ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 116-бапта:
3-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекет трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі бағаларды реттейді.»;
2) 121-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«121-бап. Халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі бағаларды реттеу
Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі бағаларды реттеу «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
2. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағалар ауқымы - осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен белгіленетін, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық бағалардың бірқатар мәндері;»;
«10) Қазақстан Республикасының аумағында жасалған, халықаралық іскерлік операцияға тікелей өзара байланысты мәміле - нысанасы халықаралық іскерлік операцияның нысанасы болып табылатын мәміле;»;
12) тармақша «принципі», «принцип» деген сөздер тиісінше «қағидаты», «қағидат» деген сөздермен ауыстырылып, «бағалар» деген сөзден кейін «(маржа, рентабельділік)» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) маржа ауқымы - осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен белгіленетін, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық маржаның бірқатар мәндері;»;
мынадай мазмұндағы 17-1), 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) медианалық мән - тақ сандар жиынының ортасындағы мән немесе жұп сандар жиынының ортаңғы екеуінің орташа арифметикалық мәні;»;
«18-1) нарықтық рентабельділік - «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда қалыптасқан рентабельділік;
18-2) рентабельділік - осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын және бухгалтерлік есепке алу және (немесе) қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалатын қаржылық көрсеткіш;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) рентабельділік ауқымы - осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық рентабельділіктің бірқатар мәндері;»;
20) тармақша алып тасталсын;
25) тармақша «бағалар», «бағадан» деген сөздерден кейін тиісінше «(маржа, рентабельділік)», «(маржадан, рентабельділіктен)» деген сөздермен толықтырылсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) халықаралық іскерлік операциялар - мәмілеге қатысушының бірі Қазақстан Республикасында тіркелмеген бейрезидент болып табылатын және мәмілеге қатысушының екіншісі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын мәмілелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары жерлерде жасаған мәмілелері;»;
2) 3-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «операциялар бойынша жүзеге асырылады.» деген сөздер «операциялар бойынша;» деген сөздермен ауыстырылып, екінші бөлік алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының аумағында жасалған, мынадай:
тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша;
тараптардың бірінде салықтар бойынша жеңілдіктер болатын;
тараптардың бірі мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салықтық кезең ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шегетін;
тараптарда корпоративтік табыс салығының әртүрлі мөлшерлемесі болатын халықаралық іскерлік операцияларға тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
3) 5-бапта:
3-тармақ 5) тармақшасындағы «ақпаратты беруге міндетті.» деген сөздер «ақпаратты беруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) егер мәмілеге қатысушыға жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге міндетті.»;
4-тармақтың 4) тармақшасындағы «жергілікті және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
4) 5-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
5) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Халықаралық іскерлік операциялар мәмілелер мониторингіне жатады.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық іскерлік операциялар бойынша ұсынылады.»;
6) 7-бапта:
тақырыптағы «Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік» деген сөздер «Трансферттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік мынадай есептілік түрлерінен тұрады:»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәмілеге қатысушы және (немесе) халықаралық топқа қатысушы ұсынылған есептілікте мәліметтердің толық емес екенін, оны толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда, мұндай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген есептілікті ұсынуға міндетті.»;
4-тармақтағы «Халықаралық» деген сөз «Мәмілеге қатысушының және (немесе) халықаралық» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-1-бапта:
1-тармақтағы «Халықаралық топқа қатысушы» деген сөздер «Мәмілеге қатысушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың ережелері есепті қаржы жылында осы Заңның 11-бабы екінші бөлігінің 16) - 20) тармақшаларына сәйкес өзара байланысты тараптар деп айқындалған тұлғалармен жасалған мәмілелерді қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді өзара байланысты тараптармен жасаған және түсімінің мөлшері есепті қаржы жылының алдындағы қаржы жылы үшін өзінің қаржылық есептілігіне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем болмайтын мәмілеге қатысушыға қолданылады.»;
8) 7-2-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін негізгі есептілікті ұсыну туралы талапты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде халықаралық топқа қатысушы осындай есептілікті уәкілетті органға ұсынады. Уәкілетті орган негізгі есептілікті халықаралық топқа қатысушыдан тиісті қаржы жылы аяқталған күннен кейінгі он екі ай өткен соң талап ете алады.»;
9) 10-бапта:
1-тармақтағы «ауытқу фактісі анықталған кезде, уәкілетті органдар» деген сөздер «және (немесе) мәмілеге қатысушы рентабельділігінің рентабельділік ауқымынан ауытқу фактісі анықталған кезде уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші абзацындағы «орташа мәні» деген сөздер «, бағалар ауқымынан алынған медианалық мән» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Уәкілетті орган өзара байланысты тараптармен жасалған мәмілелер бойынша мәміле бағасы ақпарат көзінде көрсетілген, бағалар ауқымынан алынған медианалық мән ретінде айқындалған нарықтық бағадан ауытқыған кезде жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге түзету жүргізеді.»;
11-тармақта:
«, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары» деген сөздер «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары бағалар ауқымы және (немесе) рентабельділік (маржа) ауқымы қолданыла отырып есептеледі және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қосымша салық есептілігін ұсыну жолымен» деген сөздер «уәкілетті органға ұсынылатын тиісті салық есептілігі көрсетіле отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәмілеге қатысушының салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілеріне түзету мынадай түрде:
1) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген әдісті қолдану кезінде - осы Заңның 13-бабы 5-тармағының ережелері ескерілмей;
2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген әдістерді қолдану кезінде жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәмілеге қатысушының рентабельділігі ескерілмей жүргізіледі.»;
10) 11-бапта:
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) тұлға басқа тұлғаның және оның өзара байланысты тарапының материалдық емес активтерін және (немесе) зияткерлік меншік құқықтарын пайдаланып өнім өндіретін немесе оны сататын, солар үшін өзі жиынтығында мұндай өнімдердің бастапқы құнының (немесе өзіндік құнының) елу пайызынан астамын құрайтын төлемдерді жүргізуге тиіс болатын;
17) тұлға және (немесе) оның өзара байланысты тарапы дайын өнімді өндіру үшін басқа тұлға пайдаланатын шикізаттың, материалдардың немесе бастапқы өнімнің жалпы құнының (негізгі құралдардың амортизация шығыстары есепке алынбаған) елу пайыздан астамын беретін;
18) тұлға және (немесе) оның өзара байланысты тарапы халықаралық іскерлік операциялар болып табылатын мәмілелер бойынша басқа тұлғаның есепті күнтізбелік жылдағы түсімінің елу пайыздан астамын қалыптастыратын;
19) тұлғалардың бірі тәуелсіз халықаралық қаржы ұйымы немесе шет мемлекеттің мемлекеттік мекемесі болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ тұлғалардың бірінде Қазақстан Республикасында немесе шет мемлекетте берілген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясы болған жағдайларды қоспағанда, тұлғаның мәміле жасалған немесе мәміленің негізгі шарттары қайта қаралған күні басқа тұлға алдындағы жалпы берешегі меншікті капиталдың елу пайызынан асатын немесе есепті күнтізбелік жылдың соңындағы жалпы борыш сомасының кемінде он пайызына басқа тұлға кепілдік беретін;
20) тұлғаға есепті күнтізбелік жылға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу немесе сату кезінде жазбаша келісімге сәйкес компанияның агенті, дистрибьюторы немесе дилері ретінде құқықтар берілген шарттарды қамтиды.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың екінші бөлігінің 16) - 20) тармақшаларында көзделген шарттар:
қаржылық есептілігі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланатын және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдердің қор биржаларында ұсынылған;
қаржылық есептілігі ХҚЕС-ке сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланатын және (немесе) ЭЫДҰға қатысушы елдердің қор биржаларында ұсынылған халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын;
қаржылық есептілігі уәкілетті органның талап етуі бойынша оған сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылатын мәмілеге қатысушы-бейрезидентке қолданылмайды. Бұл ретте қаржылық есептілікті тәуелсіз аудиторлық ұйым растауға тиіс.»;
11) 12-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген әдістердің бірі қолданылады, ол жасалатын мәміленің нақты мән-жайлары мен шарттары ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағаларға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы неғұрлым негізделген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тиісті әдісті таңдау негізделген болуға тиіс, мұнда мәмілеге қатысушы мынадай мән-жайларды:
1) пайдаланылатын активтер мен болжанатын тәуекелдерді ескере отырып, жасалатын операцияда әрбір қатысушы орындайтын функцияларды талдау жолымен айқындалатын, жасалатын мәміленің сипаты ескерілетін әдісті таңдауды;
2) трансферттік баға белгілеудің таңдалған әдісін қолдануға қажетті анық ақпараттың болуын;
3) салыстырымдылыққа келтіру үшін түзетулердің сенімділігін қоса алғанда, бақыланатын және бақылан байтын операциялардың салыстырымдылық дәрежесін ескереді.»;
12) 13-баптың 2-тармағында:
төртінші бөліктің алтыншы абзацындағы «жүз жиырма» деген сөздер «бір жүз жиырма үш» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктің 3) тармақшасының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұзақ мерзімдік баға бір жылдан артық қолданылмайды және өзара қарым-қатынастары осы Заңның 11-бабы екінші бөлігінің 16) - 20) тармақшаларында көзделген шарттарды да қамтитын мәмілеге қатысушылар арасындағы түпкі келісімшартпен немесе Қазақстан Республикасының резиденті-мәмілеге қатысушымен үлестес трейдер және тәуелсіз тарап болып табылатын түпкі тұтынушы арасындағы кейінгі келісімшартпен расталады.»;
13) 14-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шығындарды (шығыстарды) айқындау үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (сатып алуға) және (немесе) өткізуге жұмсалған шығындар (шығыстар), тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөніндегі шығындар (шығыстар) және өзге де шығындар (шығыстар) ескеріледі.
Үстеме баға осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын, қызметтің осы саласы үшін қалыптасқан рентабельділік ауқымын қамтамасыз ететіндей болып айқындалады.
3. Қызметтің осы саласы үшін рентабельділік ауқымы салыстырымды экономикалық шарттарда осы Заңның 18-бабында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде айқындалады.»;
14) 15 және 17-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі
Кейіннен өткізу бағасының әдісі кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы сатып алушы кейіннен өткізу (қайта сату) кезінде осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізген бағаның және сатып алушы қайта сату кезінде шеккен, расталатын (аталған сатып алушының сатушыдан тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алған бағасы есепке алынбаған) шығындардың (шығыстардың), сондай-ақ оның рентабельділігінің (маржасының) арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. Бұл ретте рентабельділік (маржа) осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын рентабельділік (маржа) ауқымына сәйкес келуге тиіс.»;
«17-бап. Таза пайда әдісі
1. Таза пайда әдісі мәмілеге қатысушының рентабельділігін салыстырымды экономикалық шарттардағы рентабельділік ауқымымен салыстыру арқылы қолданылады.
2. Таза пайда әдісін қолдану кезінде рентабельділіктің мынадай көрсеткіштері пайдаланылуы мүмкін:
шығындардың операциялық рентабельділігі;
сатудың операциялық рентабельділігі;
активтердің операциялық рентабельділігі.
Бұл ретте рентабельділік осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалады.»;
15) мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-баптармен толықтырылсын:
«17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі
1. Егер осы Заңның 13-бабында өзгеше көзделмесе, осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген әдістерді қолдану мақсатында бағалар ауқымы және (немесе) рентабельділік (маржа) ауқымы пайдаланылады, олар мынадай тәртіппен айқындалады:
1) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны бір мәнге тең болған жағдайда, ауқым нарықтық бағаның немесе рентабельділіктің (маржаның) осындай мәніне тең ретінде айқындалады;
2) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны үш мәннен аспаған жағдайда, ауқым осындай нарықтық бағалардың және (немесе) нарықтық рентабельділіктің (маржаның) қоса алғанда ең төменгі мәнінен бастап ең жоғарғы мәніне дейінгі ауқым ретінде айқындалады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін ақпарат көзінде сызық арқылы екі мән түрінде көрсетілген бағалар ауқымы үш мәннен аспайтын ауқым ретінде де қабылданады;
3) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны төртке немесе одан да көп мәндер санына тең болған жағдайда, ауқым нарықтық бағалардың немесе рентабельділіктің (маржаның) пайдаланылатын мәндері негізінде есептелген, қоса алғанда жиырма бесінші және жетпіс бесінші процентильдер арасындағы ауқым ретінде айқындалады.
2. Бағалар ауқымын есептеу үшін бір ғана ақпарат көзіне сәйкес және соны пайдаланып айқындалған нарықтық бағалардың мәндері пайдаланылады.
3. Рентабельділік (маржа) ауқымын есептеу үшін талдау жүргізілетін мәміле жасалған күнтізбелік жылдың тікелей алдындағы қатарынан күнтізбелік үш жылғы қаржылық деректер пайдаланылады.
17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібі
1. Шығындардың жалпы рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен жалпы пайданың сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына қатынасы ретінде айқындалады.
2. Сатудың жалпы рентабельділігі акциздер мен қосылған құн салығы есепке алынбай, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен жалпы пайданың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімге қатынасы ретінде айқындалады.
3. Шығындардың операциялық рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуға байланысты коммерциялық және әкімшілік шығыстардың сомасына қатынасы ретінде айқындалады.
4. Сатудың операциялық рентабельділігі акциздер мен қосылған құн салығы есепке алынбай, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімге қатынасы ретінде айқындалады.
5. Активтердің операциялық рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының пайдаланылатын активтердің ағымдағы нарықтық құнына немесе пайдаланылатын активтердің ағымдағы нарықтық құны туралы ақпарат болмағанда - бухгалтерлік (қаржылық) есептілік деректеріне сәйкес активтердің құнына қатынасы ретінде айқындалады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 25 наурыз
№ 68-VІІІ ҚРЗ