8-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 7-баптың 19) және 97) тармақшалары алып тасталсын;
2) 8-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
3) 12-бапта:
тақырыптағы «және астананың» деген сөздер «, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 12) тармақшасындағы «уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жас мамандарды әлеуметтік қолдау және қалдыру шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.»;
4) 13-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4) және 8-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;
8-2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаларда корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
8-3) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
8-4) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіби құзыреттілікке аттестаттауды жүргізеді;
8-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның іске асырылуына мониторинг және көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттануы бойынша нәтижелерді бағалауды жүргізеді;»;
5) 26-бапта:
3-тармақта:
«облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттауды жүргізеді.»;
4-тармақ «басшыларын» деген сөзден кейін «, олардың орынбасарларын» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 246-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
178-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өкілеттіктерін іске асыру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.».
10. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 11-баптың 16) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-бапта:
4) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
5) тармақшаның отыз алтыншы абзацындағы «әзірлейді және бекітеді» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы отыз жетінші абзацпен толықтырылсын:
«мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
10-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 13-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
10-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 18-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) мыналарды:
денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы бақылауды;
денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, уәкілетті мемлекеттік органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;».
11. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 30-баптың 1-тармағында:
10) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;»;
13) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;»;
2) 31-баптың 1-тармағында:
10) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;»;
13) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;»;
3) 32-баптың 1-тармағында:
10) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;»;
13) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;»;
4) 33-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;»;
9) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;»;
12) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;»;
5) 40-баптың 7-тармағының он бірінші абзацындағы «есепті жариялауды қамтамасыз етеді.» деген сөздер «есепті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді жариялауды қамтамасыз етеді.»;
6) 41-бапта:
4-тармақта:
«төмен тұрған бюджеттерге тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктелгені» деген сөздер «тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қорытындысының болмауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қорытындыларының немесе төмен тұрған бюджеттерге тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуді көздейтін қорытындылардың» деген сөздер «немесе тиісті жергілікті бюджет комиссиясының қорытындысы жоқ қорытындылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақ «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша» деген сөздерден кейін «, «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы жобалар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 45-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді мониторингтеу.»;
8) 49-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелер.»;
9) 53-баптың 3-тармағының екінші абзацы «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары» деген сөздерден кейін «, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 59-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктің бесінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде тартылатын қарыздарды субсидиялауға бағытталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктердегі «әл-ауқат қорының» деген сөздерден кейін «және даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған Ұлттық басқарушы холдингтің» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 61-баптың 1-тармағындағы «148-бабының 8-тармағына сәйкес» деген сөздер «148-бабы 8-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктеріне сәйкес айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 80-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары» деген сөздерден кейін «, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 86-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;
жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;»;
14) 87-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;»;
15) 95-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
16) 96-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
17) 109-баптың 4-тармағында:
үшінші бөліктегі «жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы» деген сөздер «мынадай құжаттардың бірі: жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы, техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы немесе «толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер лизингтік төлемдерді өтеу графигіне сәйкес мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатады.»;
18) 28-тарау мынадай мазмұндағы 147-1-баппен толықтырылсын:
«147-1-бап. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер
1. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер - «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне тапсырыс берушінің және өнім берушінің бюджеттен бөлінген сома бойынша, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша қабылдайтын мемлекеттік міндеттемелердің көлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің және тиісті жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерімен шектеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
3. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттарға қол қою арқылы жүзеге асырылады.
«Толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.
«Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер «толық бітіріп берілетін» әрбір жеке құрылыс жобасы бойынша шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде ғана тіркелуге жатады және олар тиісті бюджет комиссиясының шешіміне немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес мемлекет міндеттемелерін ұлғайту жағына қарай қайта қаралмайды.
«Толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарт сомасы мемлекеттің міндеттемелерін ұлғайту жағына қарай қайта қаралмайды.
4. Мемлекеттік қазынашылық бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асырады.
5. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік қазынашылық және мемлекеттік қазынашылық органдары «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есептерді қалыптастырады және оларды осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялауды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер толық төленген кезде орындалған болып есептеледі.»;
19) 148-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қаржыландыру және орындау.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі «заңнамасында» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы ережелерде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
20) 149-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар тізбесіне құрылыс жобасын жатқызу жағдайын қоспағанда, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобасы бойынша инвестициялық ұсыныс және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді. Қажет болған кезде тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздеменің орнына техникалық тапсырма әзірлейді және «толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құнын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Техникалық жағынан күрделі емес, құрылысы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолдану жобалары бойынша болжанатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
1-2. «Толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құны - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдерді өткізу және «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар жасасу үшін жобалау алдындағы кезеңде айқындалатын құрылыс жобасын іске асыру құны. «Толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құны ғимараттар мен құрылысжайларды салу құнының объектілердің қуат көрсеткішінің өлшем бірлігіне шаққандағы ірілендірілген көрсеткіштері, желілік құрылысжайдың ұзақтығы және ғимараттың, құрылысжайдың функционалдық мақсаты ескерілетін басқа да техникалық сипаттамалар пайдаланылып айқындалады. Қажет болған кезде ғимараттардың (құрылысжайлардың) конструкциялық элементтері мен жұмыс түрлері (кешендері) құнының ірілендірілген көрсеткіштері (оның ішінде ұқсас объектілердің жобалау- сметалық құжаттамасы негізінде құнның ірілендірілген көрсеткіштері) қолданылады.»;
5-тармақтың төртінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз «егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 172-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «96-баптың 5-тармағының үшінші бөлігін,» деген сөздер алып тасталсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
13-бапта:
сегізінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Үкімет қаулыларымен,» деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдерінде адамдардың жекелеген санаттары үшін тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, көлік қызметтеріне жеңілдіктер белгіленген кезде жергілікті өкілді және атқарушы органдар қаржыландыру көзін айқындайды, бұл ретте жергілікті атқарушы органдар тасымалдаушылармен шарт жасасады.».
13. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы «ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.» деген сөздер «ерекшеліктеріне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға байланысты қатынастарды реттейді.»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-8), 1-9), 48-1) және 48-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-8) бірыңғай есеп айырысу орталығы - уәкілетті орган айқындайтын жұмыс істеу талаптары мен тәртібіне сәйкес келетін, бірыңғай төлем құжатын қалыптастыруды жүзеге асыратын және ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушілер мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;
1-9) бірыңғай төлем құжаты - қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, оның негізінде немесе оның көмегімен төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын, коммуналдық және қосымша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат;»;
«48-1) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасы (бұдан әрі - электрондық платформа) - энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде электрондық сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ететін, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарт жасасу, сондай-ақ жобаларды іріктеу және мониторингтеу үшін қолжетімділік нүктесін қамтамасыз ету жөніндегі электрондық қызметтерді ұсынатын ақпараттық жүйе;
48-2) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторы (бұдан әрі - техникалық оператор) - мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;»;
3) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторын айқындайды.»;
4) 10-2-бапта:
10-15) тармақша «көрсетілетін қызметтер тізбесін» деген сөздерден кейін «, бірыңғай төлем құжатына қойылатын талаптарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-41), 10-42), 10-43) және 10-44) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-41) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларының үлгілік конкурстық құжаттамасын әзірлейді және бекітеді;
10-42) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процестерін мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10-43) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
10-44) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;»;
5) 10-6-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тұтынушыларды қоспағанда, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (қатысушылары) бірыңғай есеп айырысу орталығы қалыптастырған деректерді қоса алғанда, деректерді техникалық операторға береді.»;
6) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 10-10, 10-11, 10-12 және 10-13-баптармен толықтырылсын:
«10-10-бап. Техникалық оператордың құзыреті
1. Техникалық оператор:
1) тиісті салаларда мемлекеттік реттеуді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және салуға қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бірлесіп қалыптастырады;
2) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және салуға қатысатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті атқарушы органдардың жобалауға арналған алдын ала өтінімдері мен тапсырмаларын қарайды;
3) сумен жабдықтау және су бұру, жылу және электр энергиясын өндіру, беру жүйесінің энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғыртуға бағытталған техникалық-технологиялық шешімдердің сараптамасын жүзеге асырады;
4) жобаларды энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобалау, салу және (немесе) пайдалану, оның ішінде энергия үнемдеу кезеңдерінде іске асыруды мониторингтеуді жүзеге асырады;
5) энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдану және жаңа өндірістерді орналастыру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мәселелерін мониторингтеу мен үйлестіруді жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;
7) бірыңғай төлем құжатын қолдануды ұйымдастырады;
8) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мен деректерді орталықтандырылған жинауды, талдауды, сақтауды, олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
9) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, оның ішінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында ақпараттық жүйелерді құруды және қолдап отыруды ұйымдастырады.