3) мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау бөлiгiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
704-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 407-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 706-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 706-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
706-бап. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші бөлігінде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
707-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377, 403, 415 (бірінші бөліктің 1) тармақшасы) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзу бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.
708-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 164, 299 (бірінші, екінші (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), үшінші және төртінші бөліктерінде), 358, 359, 360 (екінші бөлігінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 709-бап өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 709-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
709-бап. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметтерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 710-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 338, 339, 340, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүзге дейінгі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мыңға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 712-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 712-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
712-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 343-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
713-бап. Монополияға қарсы орган
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 159 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде), 268, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 714-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 715-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
715-бап. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 190-1, 193 (бірінші бөлігінде), 415 (бірінші бөлігінде), 415-1, 417, 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419, 464, 638 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен Кодекс 715-1-баппен толықтырылды
715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 157, 190 (бірінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 617, 619, 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары құқылы.
717-бап. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Объектілердің салыну сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 309, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 317-1, 317-2, 318, 321, 322, 323 және 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 501, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 720-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2023.12.07. № 24-VIІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 114-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 176, 177, 178, 179, 180, 181, 181-1, 182, 194, 195, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 244 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 246-1 (бұл бұзушылықтарға салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 283-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 571-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)