4) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:
1) әкімдер сайлауын тағайындайды және оның өткізілуін қамтамасыз етеді;
2) әкімдікке ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, осы Заңда көзделген жағдайларда оларды тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;
3) дауыс беруге арналған бюллетеньдердің мәтіндерін бекітеді және олардың дайындалуын ұйымдастырады;
4) дауыс беруге арналған пункт дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктердің жасалуын қамтамасыз етеді;
5) әкім сайлауындағы дауыс беру нәтижелерін анықтайды, сайланған әкімді тіркейді, сайлау нәтижелері туралы хаттаманы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне береді;
6) қайта сайлау өткізеді;
7) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалады.
3. Сайлау күні туралы хабарды аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жеткізеді.
Кандидатураларды жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлауды тағайындаған кезден бастап жүргізілуі мүмкін.
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы кандидаттардың өтініштерін беру арқылы жүргізіледі.
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуын өзі аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан дауыс беруге дейінгі екі күннен кешіктірмей кері қайтарып алуы мүмкін.
Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тіркемейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды және қабылданған шешім туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне хабарлайды.
Кандидаттарды ұсыну сайлауға дейінгі отыз күн қалғанда басталады және жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
Егер кандидаттардың барлығы тіркелгенге дейін өз кандидатураларын алып тастаса немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күні әкімдікке екі кандидаттан кем тіркелсе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімін ұзартады, бірақ ол он күннен аспайды.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттың оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды, бұл жөнінде тиісті хаттама жасайды.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне кірістері және мүлкі туралы декларациялар тапсырады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері және мүлкі туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары декларацияларды алған күннен бастап жеті күн ішінде тексереді.
Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері туралы және мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынады.
Кандидаттар туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының талаптарын алған өзге де мемлекеттік органдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынады.
4. Кандидаттарды тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметіне тиісті кандидаттарды ұсыну туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуы;
2) әкімдікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініш;
3) әкімдікке кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері туралы және мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде салық органының анықтамасы.
5. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркеу аяқталғаннан кейiн жетінші күннен кешiктiрмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілмен әрбiр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлайды;
2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;
3) мынадай:
кандидатты ұсыну қағидалары бұзылған;
кандидат лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін кандидаттың сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу фактілері анықталған;
сот таңдаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, декларацияны тапсыру кезіне кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған;
осы Заңда көзделген өзге де талаптар сақталмаған жағдайларда, кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.
Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға кандидат жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа үш күн мерзімде шағым жасауы мүмкін.
6. Кандидаттарды тіркеу дауыс беруге дейін он бес күн қалғанда аяқталады.
Кандидат тіркеуге дейінгі кезеңде және дауыс беруге дейін екі күн қалғанда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына бұл жөнінде жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды және қабылданған шешім туралы аудан әкіміне хабарлайды.
Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың барлығы шығып қалған жағдайда, сайлау мерзімін ұзарту туралы мәселені аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы шешеді.
Дауыс беруге дейін екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұрын тiркеуден алынған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.
7. Сайлау алдындағы үгiт осы Заңға сәйкес тiркеу аяқталған күннен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Сайлау алдындағы үгiт:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулердi) өткiзу;
2) баспа және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, оның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалаулар мен жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, таңдаушыларға тегiн тауарлар, көрсетілетін қызметтер, бағалы қағаздар ұсыну, сондай-ақ ақша төлеу арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.
Кандидаттардың өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын үгіттеуге және насихаттауға құқығы бар.
Кандидаттар өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сайлау комиссияларымен қарым-қатынастарда кандидаттардың мүдделерiн білдіретін, бесеуден аспайтын сенiм бiлдiрген адамдарының болуына құқылы.
Кандидаттар сенiм бiлдiрген адамдарын өз қалауы бойынша айқындайды және тiркеу үшiн олар туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына хабарлайды.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәліктер береді.
Сенiм білдiрілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға, мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымында орналасқан адам болмауға тиiс.
Сенiм білдiрілген адамдар өздеріне кандидат берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді.
Сенім білдiрілген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн немесе жеке өз бастамасымен не кандидаттың шешiмiмен өз мәртебесiн жоғалтады.
Сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.
Дауыс беруге арналған пункттерден тыс жерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
8. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Бюджет қаражатын жұмсауды аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет қаражатынан:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және оның қызметіне;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;
5) кандидаттардың көлік шығыстарына;
6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған пунктте орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарға сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге бөлінетін қаражат мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.
9. Әкімдер сайлауында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті осы Заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.
Әкімдікке кандидаттың сайлау қорын:
1) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен артық аспауға тиiс кандидаттың өз қаражаты;
2) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен артық аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары құрайды.
Сайлау қорын құрайтын ақша тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашатын арнаулы уақытша шотқа есепке жатқызылады. Көрсетілген шот бойынша кiрiстер есепке жазылмайды және төленбейдi. Сайлау қорының ақшасына билік ету құқығы тек кандидатқа ғана тиесілі болады.
Сайлау қорытындысы анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей кандидат аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына өзінің сайлау қоры қаражатының пайдаланылуы туралы есеп ұсынуға міндетті.
10. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын Қазақстан Республикасының тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына дейінгі қырық күннен кешіктірмей тағайындайды және бір ай ішінде өткізіледі. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап үш ай ішінде өткізіледі.
Әкімдер сайлауында дауыс беру және сайлау қорытындысын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Таңдаушылардың дауыстары тең болған жағдайда, қайта дауыс беру өткізіледі.
Қайта дауыс беру сайлау күні өткізіледі.
Әкімді сайлау тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттары - таңдаушылар отырысында өткізіледі.
Таңдаушылардың тізімдерін аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша жасайды және дауыс беруге арналған пунктте ілінеді.
Егер таңдаушылардың отырысына тиiсті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болады.
Аудандық (қалалық) мәслихаттың хатшысы таңдаушылардың отырысында төрағалық етушi болып табылады.
Мәслихаттың хатшысы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын отырыс хаттамасы таңдаушылар отырысының өткізілу фактісін куәландыратын құжат болып табылады.
Таңдаушылардың отырысына тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.
Таңдаушылардың отырысы өткізілетін үй-жайда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беруге арналған пунктті ұйымдастырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама жасайды.
Отырыс аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылады.
Егер сайлау жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған кандидатты анықтауға мүмкіндік бермесе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.
Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асырылуы көзделген сайлау іс-шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Заңға сәйкес өткізіледі.
Қайта сайлау өткізу туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
11. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімде сайланған әкімді тіркейді. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне және тиісті мәслихатқа ұсынылады.
Әкім қызметіне орналасу арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Арнайы тексерудің нәтижелері алынғанға дейін адам әкімнің міндеттерін уақытша атқарады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындысын және сайланған әкімді тіркеу туралы хабарламаны әкімнің тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, әкімнің қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтерді көрсете отырып жариялайды.
Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы таңдаушылардың тізімдерін жасау қағидалары, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау тәртібі бұзылған, осы Заңды басқа да бұзушылықтар болған жағдайларда, егер бұл әрекеттер таңдаушылардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, әкімдер сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін.»;
5) 39-2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан халқының бірлігін, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;».
22. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 223-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат):
1) Заңның тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңмен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) тағайындалады.»;
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоғамдық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;».
3) 2-баптың 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4) 5-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік сыйлық», «Мемлекеттік сыйлықтың» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; 2010 ж., №24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; №19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; №23, 138-құжат; 2015 ж., №22-II, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2017 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
28-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негiзiнде белгiленедi.».
24. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; №14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі енгізген ұсынумен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.»;
2) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әдiлет органдары қызметкерлерінің еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.».
25. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат; 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
9-баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымын айқындайды;».
26. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты әскери прокурорлар жүзеге асырады.».
27. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; №7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; №21- III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар):
1-баптың 37-1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
28. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 19-I, 98-құжат):
7-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
29. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат):
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.».
30. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
9-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы, 11-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы және 48-баптың 3-тармағының 3) тармақшасыалып тасталсын.
31. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):