза пайда әдісі
1. Таза пайда әдісі мәмілеге қатысушының рентабельділігін салыстырымды экономикалық шарттардағы рентабельділік ауқымымен салыстыру арқылы қолданылады.
2. Таза пайда әдісін қолдану кезінде рентабельділіктің мынадай көрсеткіштері пайдаланылуы мүмкін:
шығындардың операциялық рентабельділігі;
сатудың операциялық рентабельділігі;
активтердің операциялық рентабельділігі.
Бұл ретте рентабельділік осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалады.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі
1. Егер осы Заңның 13-бабында өзгеше көзделмесе, осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген әдістерді қолдану мақсатында бағалар ауқымы және (немесе) рентабельділік (маржа) ауқымы пайдаланылады, олар мынадай тәртіппен айқындалады:
1) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны бір мәнге тең болған жағдайда, ауқым нарықтық бағаның немесе рентабельділіктің (маржаның) осындай мәніне тең ретінде айқындалады;
2) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны үш мәннен аспаған жағдайда, ауқым осындай нарықтық бағалардың және (немесе) нарықтық рентабельділіктің (маржаның) қоса алғанда ең төменгі мәнінен бастап ең жоғарғы мәніне дейінгі ауқым ретінде айқындалады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін ақпарат көзінде сызық арқылы екі мән түрінде көрсетілген бағалар ауқымы үш мәннен аспайтын ауқым ретінде де қабылданады;
3) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны төртке немесе одан да көп мәндер санына тең болған жағдайда, ауқым нарықтық бағалардың немесе рентабельділіктің (маржаның) пайдаланылатын мәндері негізінде есептелген, қоса алғанда жиырма бесінші және жетпіс бесінші процентильдер арасындағы ауқым ретінде айқындалады.
2. Бағалар ауқымын есептеу үшін бір ғана ақпарат көзіне сәйкес және соны пайдаланып айқындалған нарықтық бағалардың мәндері пайдаланылады.
3. Рентабельділік (маржа) ауқымын есептеу үшін талдау жүргізілетін мәміле жасалған күнтізбелік жылдың тікелей алдындағы қатарынан күнтізбелік үш жылғы қаржылық деректер пайдаланылады.
2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібі
1. Шығындардың жалпы рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен жалпы пайданың сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына қатынасы ретінде айқындалады.
2. Сатудың жалпы рентабельділігі акциздер мен қосылған құн салығы есепке алынбай, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен жалпы пайданың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімге қатынасы ретінде айқындалады.
3. Шығындардың операциялық рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуға байланысты коммерциялық және әкімшілік шығыстардың сомасына қатынасы ретінде айқындалады.
4. Сатудың операциялық рентабельділігі акциздер мен қосылған құн салығы есепке алынбай, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімге қатынасы ретінде айқындалады.
5. Активтердің операциялық рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының пайдаланылатын активтердің ағымдағы нарықтық құнына немесе пайдаланылатын активтердің ағымдағы нарықтық құны туралы ақпарат болмағанда - бухгалтерлік (қаржылық) есептілік деректеріне сәйкес активтердің құнына қатынасы ретінде айқындалады.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері
1. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасын және нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдану үшін қажетті өзге де деректерді айқындау үшін ақпарат көздері мынадай кезектілікпен пайдаланылады:
1) нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері;
2) биржалық баға белгіленімдері туралы ақпарат көздері;
3) мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының және ұйымдардың мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін бағалар, дифференциал, шығыстар және жағдайлар туралы деректері;
4) трансферттік баға белгілеу мақсатында пайдаланылатын ақпараттық бағдарламалар, мәмілеге қатысушылар беретін ақпарат және өзге де ақпарат көздері.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Нарықтық бағалар ауқымын айқындау үшін ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде нарықтық бағалар туралы бір немесе одан да көп ақпарат көздері болуға тиіс.
3. Қатысушысы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәміле бойынша нарықтық бағаны айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған ақпарат көздері ғана пайдаланылады.
19-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» 2001 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 2-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 5-і.
№ 67-ІV ҚРЗ