Осы Кодекстің 27-бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында қарайды.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, ұйғарымға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын судья жеке-дара қарайды.
403-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері
1. Апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхаты осы баптың екінші бөлігінің және осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге жатады.
2. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағым берген немесе өтінішхат келтірген тұлғаны шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.
3. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін.
4. Мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.
5. Апелляциялық шағым беру немесе прокурор өтінішхат келтіру үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен қарайды»;
66) 404-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«404-бап. Апелляциялық шағымның, прокурор өтінішхатының мазмұны»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:»;
1) тармақшадағы «шағым, наразылық» деген сөздер «апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «шағым, наразылық» деген сөздер «апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «наразылық білдірілетін» деген сөздер «прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шағым жасалып отырған немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігіне және шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін тұлғаның қандай өзгерістер енгізуді талап ететініне нұсқау;
6) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
7) шағым, прокурордың өтінішхаты берілген күн және шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін адамның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе істе мұндай құжат болмаса, өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық құжаттар нысанында шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген кезде олар оны беретін адамның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжаттар нысанындағы шағымға, прокурордың өтінішхатына құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотта мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.
Бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға, егер шағымда, прокурордың өтінішхатында оларды бірінші сатыдағы сотқа ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі болса, оның ішінде, егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта оларды зерттеу және (немесе) талап етіп алдыру туралы өтінішхат мәлімделіп, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, жол беріледі.»;
67) 405, 406 және 407-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейiнгi әрекеттерi
1. Бірінші сатыдағы соттың судьясы мерзімінде берілген және осы Кодекстің 403 және 404-баптарының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін мынадай әрекеттерді жасайды:
1) шағым, прокурордың өтінішхаты келіп түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, прокурор өтінішхатының көшірмелерін және оларға қоса берілген жазбаша дәлелдемелерді не соттың интернет-ресурсы арқылы бұлардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлауды жібереді.
Тараптарға ұсыну мерзімі көрсетіле отырып, олардың шағымға, прокурордың өтінішхатына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі;
2) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.
2. Апелляциялық шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі үшін белгіленген мерзім өткенге дейін азаматтық істі соттан ешкім талап етіп алдыра алмайды. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ іске қатысуға тартылмаған, бірақ құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім қабылдаған тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға берілген қарсылықтармен танысуға құқылы.
406-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру
1. Осы Кодекстің 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген кезде судья шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыратын ұйғарым шығарады және шағым берген адамға, өтінішхат келтірген прокурорға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.
2. Егер апелляциялық шағым берген адам, өтінішхат келтірген прокурор ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа алғашқы ұсынылған күні берілді деп есептеледі.
3. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
407-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару
1. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты оларды берген адамға мынадай жағдайларда:
1) шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарымдағы судьяның нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
2) шағым берген адам, өтінішхат келтірген прокурор өтінгенде;
3) егер қайта қарау мерзімі өтіп кетсе және шағымда, прокурордың өтінішхатында оны қалпына келтіру туралы арыз болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған кезде;
4) егер шағымды, прокурордың өтінішхатын оларды беруге немесе оларға қол қоюға құқығы жоқ адам берсе, қайтарылады.
2. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару туралы ұйғарымды сот:
1) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда - сот белгілеген мерзім өткен күннен бастап;
2) қалған жағдайларда - шағым, прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару туралы ұйғарымға жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
68) 408-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«408-бап. Апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікір
1. Іске қатысатын адам апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып жібереді.
Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысатын басқа да адамдарға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат та қоса беріледі.»;
69) 409-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Апелляциялық шағымнан, прокурордың өтінішхатынан бас тарту және оларды кері қайтарып алу»;
бірінші бөліктің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Прокурор соттың шешіміне өтінішхатты апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы.
Апелляциялық шағымнан бас тарту, шағымды, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алу бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа жазбаша арыз беру арқылы ресімделеді.»;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Апелляциялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы апелляциялық сатыдағы сот, егер шешімге басқа да адамдар шағым жасамаса және жоғары тұрған прокурор өтінішхат келтірмесе, апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Шағымды қайта беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым қайтарылады.
3. Шағым, прокурордың өтінішхаты кері қайтарылып алынған жағдайда, сот қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 403-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайта берілуі мүмкін.»;
70) 411-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс қаралғанға дейін апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағым берген адамның, өтінішхат келтірген прокурордың арызы бойынша, осы Кодекстiң 243-бабында санамаланған істер бойынша шешімдерден басқа, бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекстің 244-бабында көзделген тәртіппен дереу орындауға жіберілген шешімнің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.»;
71) 53-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«53-тарау. Апелляциялық шағым, покурордың өтінішхаты бойынша істерді қарау»;
72) 412-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы
Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабыекінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.»;
73) 414-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Істі апелляциялық шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындауын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындамаған жағдайда, іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылуы мүмкін.
2. Судья апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында баяндалған дәлелдерді ескере отырып, істі апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдау және істі қарауға дайындау туралы ұйғарым шығарады. Іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді жүргізеді.»;
74) 415-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасында іс сотқа келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзімде қаралады.»;
75) 417-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«417-бап. Істі талқылаудың басталуы
1. Төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашады және қандай іс, кімнің апелляциялық шағымы, өтінішхаты бойынша және қай соттың шешімі қарауға жататынын, апелляциялық сатыдағы сот құрамын, сот отырысының хатшысын, сондай-ақ істі қарауға қатысатын болса, прокурорды хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келгендердің жеке басын анықтайды, лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді және іске қатысатын адамдардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылғанына көз жеткізеді. Құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылмағаны анықталған жағдайда, сот бұл жөнінде мәлімдеген адамдарды таныстырады. Егер қарсылық білдірулер мәлімделсе, олар осы Кодекстің 41-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
2. Сот отырысына келген, іске қатысатын адамдардың және өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Шешімге екі тарап шағым жасаған жағдайда, талап қоюшы бірінші болып сөйлейді. Апелляциялық шағым берген адамның, өтінішхат келтірген прокурордың және іске қатысатын басқа да адамдардың, олардың өкілдерінің түсініктемелерінен кейін апелляциялық сатыдағы сот дәлелдемелерді зерттеуге көшеді.»;
76) 420-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Апелляциялық шағым берген адам, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы тұрғысынан дау айтқан дәлелдемелер істегі басқа дәлелдемелердің жиынтығымен бірге сотта зерттеуге және бағалауға жатады.»;
77) 421-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот жарыссөздері осы Кодекстің 217-бабында көзделген қағидалар бойынша өткізіледі, бұл ретте апелляциялық шағым берген адам немесе өтінішхат келтірген прокурор және (немесе) оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағым жасаған жағдайда, талап қоюшы бірінші болып сөз сөйлейді.»;
78) 424-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шешімді - өзгеріссіз, ал шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруға;»;
79) 426-бапта:
бірінші бөліктің 3) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын берген адам, іске қатысатын басқа да адамдар және өкілдер;»;
«6) апелляциялық шағымның, прокурор өтінішхатының және оларға пікірдің қысқаша мазмұны;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотта қараудың нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде көрсетілген сілтемелер мен дәлелдердің сот отырысында қарауға және зерттеуге қабылданбау негіздері көрсетілуге тиіс.»;
80) 429 және 433-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«429-бап. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына (қаулыларына) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіру тәртібі мен мерзімдері
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ соттың ұйғарымы істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына осы Кодекстің 401-бабында аталған адамдар жеке шағым беруі, өтінішхат келтіруі мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын адамдардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты болса, олар да соттың ұйғарымына шағым жасауға құқылы.
Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты ұйғарым түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына, оның ішінде сол жерде сот отырысының хаттамасына енгізіле отырып шығарылған ұйғарымдарға жеке шағым, прокурордың өтінішхаты берілмейді, бірақ қарсылықтар апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.
3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға жеке шағым берілген, прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Бұл ретте, егер шешімге апелляциялық шағым берілсе, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірсе, жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын тексеруді істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысы жүргізеді.
4. Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты осы ұйғарымды шығарған сотқа іске қатысатын адамдардың санына қарай құжаттардың көшірмелерімен қоса беріледі, бұларды судья оларға жібереді немесе тапсырады. Судья жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін азаматтық істі немесе материалдарды апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.
5. Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты апелляциялық шағымдар мен прокурордың өтінішхаттарын қабылдау және қарау үшін осы тарауда белгіленген тәртіппен қабылданады және қаралады.
Осы Кодекстің 414-бабында көзделген тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеуі оларды қарауға кедергі болмайды.
6. Жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы сот:
1) соттың ұйғарымын - өзгеріссіз, ал жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;
2) сот ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;
3) сот ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жою және мәселені мәні бойынша шешу;
4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
7. Талап арыздарды қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап арыздарды қараусыз қалдыру мәселелері жөніндегі жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын ұйғарымдарына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.»;
«433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау тәртібі
1. Белгіленген мерзімде немесе өткізіп алынған мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сотқа іс басқа шағымдар бойынша қаралғаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды, прокурордың өтінішхатын өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
2. Апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша және негіздер болған кезде апелляциялық сатыдағы сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жояды және келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша жаңа қаулы, ұйғарым қабылдайды.
Мұндай негіздер болмаған кезде апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы, ұйғарым шығарады.»;
81) 435-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы заңды күшiне енген сот актiлерiне өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да ұсыну енгізуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшiне енген сот актiлерiне өзінің бастамасы бойынша да, осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша өзіне берілген, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаттары бойынша да наразылық келтіруге құқылы.»;
82) 454-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бұрын жасалған сот актiлерiнің апелляциялық немесе кассациялық тәртiппен күшi жойылғаннан кейiн шығарылған жаңа сот актiлерiне өтiнiшхат, ұсыну, наразылық, прокурордың өтінішхаты олардың күшiн жою уәждеріне қарамастан, жалпы негiздерде берiлуi, келтiрiлуi мүмкiн.»;
83) 461-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына осы Кодекске сәйкес шағым жасалуы және ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
84) 463-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың ұйғарымдары шағым жасауға, наразылық білдіруге, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық және кассациялық шағымдарға, прокурордың апелляциялық өтінішхатына және наразылығына енгізілуі мүмкін.
3. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың ұйғарымдарына осы Кодекске сәйкес шағым жасалуы, наразылық білдірілуі және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
85) 465-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты қарау нәтижелерi бойынша төрелік шешiмнiң күшiн жою не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымына осы Кодекске сәйкес жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн.»;
86) 503-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Белгiленген мерзiм өтіп кеткен соң берілген не қажеттi құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қараусыз қайтарады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн.»;
87) 505-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.».
8. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.»;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Азамат және мемлекет
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстанның шегінен тыс жерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтарының алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, мемлекеттік тілге және оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.»;
3) 17-баптың бірінші бөлігінде:
4) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;»;
«12) осы Заңның 21-бабының бірінші бөлігі 8) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Заңның 20-1-бабының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.»;
4) 19-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру