10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;».
32. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):
21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.».
33. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-6-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік авиация инспекторлары Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.».
34. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; №24, 123-құжат):
1) 12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Прокуратура органдарының қызметкерлерін қоспағанда, құқық қорғау органдарына қызметке кіретін және аға және жоғары басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектеріне, бұрын құқық қорғау органдарында қызмет өткерген адамдарға сынақ мерзiмi белгiленбейдi.»;
2) 29-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Прокуратура органдарының орта және аға басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.»;
3) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлердің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгiленедi және ақшалай жабдықталымды және қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетін үстемеақыларды қамтиды.».
35. «Назарбаев Университет», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2015 ж., № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):
1) кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғары қамқоршылық кеңестің тұңғыш төрағасы болып табылады.»;
3) 12-1-баптың 1 және 6-тармақтарында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
36. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19- II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат):
1) 7-баптың екінші бөлігінде:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.»;
2) 48-баптың бірінші бөлігінде:
4) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;»;
«12) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.»;
3) 49-баптың бірінші бөлігінде:
6) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыртқан;»;
«16) егер бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;»;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) егер бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады.».
37. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат):
1) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі - күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган;»;
2) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге негiзделген мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға;»;
3) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы жүзеге асырады.».
38. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; №16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.».
39. «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; №14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 19-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «Қарулы Күштерде» деген сөздер «Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 24-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 39-1-баптың тақырыбында және 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
40. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат, № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкiлеттiк берген прокурорлар жүзеге асырады.».
41. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат):
23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке басты куәландыратын құжаттарды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ лауазымды адамдар әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды және одан айырылуды ресімдеу барысында алып қояды.».
42. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат):
28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокуратура органдары дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.».
43. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; №22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат):
1) 1-баптың 22) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 7-баптың 15) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) 31-бапта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
44. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №22, 133-құжат; 2015 ж., № 5, 22-құжат; № 22-VІІ, 162-құжат):
көрсетілген Заңға 1-қосымшадағы «Елбасының» деген сөз «Елбасы» деген сөзбен ауыстырылсын.
45. «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 11, 55-құжат):
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Бітімгершілік қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Бітімгершілік қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.».
46. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 120-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):
1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі және 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамдық кеңестер - осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.»;
«5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестер жатады.».
47. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Министрліктердің жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.»;
2) 53-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.».
48. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VII, 163-құжат; 2016 ж., № 5, 34-құжат; № 16-17, 105-құжат):
көрсетілген Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
49. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат):
16-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакция жазылсын:
«3. Аудандық сот судьясының, облыстық сот судьясының және Жоғарғы Сот судьясының лауазымына бос орынның ашылуы туралы ұсыну, сондай-ақ аудандық сот төрағасының өкілеттік мерзімінің өтуі Кеңестің конкурс жариялауы үшін негіздер болып табылады.
4. Кеңестің аудандық сот судьясының, облыстық сот судьясының және Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында - конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын, ал аудандық сот төрағасының лауазымына орналасу үшін аудандық сот төрағасы өкілеттігінің мерзімі өткенге дейін қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.».
50. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) заңнамалық акт - Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;»;
2) 7-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;»;
3) 10-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;»;
«4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, заңдары;»;
4) 22-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) акт нысанына нұсқау: Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасының кодексi; Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңы; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; ведомство басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктің қаулысы; әкiмнің шешiмi; тексеру комиссияның қаулысы және нормативтiк құқықтық актiнiң осы Заңда көзделген өзге де нысаны;»;
5) 25-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін көрсету талап етілмейді.»;
6) 35-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарына, конституциялық заңдарына, кодекстерiне, шоғырландырылған заңдарына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президентi;»;
7) 58-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нормативтiк құқықтық актiлерде қамтылатын нормаларға ресми түсіндірме беру уәкілетті органдардың не жеке және заңды тұлғалардың бастамасы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы тарауда белгіленген, нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру тәртібі мен шарттары «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын заңға түсіндірме беруге қолданылмайды.»;
8) 59-баптың 3-тармағы және 60-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
9) 62-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың талаптары осы Заңның 60-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.»;
10) 64-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.».
51. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 115-құжат; 2017 ж., № 3, 4-құжат):
көрсетілген Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
52. «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат):
20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.».
53. «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 132-құжат):
6-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу;».
54. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 130-құжат):
36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Прокуратура органдары мемлекет атынан дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы шілденің 11-і.
№ 91-VI