8) 82-баптың тоғызыншы бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Сараптама тағайындау туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.»;
9) 98-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот тез бүлінетін заттай дәлелдемелерге билік ету туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.»;
10) 106-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап арыз қараусыз қалдырылады және талап қоюшыға қайтарылады. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы азамат берген талап қоюлар бойынша сот мемлекеттік баж төлеуді тиісті шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін. Шешім қабылданған кезде сот мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды шешім пайдасына шығарылмаған тарапқа артады.»;
11) 112-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және оның өкілдік етуіне байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы немесе өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Шығарылған ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.»;
12) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі
Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
13) 126-баптың үшінші, алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот заңды бұзған жағдайда сот актілеріне шағым жасау, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруі не процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндігін шектейтін (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмелерін уақтылы жібермеу; егер сот актісі осы тұлға білетін тілге аударылмаса, сот ісін жүргізу тілін білмеу; құқық мирасқорлығын дұрыс ресімдемеу) сот актілеріне шағым жасау үшін, сондай-ақ уақтылы шағым беруге, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруіне кедергі болған өзге де мән-жайлар болған кезде сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге міндетті.»;
«6. Өткізіп алған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты, наразылығы келтірілуі мүмкін.
7. Процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.»;
14) 142-баптың екінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот бұйрығының күшiн жою туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
Сот бұйрығының күшiн жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
15) 147-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шешімге - осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткеннен кейін, ал егер арыз берілсе, осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзімде апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
16) 148-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін берген талап арызда мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неден көрінетіндігіне негіздеме, қандай заңды мүдделердің бұзылғаны, сондай-ақ қолдануға жататын заңға сілтеме болуға тиіс. Прокурор жеке не заңды тұлғаның мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда, талап арызда жеке не заңды тұлғаның өзінің талап қоюды беруі мүмкін еместігінің себептеріне негіздеме болуға тиіс. Талап арызға, әрекетке қабілетсіз тұлғаның мүдделері үшін талап қоюды беру жағдайларынан басқа кезде, прокурордың талап қоюмен сотқа жүгінуіне жеке не заңды тұлғаның немесе оның заңды өкілінің келісімін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.»;
17) 149-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен берілетін талап арызға:
1) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері;
2) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі.»;
18) 151-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
19) 152-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакция жазылсын:
«3) талап арыз осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының, 1-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса;»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Талап арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
20) 161-баптың тақырыбы, бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі
1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
«4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.»;
21) 164-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген даулар бойынша азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Аса күрделі істер бойынша бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша бір айға қосымша ұзартылуы мүмкін.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.»;
22) 167-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірнеше талап қоюды біріктіру немесе ажырату туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.»;
23) 170-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Талап қоюдан бас тарту қабылданған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады, оған апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
24) 177-баптың төртінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Татуласу келісімін бекітуден бас тартылған жағдайда, сот бұл жөнінде ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.»;
«7. Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
25) 235-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Түзетулер енгізу туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
26) 236-бапта:
екінші бөлікте:
үшінші абзацтың бірінші сөйлеміндегі «және оған шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қосымша шешімге апелляциялық шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілуі мүмкін.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
27) 237-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шешiмді түсiндiру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
28) 238-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
29) 239-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
30) 240-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер шешімге шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.»;
«5. Апелляциялық шағым берілген, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда шешім, егер оның күші жойылмаса және (немесе) ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы сот қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді, ал осы Кодекстің 27-бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының қаулысы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.»;
31) 242-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
32) 244-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шешiмдi дереу орындау туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Шешiмдi дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі осы ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.»;
33) 246-баптың төртінші бөлігінде:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 177-бабының жетінші бөлігіне сәйкес татуласу келiсiмін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар берілуі, прокурор өтінішхаттар келтіруі мүмкін.»;
34) 248-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шешiмнiң орындалуын бұру туралы бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
35) 249-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот орындаушысының ұсынуын судья ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешеді. Сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының келіп түскен ұсынуы туралы хабарландырады, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды. Судья сот орындаушысының ұсынуын қарап, ұйғарым шығарады, оған жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
36) 252-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
37) 253-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Белгiленген мерзiм өткiзіп берілген, мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат және растайтын құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай қайтарады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
38) 254-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн.»;
39) 255-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот төрелік шешімді орындау туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарады, оған осы Кодекске сәйкес жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
40) 262-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы не сырттай шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.»;
41) 264-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сырттай шешiмге - осы шешiмнiң күшiн жою туралы арыз беру мерзiмi өткеннен кейін, ал егер арыз берілсе, осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап бір ай ішінде іске қатысатын адамдар апелляциялық шағым беруі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
42) 270-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке ұйғарымға мүдделерiне оның қатысы бар тұлғалар осы Кодекстiң 429-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген тәртiппен жеке шағым беруі және прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
43) 275-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«275-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымына шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі
Осы Кодексте көзделген жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
44) 276-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.»;
45) 278-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың ұйғарымына осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
46) 280-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Талап арызды қараусыз қалдыру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
47) 285-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.»;
48) 288-баптың тақырыбы, бірінші, екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«288-бап. Соттың шешімі, оған шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау, наразылық келтіру және орындау
1. Арыз негiздi деп танылған соттың шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.
2. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды.»;
«4. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шешімдерге апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, прокурордың кассациялық шағымы, наразылығы сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн мерзімде, ал дауыс беру күніне дейін бес күннен аз қалғанда, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін келіп түскендер дереу қаралады.»;
49) 295-баптағы «Бұл мерзімді» деген сөздер «Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл мерзімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 296-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде сот арызды азаматтың, заңды тұлға өкілінің, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен қарайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурордың қатысуы міндетті.
Шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен берілетін дау айту туралы арыз осы Кодекстің 183-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде қаралады.»;
51) 314-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бала асырап алу туралы істерді сот бала асырап алушылардың өздерінің (бала асырап алушының), қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қарайды.»;
52) 320-бап алып тасталсын;
53) 326-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы арызды сот азаматтың өзінің, арыз берушінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.»;
54) 330-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«330-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау
Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-анасының (ата-анасының біреуінің), бала асырап алушылардың (бала асырап алушының), қамқоршысының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.»;
55) 337-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іс азамат емдеуге жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған медициналық ұйым өкілінің және өзіне қатысты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселе шешіліп жатқан азамат өкілінің қатысуымен қаралады.»;
56) 347-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыну енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қаралады.»;
57) 370-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
58) 372-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Соттың ұйғарымы апелляциялық тәртіппен шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.»;
59) 384-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның міндетті түрде қатысуымен қаралады.»;
60) 396-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндетті түрде қатысуымен қаралады.»;
61) 398 және 399-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«398-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімі және істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау мерзімі
1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес түпкілікті нысанда соттың шешімі қабылданған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.
2. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша келіп түскен баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес апелляциялық сатыдағы сотқа келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қаралады.
399-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша соттың ұйғарымына жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын беру және қарау мерзімі
1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша соттың ұйғарымына осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес ұйғарым шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 429-бабында көзделген қағидаларға сәйкес іс апелляциялық сатыға берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қаралады.»;
62) 400-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы, қайтару туралы, қараусыз қалдыру туралы, баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы сот ұйғарымдарының көшірмелері, бірінші сатыдағы соттың көрсетілген ұйғарымдарына жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот шығарған ұйғарымның көшірмесі тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында тағайындалған уәкілетті органға (бұдан әрі осы бапта - орталық орган), сондай-ақ осы бала туралы дауға байланысты іс, егер мұндай іс туралы ұйғарым шығарған сотқа мәлім болса, іс жүргізуінде жатқан сотқа жіберіледі.»;
63) 52-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«52-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағым жасау, прокурордың өтінішхаттар келтіруі»;
64) 401-баптың тақырыбы, бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың өтінішхаттар келтіру құқығы
1. Осы тарауда көзделген қағидаларға сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
«3. Апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары өз құзыреті шегінде істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, шешімге апелляциялық өтінішхат келтіруге құқылы.»;
65) 402 және 403-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«402-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар
Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында қарайды.