Тəртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары тəртіптік жаза қолдануға уəкілеттік берілген адамның шешімі бойынша қолданылады.
Тəртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Мемлекеттік органдардың тəртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары жөніндегі қызметін үйлестіруді жəне оларды есепке алуды əдеп жөніндегі уəкілдер жүзеге асырады.
Тəртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын мемлекеттік қызметшіге қатысты қолдану туралы мəліметтер мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалауды жүргізу, көтермелеу жəне тəртіптік жаза қолдану кезінде ескерілуі мүмкін.
6. Тəртіптік теріс қылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған кезде уəкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесі, əдеп жөніндегі уəкіл тəртіптік жаза қолдануға уəкілеттік берілген адамның қарауына міндетті осы себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдар енгізеді. Ұсынымдарды қарау нəтижелері жəне қабылданған шаралар туралы ақпарат бір ай мерзімде беріледі.
7. Тəртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын мемлекеттік қызметшілерге қатысты қолдану тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ
67-бап. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздері
1. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздері:
1) мемлекеттік қызметшіні осы Заңда белгіленген тəртіппен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату);
2) мемлекеттік қызметшінің қайтыс болуы немесе заңды күшіне енген сот шешіміне сəйкес оның қайтыс болды деп жариялануы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен мемлекеттік қызметшінің хабарсыз кеткен немесе əрекетке қабілетсіз, əрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
4) Қазақстан Республикасы азаматының бұрын өзі атқарған лауазымға қайта орналасуы;
5) мемлекеттік лауазымды атқаратын негізгі мемлекеттік қызметшінің жұмысқа шығуы (уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарған жағдайда);
6) мемлекеттік қызметті тоқтатуға алып келетін сайланбалы жəне өзге де жұмысқа (лауазымға) ауысуы;
7) мемлекеттік органның жойылуы (таратылуы);
8) мемлекеттік органның штат санының немесе мемлекеттік лауазымдардың қысқартылуы.
2. Ауыстырылған, ротацияланған, конкурс қорытындысы бойынша, конкурс өткізілмей, саяси мемлекеттік лауазымға, сайланбалы мемлекеттік лауазымға орналасқан жағдайларда жəне осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де жағдайларда басқа мемлекеттік лауазымға орналасу мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болмайды. Бұл жағдайда мемлекеттік лауазымнан босату туралы акт шығарылады.
3. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) негіздері:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тəртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, өз еркімен жұмыстан шығу (өкілеттігін тоқтату) туралы өтініш беруі;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген лауазымдық өкілеттігі мерзімінің аяқталуы;
3) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер зейнеткерлік жасқа толған кезде не олардың лауазымдық өкілеттіктерінің мерзімі аяқталған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президенті оларды босату туралы шешім қабылдамаса, əдетте, бес жылға дейінгі мерзімге өз өкілеттіктерін жүзеге асыруды жалғастыра алады.
Сайланған мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы өз өкілеттігін тоқтатуға негіз болмайды.
Əкімшілік мемлекеттік қызметші тараптардың өзара келісуімен мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір рет бір жылға ұзартуға құқылы.
Бұл ретте тəлімгерлікті жүзеге асыру үшін əкімшілік мемлекеттік қызметші тараптардың өзара келісуімен мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір рет екі жылға ұзартуға құқылы.
Егер «Б» корпусының əкімшілік мемлекеттік қызметшісі бір жұмыс жылы ішінде қызметін бағалау нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиімді бағаны екі рет алмаса не жұмыс жылы ішінде оған қызметтік əдепті бұзғаны үшін тəртіптік жаза не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тəртіптік теріс қылық үшін тəртіптік жаза қолданылса, оның мемлекеттік қызметте болу мерзімін ұзартуға жол берілмейді;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту, одан айыру не шығу салдарынан Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы.
Мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда ол осы Заңның 68-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тəртіппен жұмыстан шығарылуға тиіс;
5) өзі атқаратын мемлекеттік лауазымның басқа мемлекеттік лауазымға (саяси лауазымның əкімшілік не сайланбалы лауазымға, əкімшілік лауазымның саяси не сайланбалы лауазымға, сайланбалы лауазымның саяси не əкімшілік лауазымға) өзгертілуі;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жұмыстан шығаруға алып келетін, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес мемлекеттік құпияларға берілген рұқсаттың тоқтатылуы;
7) мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты өзіне мəлім болған мемлекеттік құпияларды жəне Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді жария етуі;
8) осы Заңға сəйкес мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау нəтижелерінің қанағаттанарлықсыз болуы;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуы ескеріле отырып, ротациялаудан бас тартуы;
10) мемлекеттік қызметшінің осы Заңға сəйкес жұмыстан шығаруға алып келетін, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан жұмысқа келмеуі;
11) мемлекеттік лауазымды атқару кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі;
12) бір жұмыс күнінде дəлелді себепсіз қатарынан үш жəне одан көп сағат бойы жұмыста болмауы;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен өзіне əкімшілік қамаққа алу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту шараларын қолдануға байланысты жұмыста болмауы;
14) соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істің тоқтатылуы;
16) мемлекеттік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет əкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, əкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жұмыстан шығаруға алып келетін, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тəртіптік теріс қылық жасауы;
18) осы Заңның 21-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 7, 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) жəне 18) тармақшаларында, 3-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік лауазымға қабылдау;
19) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жұмыстан шығаруға алып келетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді сақтамағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тəртіптік жазаның қолданылуы;
21) мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін мəліметтерді мемлекеттік қызметке кірген кезде ұсынбауы немесе қасақана бұрмалауы;
22) кірістері мен меншік құқығында өзіне тиесілі мүлкі туралы көрінеу жалған мəліметтер ұсынуы;
23) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеуі;
24) кəсіпкерлік қызметті тоқтату жəне (немесе) мүлікті иеліктен шығару бойынша осы Заңның 14-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген шараларды қабылдамауы;
25) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйді тудыратын заттарды (сол тектестерді) тұтынған жағдайларда;
26) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйді тудыратын заттарды тұтыну фактісін анықтау үшін медициналық куəландырудан өтуден бас тартуы;
67-баптың 3-тармағының 27) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
27) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жұмыстан шығаруға алып келетін, мемлекеттік қызметші шығыстарының кірістеріне сəйкес келмеуі;
28) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де негіздер.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, мыналар да саяси мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтатуға негіз болады:
1) саяси мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін доғару туралы жеке жазбаша өтініші негізінде орнынан түсуінің қабылдануы;
2) саяси мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау жəне оны лауазымнан босату құқығы берілген лауазымды адамның (органның) тиісті шешім қабылдауы;
3) басқа жұмысқа ауысуы;
4) сенімді жоғалтуы.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сенімді жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен жұмыстан шығарылуы мүмкін.
5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, мыналар да сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтатуға негіз болады:
1) сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін доғару туралы жеке жазбаша өтініші негізінде орнынан түсуінің қабылдануы;
2) аумақтық сайлау комиссиясының жаңадан сайланған мемлекеттік қызметшіні тіркеуі;
3) əлеуметтік демалыста, оқуда болуы жəне сайланған мемлекеттік қызметшінің қатарынан үш айдан астам жұмыста болмайтынын куəландыратын өзге де мəн-жайлар;
4) ауданның жəне облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының сайланған мемлекеттік қызметшіге атқаратын лауазымына сай емес деп тану түріндегі тəртіптік жаза қолданылуға байланысты оның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауы;
5) ауданның жəне облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының сайланған мемлекеттік қызметшіге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын жоғары тұрған лауазымды адамның қабылдауы.
Сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тиісті адамның сайланған мемлекеттік қызметші өкілеттігін жоғалту фактісін растайтын шешім қабылдайды.
6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, мыналар да əкімшілік мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығаруға негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
2) конкурс қорытындыларының немесе əкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы акт күшінің жойылуы;
3) аттестаттаудың теріс нəтижелері.
«А» корпусының əкімшілік мемлекеттік қызметшісін лауазымға тағайындауға жəне оны лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның (органның) уəкілетті комиссияның ұсынымдары негізінде қабылданатын шешімі де «А» корпусының əкімшілік мемлекеттік қызметшісін жұмыстан шығаруға негіз болады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ əскери лауазымдарды атқаратын əскери қызметшілер іссапарға жіберу мерзімі аяқталған жағдайда, оларды жіберген мемлекеттік орган кері шақыртып алуға не Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жұмыстан шығарылуға тиіс.
7. Саяси мемлекеттік қызметшілердің, əкімшілік мемлекеттік қызметшілер болып саналатын мемлекеттік органдар басшыларының ауысуы аталған адамдардың бастамасы бойынша «Б» корпусы əкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болмайды.
8. Осы баптың 3-тармағының 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) жəне 27) тармақшаларына, 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына, 5-тармағы бірінші бөлігінің 4) жəне 5) тармақшаларына сəйкес жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер теріс себептермен жұмыстан шығарылған (өкілеттігі тоқтатылған) деп танылады.
68-бап. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тəртібі мен шарттары
1. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметін тоқтату, оны жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы шешімді мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау жəне оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уəкілеттік берген лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті тоқтату осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 2), 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тараптардың еркінен тыс мəн-жайлар бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметші қайтыс болған, хабарсыз кеткен немесе əрекетке қабілетсіз, əрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі, бұрын мемлекеттік лауазымды атқарған Қазақстан Республикасының азаматын мемлекеттік қызметке қайта орналастыру туралы шешім шығарылған күн көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті тоқтату күні болады.
3. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік лауазымды атқаратын негізгі мемлекеттік қызметшінің жұмысқа шығуы туралы хабарлама (өтініш) негізінде жүзеге асырылады. Хабарлама (өтініш) осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.
Негізгі мемлекеттік қызметші болмаған кезеңде уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарған мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметті тоқтату туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
4. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік қызметшінің хабарламасы (өтініші) немесе басқа лауазымға сайлау (тағайындау) актісі негізінде жүзеге асырылады.
Хабарлама осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.
Хабарламаны жəне басқа лауазымға сайлау немесе тағайындау актісін ұсынбау жұмыстан шығарудан (өкілеттігін тоқтатудан) бас тартуға негіз болмайды.
5. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 7) жəне 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік органды тарату (жою), мемлекеттік органның штат санын қысқарту туралы шешім негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның таратылатыны (жойылатыны), мемлекеттік органның штат санының қысқартылатыны туралы мемлекеттік қызметті тоқтату күнінен кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.
Мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімімен мемлекеттік қызметті тоқтату хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті тоқтату хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартқан не мемлекеттік қызметшінің жазбаша бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куəландыратын акт болған кезде мемлекеттік қызметті тоқтатуға жол беріледі.
6. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің хабарламасы (өтініші) негізінде өз еркімен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) күнінен кемінде бір ай бұрын жүргізіледі. Хабарлама (өтініш) осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.
Тараптардың өзара келісуімен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) хабарламаның (өтініштің) мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Хабарламаны (өтінішті) мемлекеттік қызметші хабарлама (өтініш) мерзімі ішінде кері қайтарып алуына болады.
Мемлекеттік қызметшінің тəртіптік жауаптылығы қаралған, материалдық жауапты адам болатын мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүлікті (құжаттаманы) қабылдау-тапсыруды аяқтамаған жағдайлардан басқа, мемлекеттік қызметші хабарлама (өтініш) мерзімі аяқталғаннан кейін жұмысын тоқтатуға құқылы.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүлікті (құжаттаманы) қабылдау-тапсыруды аяқтаған, оның тəртіптік жауаптылығы туралы шешім шыққан күн жұмыстан шығару күні болып саналады. Жұмыстан шығару күні мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан шығу (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама (өтініш) берген күннен бастап екі айдан кеш болмауға тиіс.
7. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) лауазымдық өкілеттік мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
8. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару күнінен кемінде бір ай бұрын хабарлама жіберіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.
Осы тармақтың ережелері саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.
9. Осы Заңның 67-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанын, одан айырылғанын не шыққанын растайтын мəліметтер жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Осы Заңның 67-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) оның шет мемлекеттің азаматтығын тоқтату туралы өтінішхат бергенін растайтын мəліметтер болған жағдайды қоспағанда, оның шетел азаматтығы бар екенін растайтын мəліметтер жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
10. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік лауазымды басқа мемлекеттік лауазымға өзгерту туралы шешім негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметші жұмыстан шығару күнінен кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.
Жұмыстан шығару мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімімен хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартуды ұсынған не мемлекеттік қызметшінің жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куəландыратын акт болған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.
11. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сəйкес мемлекеттік құпияларға берілген рұқсатты тоқтату туралы шешім негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
12. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мəліметтерді жария еткені туралы ақпарат жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
13. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау нəтижелерінің қанағаттанарлықсыз болғаны туралы шешім негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
14. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің ротациялаудан бас тартуы негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартқан не мемлекеттік қызметшінің жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куəландыратын акт болған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.
15. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы ақпарат жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақты не мемлекеттік қызметшіге жұмыста болмағаны туралы акт табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыста болмау себептері туралы ақпаратты бермеген кезде не осы Заңның 53-бабында көзделген еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайлары салдарынан мемлекеттік лауазымнан босатылған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.
16. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік лауазымға орналасу кезіндегі талаптарға сай еместігі туралы ақпарат жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
17. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тəртіптік жаза қолдану тəртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыста болмағаны туралы акт табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қызметші жұмыста болмау себептері туралы ақпаратты бермеген кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.
18. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) жəне 16) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) сот қаулысы немесе үкімі шыққаны, қылмыстық істің тоқтатылғаны, əкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы ақпараттың жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
19. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тəртіптік жаза қолдану тəртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
20. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) адамның мемлекеттік лауазымға қабылданғаны туралы ақпараттың жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
21. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) шектеулердің сақталмағаны туралы ақпараттың жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.