10-11-бап. Электрондық платформа әкімшісі
1. Электрондық платформа әкімшісі:
1) электрондық платформаны дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2) электрондық платформаның жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
5) уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
6) жоспарланатын және іске асырылатын жобаларды ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен электрондық платформаның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық платформада жүзеге асырылады.
3. Электрондық платформа әкімшісін уәкілетті орган айқындайды.
10-12-бап. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобаларды жоспарлау мен іске асырудың негізгі ережелері, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаттары
1. Табиғи монополиялар субъектісі энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жобаларды іске асыруды уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны, оның ішінде сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесінің ашықтығы мен бүкпесіздігі;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу жағдайларынан басқа, әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік конкурс негізінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
4) қазақстандық тауарлар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету;
5) «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарт жасаса отырып, екі кезеңдік конкурстың міндеттілігі қағидаттарына негізделеді.
3. Әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, электрондық платформа әкімшісі, техникалық оператор, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, уәкілетті орган, қазақстандық тауар өндірушілер сатып алу субъектілері болып табылады
4. Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары үшін мердігерлерді іріктеу, конкурстық құжаттаманы бекітудің тәртібі мен өлшемшарттары бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларында айқындалады.
5. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
10-13-бап. Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі
1. Орталықтандырылған және жергілікті сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде сумен жабдықтауды, сондай-ақ сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету процесінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар сумен жабдықтаудың және су бұрудың сапасы мен көлемі, жабдықтың, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің және қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге де мүліктің жай-күйі, көрсетілген мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар, су ысырабын азайту жөніндегі шаралар туралы ақпаратты сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы береді.
2. Суды өндіру, беру және сумен жабдықтау процесіне қатысатын сумен жабдықтау және су бұру объектілерін есепке алу аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласының жай-күйі мен оны дамытудың болжамы туралы ақпаратты жинау, өңдеу;
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласын дамытудың болжамын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
3) сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
4. Уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларында мыналар:
1) деректерді жинау, өңдеу, мониторингтеу және талдау тәртібі;
2) ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар;
3) су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қойылатын талаптар;
4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын талаптар;
5) автоматтандырылған есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі үшін серверлік жабдыққа және операциялық жүйеге қойылатын техникалық талаптар;
6) су ресурстарын есепке алудың ақпараттық жүйесінде ақпаратты беру технологиясына қойылатын талаптар;
7) суды есепке алуды жүзеге асыратын және есепке алу аспаптарын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдарына, өзге де жабдықтарға және материалдық емес активтерге қойылатын талаптар да айқындалады.
5. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы субъектілер өздерінің суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қолжетімділік беруге және оларды сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесімен интеграциялауға міндетті.».
14. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ жоғары тәуекел объектілеріне, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалау құжаттамасының сақтандыру қорын жасау, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды;».
15. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-1-бапта:
тақырыптағы «нышаны» деген сөз «өңірлік рәміздемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «өз елтаңбасы» деген сөздер «өз өңірлік рәміздемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін және оның бейнесін» деген сөздер «Алматы қаласының өңірлік рәміздемесінің сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-бапта:
9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-44) және 9-45) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-44) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыру үшін жауап беретін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
9-45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының аумағында орынтұрақ кеңістіктерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;».
16. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
17. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) стационарлық емес объект - егер «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, қызметтер көрсету үшін және (немесе) өзге де мақсаттар үшін пайдаланылатын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық қосылуының) болуына немесе болмауына қарамастан, жерге берік орнатылмаған уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;»;
2) 6-бапта:
17-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-6) тармақшамен толықтырылсын:
«4-6) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу;»;
мынадай мазмұндағы 2-15 және 6-1-тармақтармен толықтырылсын:
«2-15. Республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретіне:
1) қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын;
2) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекіту жатады.»;
«6-1. Алматы қаласын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді.»;
3) 27-бапта:
1-15) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-8 және 1-9-тармақтармен толықтырылсын:
«1-8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі:
1) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында халықтың экологиялық қауіпсіздігін және табиғи экологиялық жүйелердің элементтерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді;
3) «жасыл экономика» саласында жаңа технологияларды ынталандыру шараларын айқындайды.
1-9. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі:
1) Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, тұрғын секторда қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді;
3) жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды;
4) республикалық маңызы бар қалаларды, астананы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлейді;
6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекшеліктері ескерілетін қосымша талаптарды ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органына бекітуге ұсынады;
7) жылумен, энергиямен, сумен және газбен жабдықтау, кәріз және су бұру жүйелерінің, жол қызметінің, қалалық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің тиімді жұмыс істеуі, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, санитариялық тазарту, сондай-ақ тұрғын үй қорын инженерлік қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу саласындағы қызметті үйлестіреді;
8) мүдделі орталық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жеке және заңды тұлғалардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сауда, ойын-сауық, қонақүй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
4) 31-баптың 1-тармағының 31) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармағының 5) тармақшасын 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
5) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-11) тармақшамен толықтырылсын:
«12-11) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;».
18. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бапта:
тақырыптағы «мақсаттары» деген сөз «негізгі мақсаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «мақсаттары» деген сөз «негізгі мақсаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «міндеттері» деген сөз «негізгі міндеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Даму Банкі қызметінің негізгі қағидаттары Даму Банкі қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;
2) Даму Банкінің қызметін жүзеге асырудың ашықтығы;
3) адалдық және кәсібилік.».
19-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 8), 20-22) және 20-23) тармақшалары алып тасталсын;
2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1), 13-15) және 13-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
«13-15) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
13-16) тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;»;
3) 28-1-бапта:
3-тармақтағы «уәкілетті орган» және «уәкілетті органның» деген сөздер тиісінше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» және «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «уәкілетті органға» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) дизайн-код - елді мекендердің стилистикалық бірыңғай сәулеттік келбетін, жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде абаттандыру элементтерін, ақпараттық конструкцияларды (маңдайшаларды, қалалық навигацияны), жарнама конструкцияларын, стационарлық емес объектілерді орналастыруға, көгалдандыруға, жарықтандыруға, қасбеттерге, қоршауларға қатысты талаптар;»;
мынадай мазмұндағы 7-2) және 59-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы - елді мекендер аумақтарының, сондай-ақ елді мекендердің шегінен тыс жерде орналасқан аумақтардың жекелеген бөліктері мен функционалдық аймақтары үшін әзірленетін қала құрылысы құжаттамасы;»;
«59-1) «толық бітіріп берілетін» құрылыс - жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу) және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ жобалар мен техникалық қадағалаудың көрсетілетін қызметтеріне ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарларды жеткізуді және қызметтер көрсетуді қамтитын объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар;»;
2) 16-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Толық бітіріп берілетін» құрылыстың ерекшелігі қаржыландыру, жоспарлау, іздестірулер, негіздемелер, жобалау, салу және оған ілеспе көрсетілетін қызметтер, басқару, пайдалану, қызмет көрсету, тараптардың бірінің балансына беру жөніндегі шарттарды қамту мүмкіндігінен көрінетін кешенді сипат болып табылады.
Құрылысқа мемлекеттік инвестицияларды қамтитын жобалар бойынша «толық бітіріп берілетін» құрылысты жоспарлау, қаржыландыру және іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
3) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың дизайн-кодын бекіту;
1-3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын бекіту;»;
4) 25-бап мынадай мазмұндағы 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі республикалық маңызы бар қаланың, астананың дизайн-кодын әзірлейді.
1-4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі республикалық маңызы бар қаланың, астананың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын әзірлейді.»;
20-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 64-1-бапта:
11-тармақтың екінші бөлігіндегі «Тапсырыс беруші» деген сөздер «Егер осы баптың 11-1-тармағында өзгеше көзделмесе, тапсырыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізілген объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындылары бойынша сараптаманың теріс қорытындысын берген жағдайда, берілген теріс сараптамалық қорытынды апелляциялық комиссияға қарау үшін жіберіледі.
Апелляциялық комиссия мемлекеттік сараптама ұйымының жүргізілген объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындылары бойынша теріс сараптамалық қорытындыларды қарау үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның жанынан тұрақты негізде құрылады.
Апелляциялық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Апелляциялық комиссияның құрамына міндетті түрде сараптамалық ұйымдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестіктер арасынан сарапшылар тартылады. Апелляциялық комиссияны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган басшысының орынбасары басқарады.
Апелляциялық комиссия мемлекеттік сараптама ұйымының теріс сараптамалық қорытындысын қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) теріс сараптамалық қорытындыны өзгеріссіз қалдыру;
2) теріс сараптамалық қорытындының күшін толық немесе бір бөлігінде жою.
Мемлекеттік сараптама ұйымының теріс сараптамалық қорытындысын қарау аяқталған соң сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уәжді шешім шығарады.»;
20-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6) 68-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер осы жолданым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені қолданған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге өтеусіз қолжетімділік беруге міндетті.».
21-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
21. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 17-8) тармақшамен толықтырылсын:
«17-8) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;»;
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 32-7) тармақшамен толықтырылсын:
«32-7) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;».
22-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
22. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 3) тармақшасындағы «, әлеуметтік қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді» деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) әлеуметтік қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді;».
23. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-бапта:
23-8) тармақшадағы «автомобиль» деген сөз «республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-16) тармақшадағы «әлеуметтік» деген сөз «республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) қалалық қоғамдық көлікте қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді және бекітеді;
2) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және олардың агломерацияларының аумағында жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.».
24. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардан (ғимараттардан, құрылысжайлардан және олардың кешендерінен) тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде дыбыстық ақпарат арқылы таратуға тыйым салынады.»;
2) 11-бапта:
1-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерінің жүріс бөлігінің, жаяу жүргіншілер тротуарларының және велосипед жолдарының, отырғызу алаңдарының, аялдама пункттерінің жабынына жарнамалық бейнелер және (немесе) ақпарат салу арқылы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.»;
7-тармақта:
үшінші бөлікте:
«Ғимараттардың» деген сөздер «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі осы Заңның талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ ғимараттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесі белгісіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелеріне немесе ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғаларға» деген сөздер «жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесіне, ал егер меншік иесі белгісіз болса, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелеріне немесе ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;