"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
2003 ж. 5 мамырдағы № 408-II Қазақстан Республикасының Заңы
"Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат, № 24, 338-құжат) өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 4-бапта:
1-тармақ "Қазақстан" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.";
3) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жоғары заң білімi бар, әдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемiнде бiр жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды.
Өзiне қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған, лицензиясы керi қайтарылып алынғандықтан не нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол бергенi үшiн мемлекеттік нотариус қызметiнен босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам да осындай оқиға болғаннан кейiн үш жыл бойы нотариус бола алмайды.";
3-тармақтағы "және 3-1)" деген сөздер алып тасталсын; "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жоғары заң білімi бар және аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың сынақтан өтушiлерi бола алады. Сынақтан өтушiлер сынақтан өту туралы шарт негiзiнде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтедi.
Заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар адамдар үшiн аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палатаның бiрлескен шешiмiмен сынақтың мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.";
5) 8-баптың 6-тармағы "iстеген адамдар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттік нотариустар" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 10-бапта:
1-тармақ "әдiлет органдарының," деген сөздерден кейiн "нотариаттық палаталардың," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны керi қайтарып алу жөніндегі талап-арыз iсiн қозғағанда;";
3) тармақшадағы "паспорт деректерi мен өзiнiң тұрғылықты жерiнiң өзгерістерi туралы мәлiметтердi, олар өзгерген жағдайда" деген сөздер "өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенi, сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан орны өзгергенi туралы мәлiметтердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "тоқтатыла тұруы мүмкiн" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзғанда;
5) нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда тоқтатыла тұруы мүмкiн.";
3-тармақтың үшiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшiн қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.";
4-тармақ "тыйым салуға" деген сөздерден кейiн "және нотариустың жеке мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 11-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;";
4) тармақшадағы "нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда;
6) лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;
7) аттестаттаудың нәтижесi терiс болғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады.";
8) 12-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша "немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда;";
5) тармақша "қабiлетсiз" деген сөзден кейiн "не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың жеке мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.";
9) 15-бапта:
1-тармақ "сақтандырған" деген сөзден кейiн ", нотариаттық палатаға мүше болған" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсiби қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариус бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.
Аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi.";
5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
10) 16-бапта:
1-тармақтағы "34-бабындағы 1-тармақтың 1) (жылжымайтын мүлiк жөніндегі мәмiлелердi куәландыру бөлiгiнде), 3), 4), 5), 6), 14), 15), 17) тармақшаларында көзделген iс-әрекеттерге қатысты" деген сөздер "34-бабының 1-тармағында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi" деген сөздер "шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 17-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
12) 19-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;";
13) 20-баптың екiншi сөйлемi алып тасталсын;
14) 21-бапта:
3-тармақта "54, 55-баптарында" деген сөздер "54-бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "1-тармағында" деген сөздер "1 және 2-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 27-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша "нотариаттық iс-әрекеттер" деген сөздердiң алдынан "жекеше нотариустар" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;";
6) тармақша "нотариустарды" деген сөздiң алдынан "жекеше" деген сөзбен толықтырылсын;
8) тармақша "нотариусты" деген сөздiң алдынан "жекеше" деген сөзбен толықтырылсын;
9) тармақша "нотариустардың" деген сөздiң алдынан "жекеше" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.";
16) 28-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртібі;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;";
17) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
"29-1-бап. Жеке нотариаттық архив
Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.
Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.";
18) 30-бапта:
2-тармақтағы "тараптардың келісімiмен белгiленген баға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттік баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 7-тармақтар алып тасталсын;
19) 31-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бiрлесiп белгiлейдi.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Нотариаттық қызметтi жүзеге асыруға кiрiскен жекеше нотариустың жұмысын тексеру ол нотариаттық iс-әрекеттi жүзеге асыра бастағаннан кейiн кем дегенде алты айдан кейiн және бiр жылдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi және одан кейiн әрi кеткенде жылына бiр рет жүргiзiледi.";
20) 32-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;";
3) тармақшада "нотариаттық" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың санын бекiтедi;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;";
21) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу
саласындағы құзыретi
1. Аумақтық әдiлет органы:
1) мемлекеттік нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
3) жергiлiктi атқару органдарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
4) мемлекеттік нотариустар жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
5) нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;
6) жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi;
7) жекеше нотариустардың келу сипатындағы есептiлiк тiркеуiн жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың жеке мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды бередi;
9) осы Заңмен белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
1) нотариаттық округтегi жекеше нотариустардың қызмет аумағын белгiлейдi;
2) Әдiлет министрлігіне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың саны туралы ұсыныс енгiзедi;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адамдардың резервiн қалыптастырады және жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурстық iрiктеудi жүргiзедi; резервтi қалыптастыруға арналған құжаттар нотариаттық палатаға ұсынылады және сонда сақталады;
4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
6) нотариаттық практиканы қорытады;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
8) жеке практикамен айналысатын нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығына және оның iс жүргiзу ережелерiн сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9) нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын жекеше нотариустарға аттестаттау жүргiзедi.";
22) 34-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;";
23) 35-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
24) 36-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
25) 37-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы бапта көзделген өсиеттерге өсиетке ол да қол қоятын куәнiң қатысуымен өсиет қалдырушы қол қоюға тиiс.";
26) 47-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"47-бап. Куәландыратын жазбалар жасау, куәлiктер беру және
қаулылар шығару";
1-тармақ "мәмiлелердi куәландыру" деген сөздерден кейiн "және нотариаттық куәландырылған құжаттардың дубликаттарын беру" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мұраға сенiмгерлiк басқарушы тағайындалған кезде нотариус тиiстi қаулы шығарады";
27) 48-баптың 1-тармағының 1) және 5) тармақшаларындағы "заңға", "заң" деген сөздер тиiсiнше "заңдарға", "заңдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 50-бап "нотариаттық куәлiктердi" деген сөздерден кейiн "және қаулыларды" деген сөздермен толықтырылсын;
29) 54-баптың 2-тармағы "мүлiктi" деген сөздiң алдынан "жылжымайтын" деген сөзбен толықтырылсын;
30) 55-бап алып тасталсын;
31) 9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру";
32) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк
беру туралы өтiнiштердi қабылдау
Нотариус мұра ашылған орын бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұрагердiң мұрадан бac тартуы немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштi жазбаша нысанда қабылдайды.";
33) 62-68-баптар алып тасталсын;
34) 70-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
35) 79-баптың 1-тармағы "қайшы келмейтiн" деген сөздерден кейiн "және мәмiленi баяндауды бiлдiрмейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;
36) 101-бапта "мүлiктi қорғауға" деген сөздерден кейiнгi ", сондай-ақ осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық туралы куәлiк беруге байланысты iс-әрекеттер" деген сөздер "байланысты iс-әрекеттер, сондай-ақ мұраны сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау және осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық туралы куәлiк беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 105-баптың 1 және 2-тармақтары алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының