«7. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және оның қызметкерлерімен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, оларға жаза қолданады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскерлері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін олармен жасалған еңбек шарты тараптардың өзара келісімі бойынша, жалпы негіздердегі конкурс арқылы мерзімді жыл сайын бір жылға ұзарту құқығымен бұзылады.».
38. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) көшіп келушіні тіркеу - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көшіп келушінің уақытша болатын жері мен мерзімі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеде белгілеуі;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасына күнтізбелік отыз күннен артық мерзімге келетін көшіп келушілер, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін күнтізбелік отызыншы күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті.
Көшіп келушіні тіркеу кезінде мәлімделген мекенжай өзгерген кезде көшіп келуші бес жұмыс күні ішінде жаңа болатын мекенжайы бойынша тіркелуге міндетті.»;
3) 6-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте көшіп келушіге уақытша тұруға рұқсатты немесе визаны ресімдеу кезінде қабылдаушы тарап көрсеткен уақытша болатын (тұратын) жерінен басқа жерде, сондай-ақ көшіп келушіні тіркеу кезінде мәлімделген жерден басқа жерде тұруға тыйым салынады.»;
4) 9-бапта:
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі, сондай-ақ осы Заңның 48-бабында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақырулар беруден бас тартады;»;
мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:
«6-4) көшіп келушілерді тіркеу тәртібін айқындайды;»;
15) тармақша «шығаруды» деген сөзден кейін «, оның ішінде «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін ескере отырып, астанада уақытша болатын (тұратын) жерге келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді, сондай-ақ есепке қоюды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 19-2-бапта:
«немесе ұзартуға» деген сөздер алып тасталсын;
«астананың» деген сөзден кейін «халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
«, оның құрамына мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді» деген сөздер алып тасталсын;
6) 20-баптағы «және ұзартудан» деген сөздер алып тасталсын;
7) 51-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тұрғынжай меншік иесінің жұбайын (зайыбын), жекжаттарын, жақын туыстарын, олардың жұбайлары (зайыптары) мен балаларын, өзінің қамқорлығындағы немесе қамқоршылығындағы адамдарды, сондай-ақ астанада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерді тіркейтін жағдайларды қоспағанда, осы тұрғынжайда тіркелген, жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын адамдар болмаған жағдайда, астананың аумағында белгіленген нормативтерден асырып тіркеуге жол берілмейді;».
39-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
39. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады;».
40-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
40. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
3) тармақшада:
«схемасын» деген сөзден кейін «және өңірлік схемаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
«әзірлейді» деген сөзден кейін «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «іске асырылуын бақылауды» деген сөздер «іске асырылуын мониторингтеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 5-тармағында:
1-6) тармақша «тізілімін,» деген сөзден кейін «сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «қатысады,» деген сөзден кейін «сондай-ақ Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемасының іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемасын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.».
41. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) деректерді қашықтан беретін есепке алу аспаптары - деректерді автоматты режимде беретін, энергетикалық ресурстарды және суды тұтынуды есепке алуға арналған техникалық құрылғылар;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;»;
14-1) және 14-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі - бірыңғай ақпараттық жүйе) - Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі ақпаратты қамтитын, уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
14-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі - энергия менеджменті) - объектінің энергетикалық ресурстарын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;»;
мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты - сәйкестікті растау жөніндегі орган беретін, энергия аудиторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын құжат;»;
2) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Бірыңғай ақпараттық жүйе
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ақпарат қалыптастыру және алмасу, жеке және заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпаратты орналастыруы, сондай-ақ басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды энергетикалық ресурстар мен суды тұтынуды мониторингтеу және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласында болжау үшін толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету бірыңғай ақпараттық жүйені жүргізудің мақсаттары болып табылады.
2. Бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеуді, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялауды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру, сондай-ақ экономика салаларының энергия сыйымдылығын, жалпы ішкі өнімді және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстар мен суды пайдалану тиімділігін талдау және болжау үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:
1) ақпараттық жүйелер, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің ресурстарын жоспарлау жүйелері, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстар мен су тұтынуды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері;
2) деректерді қашықтан беретін есепке алу аспаптарынан, энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың энергетикалық ресурстар мен суды есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінен, байланыс операторларынан (телекоммуникациялар желісі иелерінен) алынған деректер, оның ішінде отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінен алынған ақпарат;
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес өзге де ақпарат көздері.»;
4) 20-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.».
42. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
42-тармағының 1) және 2) тармақшалары 2025 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 11-баптың 62) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:
«81-1) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидаларын бекітеді;»;
3) 58-баптың жетінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
44-1) және 44-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«44-1) орынтұрақ кеңістігі - көлік құралының аялдауы және (немесе) тоқтап тұруы үшін, оның ішінде автомобиль жолдарынан тыс жерде арнайы бөлінген аумақ немесе орын;
44-2) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты - жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;»;
мынадай мазмұндағы 44-3) тармақшамен толықтырылсын:
«44-3) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты - өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;»;
2) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Астана және Алматы қалаларының жергілікті өкілді органдары:
1) мыналарды:
көлік құралдарының аялдау немесе тоқтап тұру, оның ішінде орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізуді (эвакуациялауды), оларды уақытша сақтауды, көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) және сақтау, қайтару құнын төлеуді;
Астана және Алматы қалаларында қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнатуды қоса алғанда, жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Астана және Алматы қалаларында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
2) коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін айқындайды.»;
«3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) ақылы тұрақтарды (орынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) ақылы тұрақтарды (орынтұрақтарды) ұйымдастырады.».
44. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалар туралы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
«12-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
45-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
45. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларының тізілімін жүргізеді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 14-5), 14-6), 14-7) және 14-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-5) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
14-6) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
14-7) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
14-8) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;».
46-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
46. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-2) спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жастардың қатысуымен жарыстар өткізеді;
2-3) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан шыққан жоғары сыныпты спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырады;»;
6-1) тармақша «мәдениет,» деген сөзден кейін «дене шынықтыру, спорт,» деген сөздермен толықтырылсын.
47-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
47. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ауыл шаруашылығы кооперациясы үшін кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға және ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдеседі;».
48. «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-бапта:
1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзін-өзі реттеу туралы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
«4-2) осы Заңның мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзін-өзі реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
49. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бапта:
1-тармақ «есепке алу бойынша көрсету» деген сөздерден кейін «және (немесе) азайту» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы «есепке алу бойынша көрсету» деген сөздерден кейін «және (немесе) азайту» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «бұзушылықтардың мынадай түрлерін» деген сөздер «мыналарды да» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «негізсіз жұмсауға» деген сөздер «негізсіз және (немесе) мақсатсыз пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «есепке алу бойынша көрсету» деген сөздерден кейін «және (немесе) қаржыландыру жоспарын азайту» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 12-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) бюджеттен тыс қорлардың;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) бюджеттен тыс қорларға;»;
4) 21-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау» деген сөздер «бюджет жобасын алдын ала бағалау, кейіннен бағалау қорытындылары бойынша қорытындылар және бюджеттің атқарылуын ағымдағы бағалау бойынша есепті ақпарат дайындау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 27-бапта:
1-тармақтағы «, нақтыланған республикалық бюджет жобасын» деген сөздер алып тасталсын:
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6) 30-баптың 5-тармағы «есепке алу бойынша көрсету» деген сөздерден кейін «және (немесе) азайту» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 37-бапта:
2-тармақтың 6-1) тармақшасындағы «мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары» деген сөздер «аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өз ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұлғалардың ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісі осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мерзім шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді және ол мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтарымен бірге қаралады.»;
8) 39-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Жоғары аудиторлық палатадан бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Жоғары аудиторлық палатаның, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері» деген сөздермен ауыстырылсын.
50. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурс Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасына сәйкес әңгімелесу кезеңі алдында конкурсқа қатысушыларды келісудің қосымша кезеңін қамтиды.».
51. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 1-тармағы «және құрылыс» деген сөздер «және (немесе) құрылыс» деген сөзбен ауыстырылсын.
52. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Бағалау туралы есеп бағалау жүргізуге арналған шартты орындау нәтижесі болып табылады.»;
2) 19-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағалаушы бағалаушылар палатасының жарғысын, бағалаушының іскерлік және кәсіптік әдеп кодексін бұзған жағдайда тоқтатылады.
Бұл ретте бағалаушыға бағалаушылар палатасынан бағалаушыны шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде басқа бағалаушылар палатасына кіруге тыйым салынады;»;
3) 20-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің 8) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «бағалаушы», «сарапшы» біліктіліктерін беру туралы куәліктерден айыру туралы мәселені қарау;»;
4) 23-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «жоғары білімі» деген сөздер ««Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру мынадай жағдайларда:
1) бағалаушының қызметін бақылау нәтижелері бойынша немесе жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бағалаушылар палатасының бастамасымен;
2) азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде сот актісі заңды күшіне енгенде жүзеге асырылады.
«Бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру кезеңі «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру мерзімінің кезеңінде оқу курсынан өте отырып, алты айды құрайды.»;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «Бағалаушылар палатасы», «айыруды» деген сөздер тиісінше «Бағалаушылардың алқалы басқару органының шешімімен», «айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және бесінші абзацтардағы «бірнеше рет бұзған», «жүзеге асырады» деген сөздер тиісінше «екі реттен артық бұзған», «жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасындағы «бірнеше рет бұзған» деген сөздер «екі реттен артық бұзған» деген сөздермен ауыстырылсын.
53. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу;
2) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) тарифтің негізділігі;
2) табиғи монополиялар және табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтер көрсетуі салаларындағы мемлекеттік реттеудің жариялылығы мен ашықтығы.»;