төртінші бөліктегі «Сыртқы» деген сөз «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесі, сыртқы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жарнаманы жеке тұрған тіркемелерде және жартылай тіркемелерде (автомобильге тіркелмеген күйіндегі), сондай-ақ көлік құралдарының макеттерінде орналастыру көлік құралдарында жарнама орналастыру болып табылмайды. Мұндай жарнаманы орналастыру осы Заңның 11-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлік құралдарының азайтылған, ұлғайтылған не заттай шамадағы модельдері осы Заңның мақсаттары үшін көлік құралдарының макеттері деп танылады.»;
4) 17-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарнама саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
5) 17-2-баптың 4-тармағындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Үкіметі» деген сөз «Бас Прокуроры» деген сөздермен ауыстырылсын.
26-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
26. «Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 1-тармағындағы «туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 32) тармақшасы «стационарлық емес сауда объектісі -» деген сөздерден кейін «сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын,» деген сөздермен толықтырылсын;
27-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 7-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
27-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 8-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлік 2) тармақшасындағы «мөлшерін бекітеді.» деген сөздер «мөлшерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтерін бекітеді.»;
27-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 14-1-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 14-2-баптың 1-тармағындағы «Уәкілетті орган бекіткен халықты» деген сөздер «Халықты» деген сөзбен ауыстырылсын.
28. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 20-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-4) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі - уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) - жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы электр энергетикасы саласындағы деректерді жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;»;
2) 5-бапта:
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын айқындайды;
6-3) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті белгілейді;
6-4) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;»;
3) мынадай мазмұндағы 10-4-баппен толықтырылсын:
«10-4-бап. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі
1. Электр энергиясын өндіру, беру және электр энергиясымен жабдықтау процесінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрмен жабдықтаудың сапасы мен көлемі, электр энергиясын тұтыну режимдері, қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жабдықтың, электр желілерінің және өзге де мүліктің жай-күйі, көрсетілген мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясының ысырабын азайту жөніндегі шаралар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологияларын ендіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпаратты береді.
2. Электр энергиясын өндіру, беру, тұтыну және электр энергиясымен жабдықтау процесіне қатысатын электр энергетикасы объектілерін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету уәкілетті орган бекітетін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларында айқындалады.
3. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
1) электр энергетикасының жай-күйі және даму болжамы туралы ақпаратты жинау, өңдеу;
2) электр энергетикасының даму болжамын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
3) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
4. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында мыналар:
1) деректерді жинау, өңдеу, мониторингтеу және талдау тәртібі;
2) электр энергетикасын ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар;
3) энергетикалық ресурстарды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қойылатын талаптар;
4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын талаптар;
5) коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі үшін серверлік жабдыққа және операциялық жүйеге қойылатын техникалық талаптар;
6) электр энергетикасын есепке алудың интеллектуалдық жүйесінде ақпаратты беру технологиясына қойылатын талаптар;
7) электр энергетикасын есепке алуды жүзеге асыратын және есепке алу аспаптарын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдарына, өзге де жабдықтарға және материалдық емес активтерге қойылатын талаптар да айқындалады.
5. Электр энергиясын өндіру, беру және электр энергиясымен жабдықтау процесінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздерінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қолжетімділік беруге және оларды уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялауға міндетті.».
29-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
29. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады;»;
«2-1) аңшылық алқаптардың резервтік қорындағы жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды, сондай-ақ оны мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;».
30-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
30. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-8), 1-9), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-8) мыналарға:
агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына;
азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу;
1-9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;»;
«2-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастыру;
2-3) нормативтік құқықтық базаны, баға, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттің саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
2-4) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тауарлық ілгерілету жүйесін ұйымдастыру;»;
12-2) тармақша алып тасталсын;
12-5) тармақшадағы «, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу, күтіп-ұстау және реконструкциялау;»;
«7-2) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізу;
7-3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;».
31-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
31. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын әзірлеуге қатысады;».
32. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 3-4) тармақшасындағы «әзірлейді» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-бапта:
32-тармағының 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;»;
10-1) тармақшадағы «уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
32-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4) және 8-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
8-2) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
8-3) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
8-4) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
8-5) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;»;
5) 15-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бапта:
тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Астананың өңірлік рәміздемесі
Астананың өз өңірлік рәміздемесі бар.»;
екінші бөліктегі «Рәміздердің» деген сөз «Өңірлік рәміздеменің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 3) тармақшасы алтыншы абзацындағы «регламентін бекітеді» деген сөздер «регламентін» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
33-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы 2025 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
«астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын;
астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін бекітеді;»;
3) 9-бапта:
19-1), 19-2), 19-3), 19-4), 19-5) және 19-14) тармақшалар «келбет беруге» деген сөздерден кейін «және оның дизайн-кодын сақтауға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-15) және 32-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-15) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, астанада арнаулы трассаларды және автомобиль жолдарының оларға іргелес жатқан жекелеген учаскелерін, көшелерді және көше-жол желісін жинау және санитариялық тазарту жөніндегі заңды тұлғаны айқындайды;»;
«32-1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, астанада жол жүрісін ұйымдастыруға, орынтұрақ кеңістігін басқаруға жауап беретін заңды тұлғаны (бұдан әрі - жол жүрісін ұйымдастыру орталығы) айқындайды;»;
37) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 43), 44), 45), 46) және 47) тармақшалармен толықтырылсын:
33-тармағы 3) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
«43) астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын күтіп-ұстау және дамыту үшін жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
44) астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын әзірлейді;
45) астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін әзірлейді;
46) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;
47) астанада ұлттық қолөнерді және оның инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді.»;
4) мынадай мазмұндағы 9-3-баппен толықтырылсын:
«9-3-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы
1. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы:
1) көше, шеткері және коммуналдық автомобиль тұрақтарын (орынтұрақтар, паркингтер), арнаулы (күзетілетін) үй-жайларды, алаңдар мен орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру мен басқаруды;
2) паркингтердің және орынтұрақтардың пайдаланылуын мониторингтеуді;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізуге (эвакуациялауға), оларды уақытша сақтауға, жеткізу (эвакуациялау) және сақтау құнының ақысын төлеуге, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде көлік құралдарын, тасталған немесе иесіз көлік құралын, заттай дәлелдемелер деп танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салу қолданылған көлік құралдарын арнаулы (күзетілетін) үй-жайларда, алаңдар мен тұрақтарда қайтаруға байланысты қызметті ұйымдастыруды;
4) бағдаршамдарды басқаруды;
5) жол жүрісін ұйымдастыру жобалары мен схемаларын әзірлеуді;
6) көлік ағындарын талдауды, болжауды және басқаруды;
7) интеллектуалдық көлік жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды;
8) көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруды;
9) жол жүрісін ұйымдастыру және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
10) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептер дайындауды;
11) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуді;
12) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды;
13) қала құрылысы құжаттамасының аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөліміне ұсынымдар әзірлеуді;
14) жол-көлік оқиғаларынан болған шығындарды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалған бюджеттік шығындарды, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін төмендетуге қабылданатын шаралардың тиімділігін мониторингтеуге қатысуды;
15) мыналар:
жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемаларын және көлік жүйесін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
қалалардағы жол жүрісін ақпараттық қамтамасыз ету арқылы елді мекендерге көлік жүктемесін төмендету бойынша шараларды орындауды;
16) ауыр салмақты және ірі габаритті жүк көлігінің жүруін ұйымдастыруды, оның ішінде оның көше-жол желісі бойынша жүруін әкімшілендіруді;
17) бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де іс-шараларға көліктік қызмет көрсету схемаларын келісуді;
18) қоғамдық көлік қозғалысының маршруттары мен параметрлерін және аялдама пункттерінің орналасуын келісуді жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын жеткізуді (эвакуациялауды), сақтауды жол жүрісін ұйымдастыру орталығы жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлігінде Астана, Алматы қалаларында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырады.»;
5) 12-бапта:
1-тармақтағы «(мемлекеттік нормативтік құжаттарға)» деген сөздер «(мемлекеттік нормативтік құжаттарға), астананың бірыңғай сәулеттік келбетіне, дизайн-кодына қойылатын талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «сәулеттік келбет беру», «сәулеттік келбет беруге» деген сөздерден кейін тиісінше «және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету», «және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге» деген сөздермен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды
1. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар дизайн-код объектілеріне қолданылады, оларға астананың ғимараттары мен құрылысжайлары, инженерлік және көлік коммуникациялары, стационарлық емес объектілері, инфрақұрылым объектілері, астананың тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтарындағы олардың кешендері, аяқталмаған құрылыс объектілері, көше-жол желісі, сондай-ақ сыртқы безендіру, жарықтандыру және иллюминация объектілері, жарнама объектілері, маңдайшалар мен нұсқағыштар да жатады.
2. Астана аумағын дамыту мен құрылысын салуды ұйымдастыру, қала құрылысын жоспарлау астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Дизайн-код объектілерін салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату, уақытша немесе тұрақты орналастыру, сондай-ақ осы жұмыс түрлерін ұйымдастыру, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және сыртқы безендіру астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптарға сәйкес астананың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптардың сақталуын бағалауды астананың дизайн-кодын қалыптастыру мен әкімшілендіруге жауапты ұйым жүзеге асырады.
5. Қалалық инфрақұрылымды ұйымдастыру кезінде жол жүрісіне қатысушыларды, мүгедектігі бар адамдарды, кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлерді қоса алғанда, азаматтардың барлық санаттарының оған жайлы қол жеткізуін қамтамасыз ететін астананың жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымының тиісті жай-күйінен көрінетін қолжетімді орта қамтамасыз етілуге тиіс.
33-тармағы 6) тармақшасының сегізінші - он екінші абзацтары 2025 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
12-2-бап. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағында орналасқан табиғи объектілерді ерекше қорғау режимінің ерекшеліктері
1. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағы деп астана аумағы шегіндегі қорғау, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристік функцияларды орындайтын аймақ түсініледі.
2. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының шекарасын өзгерту туралы шешімді астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
3. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағы айналасындағы және оның шекарасындағы жерлерде қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсер ететін кез келген қызметке, оның ішінде мал жаюға, үй жануарларын айдауға, қоқысты жинақтауға, топырақ қабатын бұзуға, аң аулауға, жануарларды аулау мен жоюға, олардың тіршілік ету ортасы мен жағдайларын бұзуға, қорғалатын ландшафттардың табиғи келбетінің өзгеруіне немесе экологиялық жүйелер тұрақтылығының бұзылуына әкелуі мүмкін өзге де қызметке тыйым салынады.
4. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
34. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
2-тармақтың 22) тармақшасындағы «білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 25) тармақшасындағы «білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-1-баптың 2-тармағындағы «білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
3) 44-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 65-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
35-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
35. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-бапта:
тақырып «және астананың» деген сөздерден кейін «және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін жер учаскелерін резервке қояды және береді.».
36-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
36. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінде заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді ендіреді және іске асырады, сондай-ақ бағдарламалар мен әдістемелерді іске асырудың, сондай-ақ зерттеу қорытындыларының сапасын қамтамасыз ете отырып, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтық сауаттылығы мен қорғалу деңгейіне зерттеулер жүргізеді;
4-3) мемлекеттік органдармен бірлесіп, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізеді;»;
2) 11-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінде заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды іске асыру мониторингін және білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтық сауаттылығы мен қорғалу деңгейіне зерттеулер жүргізу мониторингін жүзеге асырады;»;
3) тармақша алып тасталсын.
37-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
37. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
139-баптың 7-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: