Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
22. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тəртіптік жаза қолдану тəртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
23. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) ақпараттың берілмегені немесе қасақана бұрмаланғаны туралы мəліметтердің жəне осындай мəліметтерді қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
24. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) кірістер мен мүлік туралы көрінеу жалған мəліметтер ұсынылғаны туралы ақпараттың жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
25. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 23) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мүліктің сенімгерлік басқаруға берілмегені туралы ақпараттың жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
26. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) осы Заңның 14-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген кəсіпкерлік қызметті тоқтату жəне (немесе) мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралардың қабылданбағаны туралы ақпараттың жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
27. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 25) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тəртіптік жаза қолдану тəртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
28. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тəртіптік жазаны қолдану тəртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
68-баптың 29-тармағы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
29. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 27) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметші шығыстарының оның кірістеріне сəйкес келмейтіні туралы ақпараттың жəне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
30. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) еңбек шартының мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
31. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) конкурс қорытындыларының, əкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы актінің күші жойылғаны туралы шешімнің негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
32. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
33. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 14), 15) жəне 16) тармақшаларында, 4, 5 жəне 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыз болған (оның ішінде жүктілікке жəне босануға байланысты), демалыста болған кезеңде оны жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол берілмейді.
69-бап. Саяси мемлекеттік қызметшілердің орнынан түсуі
1. Саяси мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген негіздерде жəне тəртіппен орнынан түсуге өтініш береді жəне орнынан түседі. Саяси мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген функцияларды одан əрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санаса, мемлекеттік органға немесе өзін саяси мемлекеттік лауазымға тағайындаған лауазымды адамға өзінің орнынан түсуі туралы мəлімдеуге құқылы.
Орнынан түсуді қабылдау саяси мемлекеттік қызметшілер өкілеттіктерінің тоқтатылғанын білдіреді.
Егер орнынан түсу негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, саяси мемлекеттік қызметшілер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жалпы негіздерде жұмыстан шығарылады.
2. Орнынан түсуді мемлекеттік орган немесе саяси мемлекеттік қызметшіні осы мемлекеттік лауазымға тағайындаған лауазымды адам қабылдайды не орнынан түсуді қабылдаудан уəжді түрде бас тартады.
Орнынан түсуді қабылдау туралы немесе орнынан түсуді қабылдаудан бас тарту туралы шешім жазбаша өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылданады.
Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда саяси мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттігін орындауды жалғастыруға тиіс жəне оның жұмыстан шығуға құқығы бар.
Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда саяси мемлекеттік қызметші орнынан түсуден бас тарту туралы шешімді қабылдаған лауазымды адамның (органның) шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес тəртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
3. Осы тармақта көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер тағайындалған күнінен бастап үш ай өткен соң сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда:
1) орталық мемлекеттік органның басшысы - оның орынбасары, тікелей қарамағындағы саяси мемлекеттік қызметші, орталық мемлекеттік орган (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) аппаратының басшысы, аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін;
2) орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары - егер ол қызметтеріне жетекшілік ететін болса, ведомство басшысы, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін;
3) астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала əкімі - оның орынбасары, тікелей қарамағындағы саяси мемлекеттік қызметші, аппарат басшысы, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан əкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін;
4) астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала əкімінің орынбасары - егер ол қызметтеріне жетекшілік ететін болса, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан əкімі - оның орынбасары, əкім аппаратының басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін орнынан түсуге өтініш береді.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер бұрын соңғы үш жылда басқа мемлекеттік органда немесе ұйымда өздерінің қарамағында болған, өздері тағайындалғаннан кейін жұмысқа қабылданған қарамағындағы адамдар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін де орнынан түсуге өтініш береді.
5. Саяси мемлекеттік қызметшілер соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен не қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы баптың 3 жəне 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жəне тəртіппен орнынан түсуге өтініш береді.
6. Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда саяси мемлекеттік қызметші өзі қызмет атқарған кезеңде мынадай негіздердің кез келгені болғанда:
1) қарамағындағы мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы ірі немесе аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны;
2) қарамағындағы мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бірнеше рет сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны;
3) қарамағындағы екі немесе одан көп мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымның басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тəртіптік жауаптылыққа тартылады.
7. Саяси мемлекеттік қызметшіні басқа саяси мемлекеттік лауазымға тағайындау осы баптың 3 жəне 4-тармақтарында көзделген жағдайларда саяси мемлекеттік қызметшінің бұрынғы жұмыс орнындағы тікелей қарамағындағы қызметшілердің ол қызмет атқарған кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін оны орнынан түсуге өтініш беру міндетінен босатпайды.
70-бап. Сайланған мемлекеттік қызметшілердің орнынан түсуі
1. Сайланған мемлекеттік қызметшінің тиісті мемлекеттік лауазымдағы міндеттерін атқаруды тоқтатуы орнынан түсу деп танылады, ол оның жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы сайланған мемлекеттік қызметшінің орнынан түсуін қабылдау немесе орнынан түсуін қабылдаудан уəжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Орнынан түсуді қабылдау немесе орнынан түсуді қабылдаудан бас тарту туралы шешім сайланған мемлекеттік қызметші жазбаша өтініш берген күннен бастап бір ай мерзімде қабылданады.
Орнынан түсу қабылданған жағдайда ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының тиісті шешімінің көшірмесі аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда сайланған мемлекеттік қызметші өз міндеттерін атқаруды жалғастырады жəне оның осы Заңда белгіленген тəртіппен өз еркімен лауазымдық өкілеттігін тоқтатуға құқығы бар.
3. Сайланған мемлекеттік қызметші сайланған күнінен бастап үш ай өткен соң өзінің орынбасары, əкім аппаратының басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, өзі жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда орнынан түсуге өтініш береді.
4. Сайланған мемлекеттік қызметші бұрын соңғы үш жылда басқа мемлекеттік органда немесе ұйымда өзінің қарамағында болған, өзі тағайындалғаннан кейін жұмысқа қабылданған қарамағындағы адамдар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін де орнынан түсуге өтініш береді.
5. Сайланған мемлекеттік қызметші соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен не қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы баптың 3 жəне 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жəне тəртіппен орнынан түсуге өтініш береді.
6. Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда сайланған мемлекеттік қызметші өзі қызмет атқарған кезеңде мынадай негіздердің кез келгені болғанда:
1) қарамағындағы мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы ірі немесе аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны;
2) қарамағындағы мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бірнеше рет сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны;
3) қарамағындағы екі немесе одан көп мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымның басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тəртіптік жауаптылыққа тартылады.
7. Сайланған мемлекеттік қызметшіні саяси мемлекеттік лауазымға тағайындау осы баптың 3 жəне 4-тармақтарында көзделген жағдайларда қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін оны орнынан түсуге өтініш беру міндетінен босатпайды.
71-бап. Мемлекеттік қызметке жəне (немесе) лауазымға қайта орналасу
1. Мемлекеттік қызметке жəне (немесе) лауазымға қайта орналасу мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімі бойынша, уəкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік қызметшіні атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан шығару немесе мемлекеттік лауазымын төмендету туралы тиісті актінің күшін жою туралы ұсынуы негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметке қайта орналасқан мемлекеттік қызметшіге бос жүруге мəжбүр болған бүкіл уақыты үшін жалақысы немесе мемлекеттік лауазымы заңсыз төмендетілген кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақыт үшін жалақысындағы айырма, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа төленеді.
Заңсыз жұмыстан шығарылған немесе мемлекеттік лауазымы заңсыз төмендетілген мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сай болғанда мемлекеттік қызметке бұрынғы лауазымына, ал олардың келісімімен - заңсыз жұмыстан шығару немесе төмендету салдарынан айырылған барлық құқықтары қамтамасыз етіліп, соған тең лауазымға қайта орналастырылады. Осы кезең мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.
2. Адамның мемлекеттік қызметке қайта орналасуы, егер оның өтініші соттың ақтау үкімі күшіне енген не ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш ай ішінде берілген болса, ол жүгінген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.
Мемлекеттік органнан, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталуына байланысты жұмыстан шығарылған, сосын ақталған жəне мемлекеттік лауазымға қайта орналасқан мемлекеттік қызметшілерге жұмыста мəжбүрлі түрде болмаған уақыты үшін қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз əрекеттерінен келтірілген зиян Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тəртіппен өтеледі.
10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
72-бап. Мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды ұйымдастыру
1. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттің функциялары мен міндеттерін тиімді орындауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың кадрмен қамтамасыз етілуінің тұрақтылығын сақтауға, кадрлық жоспарлау, мемлекеттік қызметке кандидаттарды іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді кəсіптік дамыту тетіктерін ендіруге жəне жетілдіруге, құқық бұзушылықтың алдын алуға жəне оның профилактикасына бағытталған қызметті қамтиды.
2. Мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды ұйымдастыру мынадай бағыттарды қамтиды:
1) мемлекеттік органдардың кадрларға қажеттілігін болжау жəне жоспарлау, Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке іріктеу жəне тарту;
2) мемлекеттік қызметшілерді кəсіби даярлауды, қайта даярлауды жəне олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
3) мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау;
4) мемлекеттік қызметшілерді осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кепілдіктермен қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жəне оның профилактикасы;
6) осы Заңда көзделген өзге де бағыттар.
3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару субъектілеріне мыналар жатады:
1) уəкілетті комиссия, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, қызметі кадр саясатын іске асыруға байланысты өзге де комиссиялар;
2) уəкілетті орган жəне оның аумақтық бөлімшелері;
3) мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдары;
4) мемлекеттік органдардың басшылары, əкімдер, мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары;
5) персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері);
6) құқық бұзушылық профилактикасы қызметтері, əдеп жөніндегі уəкілдер.
Мемлекеттік қызмет персоналын басқару субъектілері мемлекеттік кадр саясатының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызмет персоналын үйлестіруге, қалыптастыруға жəне оның тиімді жұмыс істеуіне бағытталған жүйені құрайды.
73-бап. Кадрлық жоспарлау
Кадрлық жоспарлау мемлекеттік органдардың кадрларға қажеттілігін жүйелі түрде талдауды, болжауды, оларды лауазымдық міндеттерін тиімді жүзеге асыруға қабілетті мемлекеттік қызметшілердің қажетті санымен уақтылы жəне толық жасақтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығын қамтиды.
Кадрлық жоспарлауды персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
Уəкілетті орган кадрлық жоспарлау мəселелері бойынша əдістемелік қолдауды жүзеге асырады.
74-бап. Уəкілетті комиссия жəне өзге де комиссиялар
1. Уəкілетті комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының əкімшілік мемлекеттік қызметке кіруі, оны өткеруі жəне тоқтатуы, сондай-ақ мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мəселелерін қарау үшін құрылады.
Уəкілетті комиссияның ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2. Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру мақсатында құрылады, оның ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
3. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кадр комиссиялары уəкілетті комиссияның шешімдерін іске асыру, кадр саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар əзірлеу, өңірлік жастар кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін құрылады.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кадр комиссиясының үлгілік ережесі мен үлгілік құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша кадр саясатын іске асыруға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін өзге де комиссиялар құрылуы мүмкін.
75-бап. Уəкілетті орган
1. Уəкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, уəкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрайды.
Уəкілетті органның аумақтық бөлімшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес уəкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
2. Уəкілетті орган:
1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерін əзірлейді жəне бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлейді, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
3) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) жұмысын үйлестіреді жəне əдіснамалық басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) əдеп жөніндегі уəкілдің жəне құқық бұзушылық профилактикасы қызметтерінің жұмысын үйлестіреді жəне əдіснамалық басшылық жасауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді, оның ішінде шетелде даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру мəселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;
6) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды жəне орналастыруды үйлестіреді;
7) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу мəселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;
8) əкімшілік жəне саяси мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге, мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық органдарының жəне оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат саны лимиттеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;
9) мемлекеттік цифрлық кадр жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, саяси, сайланған жəне əкімшілік мемлекеттік қызметшілердің, саяси, сайланатын жəне əкімшілік мемлекеттік лауазымдардың, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар жұмыскерлерінің кадр құрамының жай-күйін мониторингтеуді жүргізеді;
10) мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кадр ісін жүргізуді мониторингтеуді жүзеге асырады;
11) мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілердің кадр құрамының жай-күйін мониторингтеуді жүргізеді;
12) мемлекеттік қызмет мəселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады;
13) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік əдепті сақтау мəселелері бойынша əрекеттері (əрекетсіздігі) мен шешімдеріне жеке жəне заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды;
14) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15) мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауын мониторингтеуді жүзеге асырады;
16) лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға олардың осы Заңды жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзып қабылданған шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
17) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызмет мəселелері жөніндегі тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуға міндетті ұсынулар енгізеді;
18) мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бюрократиядан арылту мəселелері бойынша мониторингтеуді жəне талдауды жүргізеді;
19) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тəртіппен жəне мерзімде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады;
20) ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша білім беру гранты шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін мамандар даярлаудың басым бағыттарының тізбесін қалыптастырады;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Уəкілетті орган жанында уəкілетті органның əдеп жөніндегі комиссиясы, астанада, облыстарда жəне республикалық маңызы бар қалаларда əдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істейді, олар туралы ережелерді уəкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің шешімдері бұйрықтар нысанында ресімделеді.
76-бап. Мемлекеттік органдардың басшылары, əкімдер, аппарат басшылары
1. Мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес лауазымға тағайындалатын жəне лауазымнан босатылатын басшылар басқарады.
Мемлекеттік органдар басшыларының өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік органдар туралы ережелерде айқындалады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орталық мемлекеттік органдардың басшылары:
1) орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, аппараттарының басшыларын;
2) орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының басшыларын;
3) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын;