Осы Кодекстің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған, сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны апелляциялық сатыдағы сот шығарған жағдайда, жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды.
837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам):
1) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;
2) өтiнiшхаттарды шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады, қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды;
3) егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау өздерінің құзыретiне жатпаса, оларды істің барлық материалдарымен ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.»;
14) 838-баптың тақырыбы, бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау
1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға кiрiскенде:
1) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кiмнің қарайтынын; қандай шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қарауға жататынын; шағымды кiм бергенiн, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кім келтіргенін жариялайды;
2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақыртылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және олардың қатысуынсыз шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау туралы не шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
4) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезінде iсте бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының дәлелдерiмен байланысты болмайды және iстi толық көлемде тексередi, бұл ретте олар жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.
3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақыртылған адамдардың келмеуіне, iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты толық, жан-жақты және объективтi қарау үшiн қажет болған басқа да жағдайларда шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауды кейiнге қалдыруға құқылы.»;
15) 839-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«839-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша шешiм»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарап шығып, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай:»;
1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаулыны - өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;»;
«5) егер шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.»;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық бойынша қаулы түрiнде шығарылады. Қаулыда осы Кодекстiң 822-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
3. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша жоғары тұрған сот судьясының қаулысына, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған судьяның қаулысына осы Кодекстiң 46-тарауында көзделген тәртiппен наразылық білдірілуі мүмкiн.»;
16) 840-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;»;
17) 841-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«841-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндердің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтiнiн анықтап, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қараудың нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.
2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келіп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.»;
18) 842-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижесiнде жасалған әрекетке берiлген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.
3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетін заңды қолдануға немесе осы негiздер бойынша жәбiрленушi шағым берген, прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.»;
19) 844-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен айқындалғаннан неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша жәбiрленушi шағым берген, прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген жағдайда ғана қолданады.»;
20) 845-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша іс жүргiзудi тоқтатудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша ғана әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.»;
21) 846, 848 және 851-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«846-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулыны жария ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы шығарылғанынан кейін дереу жария етіледі.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулының көшірмесі шығарылғанынан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзi берген немесе оның өтiнуi бойынша берілген жағдайда жәбiрленушiге, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жiберiледi.
3. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы - қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ бұл өзiне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледi.»;
«848-бап. Істерді талап етіп алдырудың және заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, мамандандырылған сот алқасының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
2. Осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған тұлғалардың өтінішхаттары, сол сияқты өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бастамалары істерді талап етіп алдыруға себеп болып табылады.
3. Істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау салу жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
4. Осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
6. Ұсыну, наразылық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасына жіберіледі.
Наразылықтың көшірмелерін прокурор іске қатысатын тұлғаларға жібереді.
7. Іс талап етіп алдырылған жағдайда, ұсыну енгізу немесе кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат іс түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
8. Ұсынуды енгізу немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі және мыналарды:
1) өтінішхат жолданған лауазымды адамның атауын;
2) өтінішхат беретін тұлғаның атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін және іс бойынша процестік жағдайды;
3) бірінші, апелляциялық сатыларда істі қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсетуді;
4) өтінішхат берілетін сот актісін көрсетуді;
5) мыналарды:
қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін қандай орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін екенін;
қаулы адамдардың белгісіз тобының қандай құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатынын;
қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті қалайша бұзатынын көрсетуді;
6) өтінішхат беруші тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.
9. Өтінішхат беретін тұлға немесе оның өкілі өтінішхатқа қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
10. Өтінішхат осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген тұлғаларға қайтаруға жатады.
11. Өтінішхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы.»;
«851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш судьяның алқалы құрамында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшiне енген сот қаулысының заңдылығын және негiздiлiгiн тексеруге құқылы.
2. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай ұсыну, наразылық соттың қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлуі мүмкін.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша соттың қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің 833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдердің, қорғаушыларының, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің орталық органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:
1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;
2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;
3) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
6. Наразылық келтірген прокурор наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықты кері қайтарып алу қайтадан наразылық келтіруге кедергі болмайды.»;
22) 47-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қараудың нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау»;
23) 852-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулылар және шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қараудың нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
24) 857-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты немесе наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
25) 860-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қаулының күшін жою туралы және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тартуы туралы шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, олар прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
26) 883-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасалмаса немесе оған прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірмесе, қаулыға шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
2) шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;»;
27) 890-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 834-бабына сәйкес қаулының орындалуы тоқтатыла тұрған жағдайда, ескіру мерзiмінiң өтуi шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.».
7. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат):
1) мазмұнында:
118, 161, 275, 288-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі»;
«161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі»;
«275-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымына шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі»;
«288-бап. Соттың шешімі, оған шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау, наразылық келтіру және орындау»;
320-баптың тақырыбы алып тасталсын;
398, 399-баптардың, 52-тараудың, 401, 402, 403, 404, 405, 406, 407, 408, 409-баптардың, 53-тараудың, 429, 433-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«398-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімі және істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау мерзімі
399-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша соттың ұйғарымына жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын беру және қарау мерзімі»;
«52-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаттар келтіруі
401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың апелляциялық өтінішхаттар келтіру құқығы
402-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар
403-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері
404-бап. Апелляциялық шағымның, прокурордың өтінішхатының мазмұны
405-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейiнгi әрекеттерi
406-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру
407-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару
408-бап. Апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікір
409-бап. Апелляциялық шағымнан, прокурордың өтінішхатынан бас тарту және оларды кері қайтарып алу»;
«53-тарау. Апелляциялық шағым, покурордың өтінішхаты бойынша істерді қарау»;
«429-бап. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына (қаулыларына) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіру тәртібі мен мерзімдері»;
«433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау тәртібі»;»;
2) 27-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакция жазылсын:
«4. Астана қаласының соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына жатқызылған істерден басқа инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды.
Астана қаласының соты инвесторлардың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де дауларды да:
1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдіктің қатысуымен құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлғаның;
3) инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарты болған кезде инвесторлардың қатысуымен қарайды.»;
3) 34-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Істің осы соттың қарауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.»;
4) 41-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың апелляциялық өтінішхатына, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа немесе кассациялық наразылыққа енгізілуі мүмкін.»;
5) 54-бапта:
бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына мемлекет атынан жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да жүзеге асырады.
2. Прокурор осы Кодексте көзделген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін процеске кірісуге құқылы.
Мемлекет мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті.
Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері тиісті ақпаратты соттың интернет-ресурсында орналастыру арқылы қарауға тағайындалған істердің барлығы туралы соттың уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Прокурор:
1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз бетінше құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыра алмайтын тұлғалардың;
2) шектелмеген тұлғалар тобының;
3) адамдардың, қоғамның және мемлекеттің, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау үшін қажет болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес сотқа талап қоюмен, арызбен жүгінуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор талап арызды сотқа мүдделі тұлғаның өтінуі мен арызына қарамастан беруі мүмкін.»;
6) 70-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады, оған сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша процестік әрекеттерді жасайды не одан бас тартады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Шығарылған ұйғарымға қатысты істен бөліп алынған материал жеке шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі.»;
7) 74-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша жазылады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті. Сот тапсырмасы туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.»;