Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 27 ақпандағы № 254 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518; 28.10.04 ж. № 1120
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегi және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесi бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi,
Әдiлет министрлігі адвокаттық қызмет
нотариустардың қызметi».
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бұрын қабылдаған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы
27 ақпандағы № 254 қаулысымен
бекітілген
Адвокаттық қызмет пен нотариустардың
қызметiн лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптарын, сондай-ақ адвокаттық және нотариаттық қызметтермен айналысу құқығына лицензиялар берудiң тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті (бұдан әрi - Лицензиар) адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдiрген адамдарға (бұдан әрi - Лицензиат) адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру жолымен жүзеге асырады.
3. Тиiстi лицензиясыз адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға
қойылатын біліктiлiк талаптары
ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Адвокаттық қызметтi лицензиялау адвокаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдардың мыналардан мiндетті түрде өтуi туралы біліктiлiк талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестациялық комиссиясында (бұдан әрi - ӘАК) аттестациядан;
2) адвокаттар алқасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында адвокаттарда тағлымдамадан өтуi.
5. Нотариустардың қызметiн лицензиялау нотариаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдарға мыналарды мiндеттеу туралы біліктiлiк талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына ӘАК-да аттестациядан өтуi;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында мемлекеттік немесе жеке нотариуста тағлымдамадан өтуi.
6. Мынадай адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет біліктiлiк алқасында біліктiлiк емтиханын тапсырған адамдарға;
2) тұрақты судьяларға;
3) өз қызметтерiн орындау кезiнде терiс қылықтар жасағаны және заң бұзғаны үшiн сот қызметiнен босатылған судьялардан басқа, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға осы Ереженiң 4-тармағында және 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктiлiк талаптары қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Осы Ереженiң 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктiлiк талабы терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, прокурорларға, тергеушiлерге және анықтаушыларға қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен 6-2-тармақпен толықтырылды
6-2. Осы Ереженiң 5-тармағында көзделген біліктiлiк талаптары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет бiлдiрген кезде мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустарға (мемлекеттік нотариустарға) қолданылмайды.
3. Нотариаттық немесе адвокаттық қызметпен айналысу
құқығына лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн Лицензиат "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысан бойынша Лицензиарға өтiнiш бередi. Өтiнiшке:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi;
2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат;
3) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн аттестациядан өткенi туралы ӘАК-ның шешiмi не Лицензиаттың ӘАК-да аттестациядан өтуден босатылуын растайтын құжат;
4) адвокатта тағлымдамадан өту туралы шарттың көшiрмесi;
5) адвокат тағлымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы адвокаттар алқасы төралқасының қаулысынан көшiрме немесе үзiнді;
6) тағылымдамадан ойдағыдай өткенi туралы тағылымдама жетекшiсi қол қойған және адвокаттар алқасының төралқасы бекiткен қорытынды;
7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар;
8) бүкiл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген соттылығы жоқ екендiгi туралы анықтама қоса ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн Лицензиат "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысан бойынша Лицензиарға өтiнiш бередi. Өтiнiшке:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi;
2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн аттестациядан өткенi туралы ӘАК-ның шешiмi не Лицензиатты ӘАК-да аттестациядан өтуден босатылуын растайтын құжат;
4) мемлекеттік немесе жеке нотариуста тағлымдамадан өткенi туралы шарттың көшiрмесi;
5) нотариус тағлымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы бұйрықтан көшiрме немесе үзiндi;
6) нотариус тағлымдамашысы жетекшiсiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген тағлымдамадан өткенi туралы қорытындысы;
7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар;
8) бүкіл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын/тұрғылықты жерi бойынша берілген соттылығы жоқ екендiгi туралы анықтама;
9) егер лицензия беруге бұрынғы мемлекеттік нотариус өтiнiш бiлдiрген жағдайда, атқарған қызметiнен босатылу себебi көрсетілген, не лицензияны беруге тағлымдамадан өту мерзiмi қысқартылған лицензиат өтiнiш бiлдiрген жағдайда, заңгер мамандығы бойынша стажын растайтын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi қоса ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Лицензиатты ӘАК-да аттестациялаудан өтуден босатуды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет біліктiлiк алқасы берген өтiнiш берушiнiң Әдiлет біліктiлiк алқасының судьясы лауазымына біліктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын анықтама;
2) құзыреттi лауазымды адам лицензиарға тапсырылғанға дейiн бiр ай бұрын берген өтiнiш берушiнiң судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының көшiрмесi;
4) өтiнiш берушiнiң мемлекеттік нотариус лауазымындағы жұмысын растайтын аумақтық әдiлет органының анықтамасы;
5) прокуратура, тергеу немесе анықтау органдарында жұмыс iстеген прокурордың, тергеушiнiң не анықтаушының жұмыс стажын растайтын және атқарған қызметiнен босатылу себебiн қамтитын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi.
10. Лицензиат ұсынылған құжаттарда берiлген мәлiметтердiң толықтығына және шынайылығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
4. Лицензия берудiң не оны беруден бас тартудың
шарттары мен тәртібі
11. Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия басты лицензия болып табылады және Лицензиаттарға мерзiмi шектелмей берiледi.
Лицензиялар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
Лицензиялар "Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген нысан бойынша берiледi.
12. Лицензия беру туралы өтiнiш оның Лицензиарға түскен күнiнен бастап бір ай мерзiм ішiнде қаралады.
Лицензиар Лицензиаттың өтiнiшiмен қоса берiлген құжаттардың толықтығын және шынайылығын тексередi.
13. Өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша Лицензиар лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Лицензиардың лицензия беру туралы шешiмi Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi төрағасының бұйрығымен ресiмделедi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Лицензияға Қазақстан Республикасының Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы бiр данада қол қояды және ол Лицензиардың мөрiмен бекітіледi.
16. Лицензия қолданыстағы заңнамаға сәйкес Лицензиаттың лицензия алуға өкiлеттiк берген өкiлiне берiлуi мүмкiн.
17. Лицензия жоғалған жағдайда Лицензиаттың оның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телнұсқасын берудi ол өтiнiш берген күннен бастап Лицензиар он күн ішiнде жүргiзедi. Бұл ретте, Лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензия телнұсқасының берiлгенi үшiн бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi.
18. Лицензиаттың аты-жөнi ауыстырылған жағдайда, ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса ұсынып, бiр ай мерзiм ішiнде Лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
19. Лицензиатқа, егер:
1) осы Ережеде көзделген қажеттi барлық құжат табыс етiлмесе;
2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;
3) өтiнiш берушi осы Ережеде белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келмесе;
4) өтiнiш берушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
20. Лицензия беруден бас тарту туралы Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде лицензия алуға өтiнiш бiлдiрген адамға бас тарту себептерiн көрсете отырып, дәлелдi хат жолдайды.
5. Есепке алу және бақылау
21. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженiң сақталуын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
22. Лицензиар Лицензиаттар туралы және оларға берiлген лицензиялар туралы, сондай-ақ лицензияны керi қайтарып алу, күшiн тоқтату, күшiн тоқтата тұру және қалпына келтiру туралы мәлiметтердi Адвокаттар (жеке нотариустар) лицензияларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзедi және ведомстволық баспасөз органында жариялайды.
23. Осы Ереженiң негiзiнде берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзу үшiн Лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиялар бланкiлерiне тапсырыс жасайды.
Лицензия бланкiлерi қатаң бақылаудағы құжаттар болып табылады.
24. Лицензиар өз құзыретi шегiнде Лицензиаттан тиiстi құжаттарды тапсыруын талап етуге және бақылау функцияларын орындауы үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.