6) 9-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
8-1) тармақшадағы «бір өтініштің негізінде электрондық нысанда» деген сөздер «бір өтініш» қағидаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) және 12) тармақшалардағы «көрсетілетін қызметтер стандарттарының» және «қызметтер стандарттарын» деген сөздер тиісінше «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің» және «қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-3) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін үйлестіреді;»;
«13-1) проактивті көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды көрсету тәртібін бекітеді;»;
7) 9-1-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;»;
7) тармақшадағы «ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын» деген сөздер «көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 10-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолданады;»;
15) тармақшадағы «көрсетілетін қызметтер стандарттарын» деген сөздер «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-бапта:
2) тармақшадағы «көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің» деген сөздер «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «көрсетілетін қызметтер стандарттарын» деген сөздер «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 11-1-баптың 4-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тексеруге жатады;»;
«6-1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпарат береді;»;
11) 3-тараудың тақырыбындағы «стандарты және регламенті» деген сөздер «оларды көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ оның құрылымын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
13) 13-бапта:
тақырыптағы «көрсетілетін қызмет стандартын» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «көрсетілетін қызметтер стандарттарын» және «қызметтер үшін стандарттарды» деген сөздер тиісінше «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» және «қызметтер үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы осы Заңның 15-бабында айқындалатын тәртіппен жария талқылауға жатады.»;
3-тармақтағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын» деген сөздер «Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 14-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт:»;
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мыналардың:
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызмет керлерінің) әрекет ету;
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау;
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттауды;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мыналарды:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін;
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін;
мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін;
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін;
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін;
мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін;
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанындағы қосымшаны;»;
15) 15-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау»;
1-тармақта:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының» деген сөздер «Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көрсетілетін қызметтер стандарттарында» деген сөздер «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«көрсетілетін қызмет стандартын» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының» деген сөздер «мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының» деген сөздер «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«күнтізбелік отыз күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «көрсетілетін қызмет стандартының» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының» деген сөздер «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «көрсетілетін қызмет стандартының» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «көрсетілетін қызмет стандартының» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының» және «мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің» және «мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына» деген сөздер «мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 16 және 17-баптар алып тасталсын;
17) 18-бапта:
3) тармақшадағы «жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.» деген сөздер «ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) стационарлық абоненттік құрылғы арқылы көрсетіледі.»;
18) 19-бапта:
бірінші бөлікте «көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде» деген сөздер «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте «көрсетілетін қызмет стандартында» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 20-бапта:
1-тармақтағы «көрсетілетін қызмет стандартында» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «көрсетілетін қызмет стандартында» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған» деген сөздер «мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
20) 21-бапта:
2-1, 2-2 және 2-3-тармақтардағы «Жылжымалы желінің» деген сөздер «Ұялы байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «бір өтініш негізінде» деген сөздер «бір өтініш» қағидаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Проактивті қызметтер көрсету
Проактивті қызметтер көрсету көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз, «электрондық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі тіркелген кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады және мыналарды:
1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуы бар автоматты хабарламалар жөнелтуді;
2) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді алуды қамтиды.»;
22) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыруды орталық мемлекеттік органдар, Мемлекеттік корпорация, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұрақты негізде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобалардың қорытындысы бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларын іске асыру бірлескен шешімнің негізінде жүзеге асырылады.»;
23) 23-бапта:
1-тармақтың 1) және 3) тармақшаларындағы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын» деген сөздер «мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» деген сөздер «мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жаңартады» деген сөзден кейін «және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «көрсетілетін қызметтер стандарттарын» деген сөздер «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «Орталық мемлекеттік» деген сөздер «Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 29-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.».
32. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) 45-баптың 1-тармағында:
төртінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамын, оны қайта ұйымдастырғаннан кейінгі есеп-қисап балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін құжат қоса беріледі.»;
3) тармақша алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 48-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерінің және бағалы қағаздар нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттарының жоқ екенін растайтын құжаттарға ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қоюға тиіс.».
33. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
1) 72-бапта:
3-тармақтағы «он бес» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақта:
екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
алтыншы бөліктегі «Аттестатталған ұйым» деген сөздер «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым (бұдан әрі - аттестатталған ұйым)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 74-баптың 2-тармағындағы «күнтізбелік он бес күн» деген сөздер «жеті жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 79-бапта:
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларына, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының мүшелеріне сертификаттар беріледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Куәлік (сертификат) онда көрсетілген мерзімдер кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.»;
16-тармақтағы «куәлігі» деген сөз «куәліктері (сертификаттары)» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):
1) 88-баптың 13-тармағы алып тасталсын;
2) 91-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын.
35. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат):
6-баптың 1-тармағы 26) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын.
36. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № -ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 33-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша «өзгерген» деген сөзден кейін «(лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақ шаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі «қызмет түрінің», «қызмет түрі» деген сөздерден кейін «және (немесе) кіші түрінің», «және (немесе) кіші түрі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Заңды тұлға-лицензиаттар біріккен кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлға-лицензиаттар лицензиясының қолданысы жаңадан пайда болған заңды тұлға-лицензиаттың лицензиясы қайта ресімделген күннен бастап тоқтатылады.»;
36-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 24, 25 және 26-тармақтармен толықтырылсын:
«24. Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу
25. Салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру
26. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу»;
4) 2-қосымшада:
87-9-жол алып тасталсын;
36-тармақтың 4) тармақшасыныі үшінші - бесінші абзацтары 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
244-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
244 | Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфелді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басқармасының: 1) банктің ірі қатысушысы мәртебесін; 2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін; 3) инвестициялық портфелді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін; 4) банк холдингі мәртебесін; 5) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулысы | Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
»;
247 және 255-жолдар алып тасталсын.
37. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):