2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарын қоса тіркей отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы оны аттестаттауға жіберу туралы өтінішін тұрғылықты жері бойынша тиісті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясына жолдайды.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы табыс етілмеген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде үміткерге өзі ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті қарамастан қайтарады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді шешімді үміткерге жібереді.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға заңда белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Аттестаттауға жіберілген үміткерді аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оны өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары жазбаша хабардар етеді.
6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттауды қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.
7. Аттестаттау мынадай екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден компьютерлік тест тапсыру;
2) емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырманы орындау.
8. Үміткер өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.
Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі.
9. Аттестаттау нәтижесі бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы дәлелді шешімді аттестаттау өткен күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей шығарады.
Аттестатталғаны туралы комиссия шешімі ол шығарылған кезден бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.
Әдiлет аттестаттау комиссиясының шешіміне заңда белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
10. Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы үміткерді аттестаттаудан шеттетеді.
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.
11. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының келесі отырысына шақырылады.
Үміткер тағы да келмей қалған жағдайда оның өтініші қараусыз қалдырылады және оның тапсырған құжаттарымен қоса қайтарылады.
13.11.98 ж. № 302-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 235-II ҚР Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.
2. Нотариус лицензиясы алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
4. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртібі салық заңдарымен белгiленедi.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтер жариялайды, онда:
1) нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты;
2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi.
6. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.
6-1. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту
1. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негiздерi «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
2. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш иесiне ол қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде бас тарту себептерi көрсетiле отырып жазбаша түрде дәлелдi шешiм берiледi.
3. Бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға болады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру аумақтық әділет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура органдарының ұсынулары негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешімімен жүргізіледі.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Нотариус лицензиясының қолданысы мынадай:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру жөнінде талап қою іс жүргізуі қозғалған;
2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылданған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасасумен аяқталған;
3) нотариус өзінің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда) өзгерткені туралы мәліметтерді аумақтық әділет органына бір ай ішінде хабарламаған;
4) нотариус осы Заңға сәйкес өзіне айқындап берілген қызмет ету аумағын бұзған;
5) нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген, нотариаттық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;
6) нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжайда нотариустың үй-жайы іс жүзінде болмаған;
7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамаған;
8) осы Заңның 19-бабында көзделген шектеулер сақталмаған;
9) егер нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткен соң іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген;
10) нотариус осы Заңның 18-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының талаптарын сақтамаған жағдайлар да, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Нотариус лицензиясының қолданысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік немесе ақы төленетін өзге қызметпен айналысқан;
2) мерзімді әскери қызметті өткерген;
3) нотариус өзінің тоқтата тұру мерзімі көрсетілген өтініші негізінде өкілеттіктерін орындамаған кезеңде тоқтатыла тұрады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Лицензияның қолданысы мұндай шешім нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың жойылғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде лицензиар лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім шығарады.
4. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық iс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына әкеп соғады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық баспасөз органында жарияланады. Нотариаттық палата қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
6. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға болады.
7. Аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
ҚР 11.07.01 ж. № 235-II Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Нотариусты лицензиясынан айыру
Прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда:
1) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жекеше нотариус Нотариустың әдеп кодексiн бiрнеше рет бұзғанда;
3) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;
4) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда;
5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) нотариустың көмекшісінің және (немесе) тағылымдамадан өтушісінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актіге қол қою фактісі анықталғанда;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 10-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;
7) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органын хабардар етпей жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату
1. Лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) нотариус өз тiлегiмен өтiнiш бергенде;
2) нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде;
3) нотариус қайтыс болғанда;
4) қылмыс жасағаны үшін нотариусқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда;
5) нотариус заңдарда белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғанда;
6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсiптiк мiндеттерiн атқаруы мүмкiн болмағанда (медициналық қорытынды негiзiнде);
7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күшi тоқтатылады.
2. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату туралы ұсынысты тиiстi нотариат палатасы мен аумақтық әдiлет органы енгiзедi.
3. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың жеке мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
4. Нотариус лицензиясының күшi тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
13-бап. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Мемлекеттік нотариат кеңсесi
1. Мемлекеттік нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
2. Мемлекеттік нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметті жүзеге асыратын, нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005.31.01. № 1 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. Кәсiби қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариус бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.
Аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс.
Нотариус аумақтық әділет органына өзінің үй-жайының орналасқан жерін көрсете отырып, нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен немесе нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.
Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы хабарламаны аумақтық әділет органына жібергенге дейін сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге, жекеше нотариустың мөрін аумақтық әділет органына тапсыруға міндетті.
5. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Олар осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда бір үй-жайда бір немесе бірнеше нотариус жұмыс істей алады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Жекеше нотариустың қызметiн сақтандыру
1. Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ.
2. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Нотариустың құқықтары
Нотариус:
1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;
2) мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;
3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге;
4) нотариаттық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша консультациялар беруге;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге;
6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға;
7) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) төрелік талқылауда төреші болып сайлануға (тағайындалуға) құқылы.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Нотариустың мiндеттерi
1. Нотариус:
1) осы Заңның, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа данормативтiкқұқықтықактiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға;
2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;
3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5) кәсiптiк әдептi сақтауға;
6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге;
7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде, сондай-ақ лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда мөрін аумақтық әділет органына тапсыруға;
8) өз лицензиясының қолданылуы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және нотариаттық палатаға хабарлауға;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін жіберу нотариаттық іс-әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан, тәртіп және мерзімдер бойынша нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Нотариустың қызметiн шектеу
1. Нотариустың:
1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге;
3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға;
4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға;
5) нотариустың мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)