2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық авиация пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), сондай-ақ бірлесіп пайдаланылатын және орналастырылатын әуеайлақтар сертификаттауға жатады, оларда:
1) халықаралық ұшу;
2) әуе кемелерінің кез келген типінде тұрақты жолаушылар рейстері;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, жолаушылар орындарының саны жиырмадан асатын жолаушылар әуе кемелерінің ұшуы;
4) ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын әуе кемелерінің коммерциялық ұшуы;
5) жолаушылар әуе кемелерінің түнгі уақытта ұшуы;
6) жолаушыларды ашық теңіздегі жылжымайтын немесе қалқымалы объектілерге (теңіз кемелеріне, қондырғыларға) тасымалдауға арналған әуе кемелерінің ұшуы орындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған ұшу орындалмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) сертификаттауды талап етпейді. Алайда мұндай әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтінімі бойынша сертификаттауға жол беріледі.
3. Cертификатталатын әуеайлақ (тікұшақ айлағы) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы оның жарамдылығы туралы сертификатты алғаннан кейін пайдалануға жіберіледі.
Сертификатталмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мен қону алаңдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды олардың ашылғаны туралы хабардар еткеннен және азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына немесе сертификатталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын пайдалануға жарамдылық актісін ұсынғаннан кейін пайдалануға жіберіледі.»;
5-тармақта:
«сыныпталмайтын әуеайлақты» деген сөздер «сертификатталмайтын әуеайлақты (тікұшақ айлағын)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уақытша әуеайлақтар» деген сөздерден кейін «(тікұшақ айлақтары)» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасындағы «азаматтық әуеайлақтардың» деген сөздер «азаматтық авиация әуеайлақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «әуеайлақтардың» деген сөз «азаматтық авиация әуеайлақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының бүкіл қолданылу кезеңі немесе сертификатталмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) үшін бүкіл пайдалану кезеңі ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сертификаттау талаптарына сәйкестігі үшін жауаптылық әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушыға жүктеледі.
Бүкіл пайдалану кезеңі ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының пайдалануға жарамдылығының сәйкестігі үшін жауаптылық пайдаланушыға немесе меншік иесіне жүктеледі.»;
49) 67-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардан (тікұшақ айлақтарынан)» деген сөздер «Сертификатталмайтын әуеайлақтардан (тікұшақ айлақтарынан), уақытша әуеайлақтардан (тікұшақ айлақтарынан) және қону алаңдарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын),» деген сөздер «сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 68-бапта:
2-тармақ:
«Әуеайлақтар» деген сөзден кейін «(тікұшақ айлақтары)» деген сөздермен толықтырылсын;
«жағдайлар бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған және төтенше жағдай енгізілген кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы «көмек көрсету» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған Қазақстан Республикасының халқына медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету» деген сөздермен толықтырылсын;
51) 71-бапта:
1-тармақтағы «сыныпталған» деген сөз «сертификатталатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Халықаралық әуежайдың әуежай инфрақұрылымын дамытудың егжей-тегжейлі кезеңдерін және басым міндеттерді іске асыру жоспарын қоса алғанда, олардың тізбесін қамтитын бас жоспары болуға тиіс. Бас жоспарды әуежайды пайдаланушы экономикалық орындылық туралы ақпараттың, тасымалдар болжамдарының, әуе кемелерін пайдаланушылар қоятын ағымдағы және болашақ талаптардың негізінде әзірлейді, сондай-ақ әуеайлақтағы әуе қозғалысының көлемін ескере отырып, кезең-кезеңмен қайта қарайды.
Бас жоспарды жасау кезінде әуеайлақ қызметіне қатысушы тараптармен, атап айтқанда, әуе кемелерін пайдаланушылармен консультациялар жүргізу қажет. Әуе кемелерін пайдаланушылар әуежайды дамытудың бас жоспарын жасауға жәрдемдесу мақсатында әуежайды пайдаланушыға пайдалануға беру болжанып отырған әуе кемелерінің типтері, сипаттамалары мен саны, әуе кемелері операциялары санының күтілетін ұлғаюы және жолаушылар мен жүк тасымалының болжамды көлемі туралы ақпарат беруге тиіс.»;
52) 74-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
53) 76-баптың 5-тармағының төртінші бөлігінде:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«тасымалдау қағидаларында» деген сөздер «тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта» деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 77-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тасымалдаушының кінәсінен немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейс мәртебесі өзгерген кезде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген көрсетілетін қызметтерге;»;
55) 78-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік 4) тармақшасындағы «орындамаған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.» деген сөздер «орындамаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңның 78-1-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушы авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізілген жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Авиакомпанияның бастамасы бойынша әуемен тасымалдау шартын жолаушының жасалғаны үшін бұрын тасымалдаушының бастамасы бойынша әуемен тасымалдау шарты тоқтатылып қойған әрекеттері үшін, сондай-ақ егер жолаушы осы Заңның 78-1-бабына сәйкес авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізілмеген болса, қайтадан тоқтатуға жол берілмейді.»;
3-тармақтағы «Жолаушыны» деген сөз «Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жолаушыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
56) мынадай мазмұндағы 78-1-баппен толықтырылсын:
«78-1-бап. Авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізілімі
1. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер авиакомпания жеке тұлғаны немесе жолаушыны авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізсе, осы авиакомпания жеке тұлғаға әуемен тасымалдау шартын жасасудан бас тартады немесе жолаушымен әуемен тасымалдау шартын біржақты тәртіппен тоқтатады.
2. Жолаушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-2-бөлігінде, 564-бабының бесінші бөлігінде және 566-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес келуі мүмкін әрекеттер жасау фактісі туралы әуе кемесінің командирі не аға бортжолсерігі авиакомпания басшысын немесе басшысының міндетін атқарушыны жазбаша түрде хабардар етеді.
Әуе кемесінің бортында жолаушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1, 73-2 және 434-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес келуі мүмкін әрекеттер жасау фактісі туралы әуе кемесінің командирі не аға бортжолсерігі авиакомпанияның басшысын немесе басшысының міндетін атқарушыны жазбаша түрде хабардар етеді.
3. Жолаушыны авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізу туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін соттың әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулысының, айыптау үкімінің негізінде авиакомпания басшысы немесе басшысының міндетін атқарушы қабылдайды. Мұндай шешім авиакомпания осы тармақта көрсетілген сот қаулысын немесе үкімін алған немесе ол тиісті интернет-ресурстарда орналастырылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қабылданады.
4. Жолаушыны авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізу туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотта дау айтылуы мүмкін.
5. Авиакомпания осы баптың 3-тармағында көрсетілген сот қаулысы не үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң жолаушыны авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізілімінен алып тастауға міндетті.
Осы тармақта көрсетілген мерзімдер өткенге дейін осы баптың 3-тармағында көзделген сот қаулыларының немесе үкімінің күші жойылған жағдайда, күші жойылған кезден бастап бір айдан кешіктірмей авиакомпания жолаушыны авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізілімінен алып тастауға міндетті.
6. Егер авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізілген жеке тұлға не жолаушы әуе тасымалы Қазақстан Республикасы мен жөнелту пункті немесе межелі пункт арасындағы көлік қатынасы болып табылатын жалғыз тәсіл болған кезде жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасына әуе тасымалы Қазақстан Республикасымен көлік қатынасы болып табылатын жалғыз тәсілмен қайтып келетін болса, не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберілуге, депортациялауға немесе реадмиссиялауға (Қазақстан Республикасының реадмиссия туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге немесе қабылдауға) жататын болса, не емдеу орнына немесе кері қарай бара жатса, не мүгедектігі бар адамдар арасынан жолаушыны емдеу орнына немесе кері қарай алып жүрсе, не отбасы мүшесін немесе жақын туысын жерлеуге бара жатса не кері қайтса, бұл құжат түрінде расталатын болса, не оларды осы баптың 7-тармағына сәйкес авиакомпания әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізу туралы хабардар етілмесе немесе тиісті түрде хабардар етілмесе, авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне авиакомпания енгізген жеке тұлғаға әуе тасымалы шартын жасасудан бас тартылмайды не жолаушымен әуе тасымалы шарты тоқтатылмайды.
7. Авиакомпания жолаушыны (жеке тұлғаны) авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне оның енгізілгені туралы, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген, жолаушыға (жеке тұлғаға) әуемен тасымалдау шартын жасасудан бас тартылмайтын жағдайлар туралы жазбаша түрде немесе электрондық нысанда хабардар етуге міндетті.
Хабарлама мынадай:
1) жолаушы (жеке тұлға) жеке өзі растаған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық пошта мекенжайы бойынша мәтіндік хабар жіберілген;
2) жолаушы (жеке тұлға) жеке өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабарламаға қол қойғызып табыс етілетін жеделхатпен, тапсырыс хатпен хабардар етілген;
3) ол хабарламаның жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен жіберілген жағдайларда, тиісті түрде жеткізілген болып саналады.
8. Авиакомпания авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізілген жолаушының (жеке тұлғаның) дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
9. Авиакомпания авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізіліміне енгізілген жолаушымен әуе тасымалы шартын тоқтатқан жағдайда, жолаушыға сатып алынған билеттің (ұшу учаскесі билетінің) толық құны өтеледі.»;
57) 82-баптың 4-тармағында:
«ұшу аппаратын пайдалана отырып, авиациялық жұмыстарды орындау үшін оны» деген сөздер «авиациялық жүйелерді қолданып, авиациялық жұмыстарды орындау үшін оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұшу аппараттарын пайдалану» деген сөздер «авиациялық жүйелерді пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 86-бапта:
тақырыптағы «рейс болмаған немесе кідірген» деген сөздер «рейстің мәртебесі өзгерген» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«рейс орындалмаған немесе кідіртілген» деген сөздер алып тасталсын;
«, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған» деген сөздер «салдарынан рейстің мәртебесі өзгерген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушы осындай өзгеріс туралы өзіне белгілі болған бойда жолаушыны билетті сатып алу кезінде көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық пошта мекенжайы бойынша, сондай-ақ әуежайда:
1) рейс мәртебесінің өзгеру себептері және жаңа ұшу уақыты және (немесе) жаңа маршрут туралы;
2) егер өзгеріс осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тасымалдаушының кінәсінен немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан болса, рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты тасымалдаушы ұсынатын қызметтер тізбесі туралы хабардар етеді.»;
2-тармақтың бірінші абзацында:
«рейс орындалмаған немесе» деген сөздер «рейстің мәртебесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«он сағаттан астам мерзімге кідіртілетін» деген сөздер «бес сағаттан астам мерзімге өзгертілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін, егер мерзімін өткізіп алу еңсерілмейтін күш салдарынан орын алғанын дәлелдей алмаса, жолаушы шеккен шығындарын өтеуден басқа, егер бұл осындай мерзімін өткізіп алуға байланысты орын алған болса, мерзімін өткізіп алған әрбір сағат үшін тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
Айыппұл сомасын сатып алынған тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнынан асыруға болмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұл төлеуді жолаушының өтініші бойынша тасымалдаушының интернет-ресурсы және билеттер сату пункттері арқылы жүргізеді.
5. Осы бапта көзделген талаптардың бұзылуына жол берген тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
59) мынадай мазмұндағы 86-1-баппен толықтырылсын:
«86-1-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімдері
1. Тасымалдаушы наразылықты қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартқан не қойылған наразылыққа тасымалдаушыдан жауап алынбаған жағдайларда, тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап қоюлар наразылық жіберілген кезден бастап он бес жұмыс күні өткен соң қойылуы мүмкін.
2. Тасымалдау шарты бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі - екі жыл.
3. Талап қоюдың ескіру мерзімі талап қоюға негіз болған оқиға басталғаннан кейінгі келесі күннен бастап есептеледі.»;
60) 90-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«орналасқан объектілердің, электр беру желілерінің, басқа да бөгеттердің құрылысы» деген сөздер «кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«электромагниттік, жарық арқылы, акустикалық, корпускулярлық» деген сөздер «радиотолқындық, көрінетін, акустикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жиналуына немесе ұшу көрінісінің нашарлауына әкеп соғатын» деген сөздер «жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрінісін нашарлататын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат алу мыналарды:»;
2) тармақшада:
«және жарық беретін сигнал жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуі үшін кедергі келтіруі» деген сөздер «, жарық беретін сигнал жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуі үшін кедергі келтіруі, ұшқыштардың көзінің шағылысуына себеп болуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«радио, электромагниттік және жарық арқылы» деген сөздер «радиотолқындық және көрінетін электромагниттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «құрылыстарды орналастыру үшін талап етіледі.» деген сөздер «құрылысжайларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) әуеайлақтың бақылау нүктесінен он үш километр радиуста аң өсіру фермаларын, мал сою орындарын және ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын басқа да объектілерді салу, орнату, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру үшін талап етіледі. Мұндай қызмет, егер ол әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларында айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес құстардың топталып жиналуына алып келмесе және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе ғана мүмкін болады.»;
3-тармақта:
«орналастыру» деген сөз «салу, орнату, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жергілікті атқарушы органдар» деген сөздер «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әуеайлақтың бақылау нүктесінен он үш километр жақын қашықтықта құстардың топталып жиналуына алып келетін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қалдықтарды тастайтын орындарды орналастыруға тыйым салынады.»;
61) 91-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарының» деген сөздер «азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 92-бапта:
тақырыптағы «оқиғалар мен инциденттер» деген сөздер «жағдайлар, оқиғалар мен оқыс оқиғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төнген, зақымдануы немесе жоғалуы және (немесе) осы әуе кемесінде болған адамдардың қаза болуы орын алған әуе кемесін ұшуға пайдаланумен байланысты жағдай мемлекеттік авиациядағы авиациялық жағдай деп танылады.
6. Азаматтық авиациядағы авиациялық жағдай деп ұшу қауіпсіздігін бұзуға байланысты қатер төндіретін немесе егер мұндай жағдай түзетілмесе немесе жойылмаса, әуе кемесінің, оның бортындағы адамдардың немесе басқа да адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға, сондай-ақ кез келген басқа жағдай танылады.»;
63) мынадай мазмұндағы 92-1, 92-2 және 92-3-баптармен толықтырылсын:
«92-1-бап. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесі
1. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық жағдайларды болғызбау үшін ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсынудың мақсаты болып табылады.
2. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін ендіру әділ мәдениет қағидатына негізделуге тиіс.
3. Авиация персоналы және пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының өзге де жұмыскерлері ұшу қауіпсіздігіне елеулі тәуекел туғызуы мүмкін және авиациялық жағдайлар туралы хабарлау авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық жағдайлардың санаттарына жататын авиациялық жағдайлар туралы құлақтандыруға міндетті.
Деректерін ұсыну авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық жағдайлардың санаттары, сондай-ақ осы санаттағы авиациялық жағдайлар туралы деректерді ұсынатын тұлғалардың тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тізбеде көзделмеген авиация персоналы және пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының өзге де жұмыскерлері құлақтандыруға міндетті санатқа жатпайтын авиациялық жағдайлар туралы, егер олар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ақпаратқа жататын болса, сондай-ақ егер мұндай ақпарат ұшу қауіпсіздігіне нақты немесе ықтимал қатер төндіретіндей қабылданатын болса, авиациялық жағдайлар туралы деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі арқылы хабарлайды.
5. Авиациялық жағдай туралы ұсынылған деректерді алғаннан кейін пайдаланушы мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес жиналған жағдайлардың анық-қанығын:
1) авиациялық оқиғалар үшін - жиырма төрт сағаттан кешіктірмейтін;
2) басқа авиациялық жағдайлар үшін жетпіс екі сағаттан кешіктірмейтін мерзімде хабарлайды.
6. Сапаны қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын деректерде барынша аз ақпарат қамтылуға тиіс, оған қойылатын талаптар авиациялық жағдайдың санатына қарай өзгеруі мүмкін және азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес белгіленеді.
7. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді ұсыну жүйесіне қойылатын жекелеген талаптар және деректерді ұсыну тәртібі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында және әуежайларда әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулықтарда белгіленеді.
8. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары ішкі қағидаларды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты қабылдау арқылы авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін ендіреді және қолдап отырады.
9. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиациялық жағдайлар туралы ақпаратты электрондық дерекқорларда сақтауға тиіс, олар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық жағдайлар дерекқорымен үйлесімді болуға тиіс.
10. Сертификатталған ең жоғары массасы екі мың екі жүз елу килограмнан асатын әуе кемелерімен және (немесе) турбореактивті қозғалтқышы бар ұшақтармен болған авиациялық оқиғалар туралы ақпараттық есептер Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) жіберіледі.
11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес алынған деректерді тәуелсіз жинау, бағалау, өңдеу, талдау және сақтау үшін тетік құрады. Ұсынылған деректерді өңдеу ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен арттырудан басқа, ақпаратты өзге мақсаттарда пайдалануды болғызбау ниетімен жүзеге асырылуға тиіс және әділ мәдениетті іске асыру мақсатында хабарлаушы адамның және авиациялық жағдайлар туралы есептерде аталған адамдардың жеке басының құпиялылығын тиісті түрде қамтамасыз етуге тиіс.
12. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық жағдайлардың санаттары азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
92-2-бап. Авиациялық жағдайлар туралы ақпараттың құпиялылығы, оны тиісінше пайдалану және ақпарат көзін қорғау
1. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық жағдайлар туралы деректер тиісті түрде қорғалуға тиіс және оларды жинау олардың құпиялылығына кепілдік беру, авиациялық жағдайлар туралы есептерде көрсетілген адамдардың дербес деректерін қорғау және авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиациядағы өзге де жұмыскерлердің авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесінің беріктігіне сенімділігін қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының өзге де жұмыскерлері өздері берген ақпарат негізінде жұмыс берушісі тарапынан тәртіптік жазаға және (немесе) материалдық жауаптылыққа тартылмауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары мынадай жағдайлардың бірі:
1) әдейі жасалған теріс қылық;
2) шынайы тәуекелді айқын елемеу және адамның өмірі мен денсаулығына болжауға болатын зиян келтіруге, мүлікке нұқсан келтіруге алып келген немесе ұшу қауіпсіздігінің деңгейін елеулі түрде төмендеткен лауазымдық міндеттерді сақтамау орын алған кезде қолданылмайды.