2) 4-баптың 16) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде ысырапты өтеу үшін электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру, беру және тарату және өткізу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер ескерілген электр энергиясы;»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33-2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салалардағы табиғи монополиялар субъектілерімен және энергия өндіруші ұйымдармен бірлесіп, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын айқындай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;»;
4) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салалардағы табиғи монополия субъектісінің энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, қолдау және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатын қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тарифті бекітудің алдағы кезеңіне және табиғи монополия субъектісі борышты өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындағанға дейін тарифті бекітудің кейінгі кезеңдеріне арналған шығындарды тарифке енгізуді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, қарыз шартының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің тартылған қарыздары бойынша бекітілген тарифтегі шығындар көлемі өзгертілуге жатпайды.
Табиғи монополия субъектісі энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде бекітілген инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаның іс-шаралары орындалған кезде қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауға міндетті.»;
22-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алуға, орнатуға, салыстырып тексеруге және ағымдағы пайдалануға арналған шығындарды жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және іске асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифіне ендіру тәртібі;»;
5) 21-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның және (немесе) тиісті салаларда мемлекеттік реттеуді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың табиғи монополия субъектісінің энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішін қарау тәртібі мен мерзімдері тарифті қалыптастыру қағидаларында белгіленеді.»;
6) 22-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша «инвестициялық бағдарламаның» деген сөздерден кейін «және (немесе) шығындары бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген жасалған қарыз шарты талаптарының» деген сөздермен толықтырылсын;
9-2) тармақшадағы «9-3) тармақшасында» деген сөздер «9-3) және 9-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
«9-4) жыл статистикасының деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің номиналдық жалақысы республика бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің номиналдық жалақысының деңгейіне жетпеген жағдайда, бекітілген тарифтік сметада Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша тиісті деңгейге жеткенге дейін бір жұмыскердің жалақысы деңгейін жылына жиырма пайыздан асырмай ұлғайту есеп-қисабы қолданылады;»;
2-тармақтағы «және 10)» деген сөздер «, 9-4) және 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган бекіткен тарифті бекітілген энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту негізі бойынша табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге өтінім беру жөнінде қосымша бастамамен бір жыл ішінде жүгінуге құқылы.»;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «және 9-3)» деген сөздер «9-3) және 9-4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-2. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасында жүзеге асырылады.
2-3. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға байланысты құқықтық қатынастардың ерекшеліктері мен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында айқындалады, оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аяқталғанға дейін қолданылады.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-12-бабына сәйкес белгіленеді.»;
8) 26-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, салыстырып тексеру және пайдалану шығындарын тарифке енгізуге;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, бұрын пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлердің осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес үйге ортақ жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алуға, орнатуға, оларға салыстырып тексеру жүргізуге және ағымдағы пайдалануға;
30-2) көппәтерлі тұрғын үйдің үйге ортақ жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспабы пайдалануға берілгеннен кейін оны өтеусіз негізде өз балансына қабылдауға;».
54-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
54. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік» деген сөз «республикалық» деген сөзбен ауыстырылсын.
55-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
55. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-бапта:
1-тармақтың 2), 3) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында:
1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
3) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады.
1-2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
3) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады.».
56. «Агломерацияларды дамыту туралы» 2023 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агломерацияларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
«8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агломерацияларды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
57. «Жылу энергетикасы туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 36) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«36) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі - уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) - жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;»;
2) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі
1. Жылу энергиясын өндіру, беру және жылу энергиясымен жабдықтау процесінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жылумен жабдықтаудың сапасы мен көлемдері, жылу энергиясын тұтыну режимдері, жабдықтардың, жылу желілерінің және қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге де мүліктің жай-күйі, көрсетілген мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар, энергия тиімділігін арттыру және жылу энергиясының ысырабын азайту жөніндегі шаралар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологияларын ендіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат береді.
2. Жылу энергиясын өндіру, беру және жылу энергиясымен жабдықтау процесіне қатысатын жылу энергетикасы объектілерін жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету уәкілетті орган бекітетін жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларында айқындалады.
3. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
1) жылу энергетикасының жай-күйі мен даму болжамы туралы ақпаратты жинау, өңдеу;
2) жылу энергетикасының даму болжамын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
3) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
4. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында мыналар:
1) деректерді жинау, өңдеу, мониторингтеу және талдау тәртібі;
2) жылу энергетикасын ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар;
3) энергетикалық ресурстарды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қойылатын талаптар;
4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын талаптар;
5) коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі үшін серверлік жабдыққа және операциялық жүйеге қойылатын техникалық талаптар;
6) жылу энергетикасын есепке алудың интеллектуалдық жүйесінде ақпарат беру технологиясына қойылатын талаптар;
7) жылу энергиясын есепке алуды жүзеге асыратын, есепке алу аспаптарын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдарына, өзге де жабдықтарға және материалдық емес активтерге қойылатын талаптар да айқындалады.
5. Жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің субъектілері өздерінің жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қолжетімділік беруге және оларды уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялауға міндетті.».
58. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 35-тармағының 11) тармақшасында:
үшінші абзацтағы «, нақтыланған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларын» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзац алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2, 6 және 8-тармақтарын, 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 17-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 19, 21, 22 және 26-тармақтарын, 27-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 30 және 31-тармақтарын, 32-тармағының 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 4) тармақшасын, 35, 36, 39, 40, 45, 46, 47, 54 және 55-тармақтарын;
2) 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағының 5) тармақшасын;
3) 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасын, 33-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын және 6) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын;
4) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағын;
5) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 20-тармағының 5) және 6) тармақшаларын және 37-тармағын;
6) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 42-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 17 шілде
№ 213-VIII ҚРЗ