Террористік қылмыстарды, сондай-ақ салдарынан Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтірген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.»;
6) 30-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.»;
7) 31-бапта:
бірінші бөлікте:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.»;
8) 37-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Азаматтық алу және оны тоқтату мерзімінің есептелуі»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы соттың үкімі заңды күшіне енген күні;».
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат):
1) 3-баптың екінші бөлігінде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының бекiтуі;»;
2) 15-баптың үшінші бөлігінде:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн бекiтеді;»;
3) 20-1-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітетін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.».
10. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
22-баптың екінші бөлігінде:
4) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;»;
«12) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.».
11. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):
1) 1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.»;
2) 1-2-баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) 2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4) 8-баптың 8) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау салаларындағы жұмысында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Бас Прокурор және ол арнайы уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.».
12. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19- II, 106-құжат; № 22-I, 140-құжат):
1) 10-баптың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 11-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы Нурсултан Назарбаев)».
13. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21- III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 12-1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметi заңдылығының сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.».
14. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
2-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:».
15. «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2015 ж., № 21-II, 130-құжат):
56-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.».
16. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат):
31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.».
17. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Күдікті немесе айыпталушы шетелдікті күзетпен ұстау орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, қылмыстық-атқару жүйесiнің уәкiлеттi органына, сондай-ақ ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жіберіледі.».
18. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):
1) 7-баптың 11) тармақшасы «ұлтаралық» деген сөзден кейін «және конфессияаралық» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.».
19. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, 2016 ж., № 24, 126-құжат):
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Мемлекеттiк қорғау шараларын жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау
Мемлекеттiк қорғау шараларын жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына және оған бағынысты прокурорларға жүктеледi.».
20. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.».
21. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат):
1) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.»;
2) 23-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«23-1-бап. Мәслихаттың облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерін қызметке тағайындауға, сондай-ақ тағайындауға мәслихаттардың келісімі талап етілетін әкімдер қызметіне кандидатураларды тағайындауға келісім беру тәртібі»;
4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыс, республикалық маңызы бар қала не астана әкiмдерi қызметіне кандидатураларды тағайындауға үшінші рет келісім бермеген жағдайда, тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатуға құқылы;»;
3) 32 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкімін қызметке тағайындау, қызметтен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
1. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы әкімін:
осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы мәслихатының келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайды;
облыс әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады.
2. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімін:
осы Заңда белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі қызметке тағайындайды;
облыстық маңызы бар қала әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады.
3. Республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкiмін:
осы Заңда белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен республикалық маңызы бар қала және астана әкімі қызметке тағайындайды;
республикалық маңызы бар қала және астана әкімі оның өкiлеттiгiн тоқтатады және қызметтен босатады.
4. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкiмiн Қазақстан Республикасының Президенті өзінің ұйғаруы бойынша қызметтен босатуы мүмкін.»;
«36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін қызметке сайлау, қызметтен босату тәртібі
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілген жиырма бес жасқа толған кандидатуралар арасынан баламалы негізде төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі жергілікті қоғамдастық пен облыс әкімінің келісімімен қызметтен босатады.»;
4) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
«36-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу
1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
Кандидаттардың осы Заңда белгіленген шекте сайлауға қатысуға тең құқықтары бар.
2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын өткізген кезде дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары әкімдер сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын сайлау органдары болып табылады.
Облыстық сайлау комиссиясы:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне басшылық етеді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген жергілікті бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) келіп түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құрылған төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін орындауын ұйымдастырады;
3) сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдауға құқылы;