2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды
7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау
1. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау жылумен жабдықтауды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
2. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;
2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.
8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдардың электр және жылу энергиясын өндiру мен беруге немесе осы процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық қызметiне араласуға құқылы емес.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын стансаларды жобалау және салу уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және жүйелік оператормен алдын ала келісе отырып жүзеге асырылады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынау мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан кейін және электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының барлық көлемін сатып алу-сатуға арналған шарт болған кезде жүйелік оператормен келісілген сынау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары олар жұмыс істеп тұрған кезеңде тиісінше жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылсын
2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Жалпы ережелер
1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желілерін, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезіндегі ұйымдастырушылық іс-шаралары адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Электр жабдықтары, электр және жылу желілері, электр және жылу энергиясын өндіруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткіштері белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мыналар:
жұмыс кернеуінің атаулы мәннен барынша ауытқуы;
электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлерi белгіленген температура кестесiне сәйкес болуға тиiс.
9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Электр желілерін жобалау және пайдалану кезінде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгіленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Электр және жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну кезінде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына әкелінетін электр-техникалық жабдықтар мен материалдар техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуге тиіс.
2. Электр-техникалық жабдықтар мен материалдар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестігі расталуға жататын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестікті растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берілмейді.
4. Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін, техникалық жағынан жарамды күйде болуға тиіс.
3-тарау. Электр энергиясы нарығындағы жүйелік
оператор мен энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар
10-бап. Жүйелiк оператор
1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:
1) шартқа сәйкес ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды қамтамасыз етедi;
2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
4-тармақша 2005 ж. 31 желтоқсанға дейiн қолданылды
4) электр қуатын реттеу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн қаржылық реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;
8) нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
9) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режимдерiн басқару мен олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;
10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
11) ұлттық электр желісіне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;
12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;
13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;
14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 10-бап 17) тармақшамен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді уәкілетті орган айқындаған баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы тендер жеңімпазымен шарт жасасады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 10-бап 20) және 21) тармақшалармен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
22) көтерме сауда нарығының субъектісін көрсете отырып, электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналып жасалған шарттардың тізбесін жасайды және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Жүйелiк оператордың мынадай жағдайларда:
1) технологиялық және өндiрiстiк мұқтаждықтарға;
2-тармақша 2005 ж. 31 желтоқсанға дейiн қолданылды
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен бiрге электр энергиясы ток ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз етуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.
4) 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:
1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;
2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі қуат резервтерiн оралымды басқарудан;
5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;
6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;
7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.
5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөніндегі өкiмдер
1. Жүйелiк оператордың орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару кезіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерi жөніндегі өкiмдерi электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
2. Жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөніндегі жедел өкiмдердi орындамайтын электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр қондырғыларын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқарудағы электр жүйелерiнен ажыратуға құқылы.
12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың:
1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға;
2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылар:
1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде (өндiру, шиналардан жiберу, өзiндiк қажеттiлiктер, шиналардан электр энергиясын жiберуге жұмсалатын үлестiк шығыстар) нақты ақпарат беруге;
2) коммерциялық есепке алу аспаптарына жүйелiк операторды жiберуге;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі стандартты жиiлiктi реттеу мен ұстап тұруды жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және олардың пайдаланылып келе жатқандарын жетiлдiруге мiндеттi.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:
1) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықты және экспортқа өткізілетін жағдайларды қоспағанда, тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткізуді жүзеге асыруға;
2) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасуға, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және олардың орындалуы туралы есепті жыл сайын уәкілетті органға табыс етуге;
3) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есепті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жыл сайын табыс етуге міндетті.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4) - 9) тармақшалармен толықтырылды
4) - 8) тармақшалар 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;
5) келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
6) келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
7) жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей өткізуге;
8) уәкілетті органның талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
9) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ 10) тармақшамен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4-тармаққа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Электр энергиясын тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен асырып өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым, электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу нәтижесінде алынған сомаларды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда субъектілеріне асып кеткен соманы қайтаруға міндетті.
Энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтаруға міндетті.
Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп энергия өндіруші ұйымның тиісінше есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтерді қолдану кезінде алған нақты табысы (түсімі) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік тарифті анықтау немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсініледі.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Энергия өндiрушi ұйым келiсiмде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, энергия өндiрушi ұйым көтерме сауда нарығының субъектiлерiне инвестициялық мiндеттемелердi орындау үшін келiсiмде көзделген және оларды iске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесi күнтiзбелiк жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы, уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, қайтаруға мiндеттi.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, орындалмаған сомаға қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша инвестициялық міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылда орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым кейінгі жылдарға осы міндеттемелерді қабылдай алмайды және олар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарылуға жатады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 12-бап 6-тармақпен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бапқа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1-бап. Шекті, есептік және жеке тарифтерді айқындау тәртібі
1-тармақ 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Шекті, есептік және жеке тарифтер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
2-тармаққа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөліне отырып, кем дегенде жеті жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып жыл сайын түзетіліп отырады.
Шекті тарифтерді енгізу жылы алдындағы бір жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі ең жоғары баға қолданыстағы бірінші жылына шекті тарифті айқындау үшін база болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 12-1-бап 2-1-тармақпен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)