2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған жария шарттар жасасуға міндетті.
Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттары энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын:
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға (өз желілеріндегі электр энергиясының нормативтік ысыраптарын жабу үшін және шаруашылық мұқтаждарына) Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында, оның ішінде орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге сатуды жүзеге асыруға міндетті.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының үлесін уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындайды.
Орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының нақты көлемін есептеу тәртібі, сондай-ақ осы талаптың орындалуын мониторингтеу және бағаларды қалыптастыру тәртібі электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Электр энергиясын өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға өткізетін энергия өндіруші ұйымдар үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының көлемі уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындаған үлес және өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға өткізілген электр энергиясы шегеріле отырып, өткізілген электр энергиясының көлемі негізге алына отырып есептеледі.
Бұл ретте электр энергиясын одан әрі сатусыз өз мұқтажы үшін сатып алатын заңды тұлға тұтынушы деп танылады.
Егер энергия өндіруші ұйым сауда-саттық қорытындылары бойынша осы тармақшаның үшінші бөлігінде көрсетілген көлемді өткізбеген жағдайда, энергия өндіруші ұйым мұндай көлемді орталықтандырылған сауда-саттықтан тыс өткізуге құқылы;
3) электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатуды жүзеге асыруға міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2. Энергия өндіруші ұйымға:
1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiлері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға);
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға);
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын өткізуді қоспағанда, цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуге (сатуға);
2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша осы баптың 13-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйым ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған, меншікті генерациялайтын қондырғылардың желіге жіберу үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарты бар, көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін негізсіз, оның ішінде сағаттық қысқартуға не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатуға тыйым салынады.
Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер:
энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса;
энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе;
энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса;
көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі;
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мынадай жағдайларды:
электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын;
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-3-тармақ өзгертілді; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 3-3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға:
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемдерін өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоспағанда, электр энергиясын цифрлық майнерлерге, басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымнан алуға (сатып алуға);
2) жүйелік оператор қалыптастыратын қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіндегі, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.
Қуат нарығын тұтынушылардың тізбесі жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады және оны жүйелік оператор қуат нарығын тұтынушылар құрамының өзгеру фактісі бойынша жаңартып отырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізудің мынадай жағдайларына:
қуаттардың авариялық істен шығу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүйелік оператор растаған, электр энергиясын өндірудің, берудің техникалық мүмкіндігінің болмауы немесе шектелуі себебінен, тұтынушы электр энергиясын сатуға шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруді қысқарту немесе тоқтату кезеңіне қолданылмайды.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия өндіруші ұйым тарапынан электр энергиясын беруді тоқтатудың жүйелік оператор растаған себептері жойылғанға дейін электр энергиясын тұтынушыға өткізуге құқылы;
тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушыларға;
тұтынушының оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне беру үшін орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын жиынтық көлемде;
тұтынушы қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіне енгізілген кезден бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған электр энергиясының көлемдеріне қолданылмайды.
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 3-4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-4. Энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын және қуатын сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-5-тармақпен толықтырылды
3-5. Энергия өндіруші ұйымдар жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға міндетті.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-6-тармақпен толықтырылды
3-6. Жүйелік оператор, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент-ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша жүзеге асырады.
Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау үшін пайдаланылады және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет болып табылмайды.
Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы жасалған екіжақты шарттарға сәйкес белгіленеді.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi қағидаларында, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi.
5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.
6-тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектiлерi меншік нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектілері жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды
6-2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, жүйелік операторда және қажет болған кезде өңірлік электр желісі компаниясында орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері болуы міндетті.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Энергия өндіруші ұйымдар - гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде өндірілетін электр энергиясын Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына сатуға міндетті.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды, жөндеуді, баптауды және монтаждауды жүзеге асыратын персонал, сондай-ақ сарапшылар энергетикалық жабдықты және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану, жөндеу, баптау және монтаждау, сондай-ақ зерттеп-қарау бойынша білімін тексеруден өтуге және қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты болуға міндетті.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды; 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Елдің жекелеген өңірлерінің суармалы жерлерін суаратын сумен қамтамасыз ету мақсаттары үшін экспорттық өнім берулер мен тауар алмасуды қоспағанда, электр энергиясын Қазақстан Республикасынан тыс жерге сату уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының профициті жағдайында ғана экспортталатын электр энергиясын өндірудің өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша жүзеге асырылады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілетін электр энергиясын сатып алу уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының тапшылығы жағдайында ғана жүзеге асырылады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарының талаптары электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге авариялық өзара көмек көрсету үшін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жүйелік оператордың электр энергиясын сатып алу-сату жағдайына қолданылмайды.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Энергия беруші ұйымдар меншікті электр беру желілері мен кіші станциялардың өткізу қабілеті туралы ақпаратты ай сайын өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды
13. Энергия өндіруші ұйымдар меншікті генерациялайтын қондырғылардың орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға келісімшарт жасалған, жоспарланатын және желіге жіберу үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
14. Цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын, кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық кіші станциялардан ғана береді.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
1. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі электр желілеріне өздері тікелей қосылған энергия беруші ұйымға өзінің электр желілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуді (сатуды), өтеусіз негізде немесе сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асыруға құқылы.
Электр желілерінің меншік иесі электр желілеріне өздері қосылмаған энергия беруші ұйымға мұндай электр желілерін беруге құқылы емес.
2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілері, өз мұқтаждары үшін пайдаланылатын электр желілерін қоспағанда, электр желілеріне өздері тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беріледі.
3. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі:
1) осы баптың 1-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымның қарамағына толық бергенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға және олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің электр желілеріне қосылған тұтынушылардың электрмен жабдықталуын тоқтатуға алып келетін әрекеттерге жол бермеуге;
3) өзінің желілері бойынша тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтатуға, сондай-ақ өзінің электр желілерінің бұзылуына, бөлшектенуіне, зақымдануына, жойылуына, қасақана зақымдануына (бүлінуіне) алып келетін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.
4. Электр желілерінің меншік иесі өзіне меншік құқығымен тиесілі электр желілерін өздері желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз негізде беруге ниет білдірген жағдайда, өңірлік электр желілік компания мұндай беруге кедергі келтіруге құқылы емес.
5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген ережелер жүйелік операторға қолданылмайды.
6. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын және:
1) диспетчерлік технологиялық басқарудың;
2) электр желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етілген, оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталған қызметтердің;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүйелік қызметтерді көрсетуге жүйелік оператормен жасалған шарттардың;
4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, телекоммуникация жүйелерінің болуын қамтитын талаптарға сай келуге тиіс.
Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет тарифтеріне немесе олардың шекті деңгейлеріне осы тармақта көзделген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды орындауға байланысты шығындарды қосуға жол берілмейді.
7. Жаңадан құрылатын энергия беруші ұйымдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.
8. Энергия беруші ұйымдар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 119-2-бабында белгіленген жағдайлар басталған кезден бастап бір жылдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметке тарифті қайта бекітуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру
14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы
1. Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр және жылу энергиясы нарықтарының жұмыс iстеуi жағдайларында жүзеге асырылады.
2. Электр және жылу энергиясы нарықта тауар болып табылады.
3. Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан, ал жылу энергиясының нарығы бiр деңгейден - бөлшек сауда нарығынан тұрады.
4. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен электр энергиясы нарығына нарықтың барлық қатысушыларының еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
6. Энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелерiне қосудан, сондай-ақ оларға электр немесе жылу энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.
7. Электр немесе жылу энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.
15-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы
1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:
1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келісімдерiмен белгiленетiн жеткiзу бағалары мен талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;
2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот - сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығынан;
3) жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындайтын сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу мақсатында жұмыс iстейтiн нақты уақыт режиміндегі теңгерiмдеушi нарықтан;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) ұлттық стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығынан;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) электр қуатының нарығынан тұрады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы:
1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;