61) 516-баптың үшінші бөлігінің 11) және 12) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«11) iс бойынша берілген шағымдар, прокурордың келтiрілген өтінішхаттары мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;
12) мәлiмделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын және наразылықтарды сотта қарауға қатысуға құқығы бар.»;
62) 519-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген немесе келтірілген апелляциялық шағымдар немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.»;
63) 523-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сот кеңесу бөлмесiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту, сол сияқты оны тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы қаулы шығарады және оны сот отырысында жария етеді. Соттың қаулысы процеске қатысушылардың шағымдары бойынша не прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.»;
64) 529-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сот шешіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады.»;
65) 559-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы немесе уәкілетті прокурор прокурордың (соттың) санкциясын талап ететін процестік әрекеттерді жүргізу, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) немесе транзиттік тасымалдау, уақытша беру, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау кезінде құқықтық көмек туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының құзыретті органы шет мемлекеттің құзыретті органына прокурордың (соттың) санкциясын талап етпейтін процестік әрекеттерді жүргізу кезінде құқықтық көмек туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.»;
66) 588-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тергеу судьясы уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.
5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оның заңдылығы мен негізділігін тексеру осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
67) 589-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жүзеге асырылады, ол осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес оның заңдылығы мен негізділігін тексереді.
6. Тергеу судьясы экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.»;
68) 627-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот үкімді шығарумен бір мезгілде осы Кодекстің 401-бабында санамаланған мәселелерді шешуге тиіс.
Үкімнің көшірмесі шығарылған күнінен бастап бес тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде сотталған адамға, оның қорғаушысына және прокурорға табыс етіледі.
Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша сот үкіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады.»;
69) 658-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) үкiмнiң қарар бөлiгiнде үкiмге шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi туралы түсiндіру қамтылуға тиiс.»;
70) 659-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық істі сотталушының есі дұрыс еместігін анықтауға байланысты тоқтату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану не қолданбау туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
71) 661-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағым жасау және оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Алқабилер қатысатын соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескеріліп, осы Кодексте көзделген қағидалармен айқындалады.»;
72) 662-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық сатыдағы сот алқабилер қатысатын соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде үкім, қаулы шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңның нормаларын сақтағанын тексереді және осының негізінде үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді.»;
73) 672-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«672-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Соттың тәркілеу туралы қаулысына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы, оған наразылық білдірілуі мүмкін.».
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
1) мазмұнында:
30-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау»;
мынадай мазмұндағы 71-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі»;
2) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау
Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.»;
3) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:
«71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы үкім шығарған сот үкім заңды күшіне енгеннен кейін оның көшірмесін уәкілетті органға «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жібереді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат алып қойылады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.»;
4) 171-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:».
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 830, 831, 832, 833, 834, 835, 836, 837, 838, 839, 841, 846, 851-баптардың, 47-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру құқығы
831-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау және наразылық білдіру тәртiбi
832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру мерзiмi
833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының мазмұны
834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын немесе наразылығын қарау мерзiмдерi
836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы
837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу
838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау
839-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша шешiм»;
«841-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi»;
«846-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулыны жария ету»;
«851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі
47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау»;
2) 759-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу процесiнде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды мемлекет атынан тiкелей өзі де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.»;
3) 760-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзудi тексеру, қаулылардың және өзге де актілердің заңдылығын бағалау нәтижелерi бойынша прокурор:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа-апелляциялық өтінішхат, кассациялық наразылық, органға (лауазымды адамға) наразылық келтіруге;»;
4) 761-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезінде iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау хаттамаларында тиiстi жазба жасалады.»;
5) 823-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.»;
6) 825-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелері бойынша қабылданған қаулыдағы жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
7) 826-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Органның (лауазымды адамның) ұсынуына мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы келтірілуі мүмкін.»;
8) 830-баптың тақырыбы, бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру құқығы
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында көрсетілген адамдар шағым жасауы, ол прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкiн.
3. Осы Кодекстің 818-бабы екінші бөлігінің тәртібімен судья (сот) шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша қаулыға жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулылары қайта қаралуға жатпайды.»;
9) 831-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«831-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау және наразылық білдіру тәртiбi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, олар шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.
2. Сотты құрметтемеушілік фактісі туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстің 830-бабының үшінші бөлігіне сәйкес шағым жасалған, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген, наразылық білдірген жағдайларда, сот фактінің анықталған бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қаулыға қоса береді.
3. Шағымды қарауға уәкілеттік берілген сотқа немесе жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым берілуі мүмкін.
Наразылық - жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), ал прокурордың апелляциялық өтінішхаты сотқа ұсынылады.
4. Судьяның әкiмшiлiк қамаққа алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты алынған күнi жіберілуге жатады.
5. Егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау солар берілген немесе ұсынылған судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, өтінішхат ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiберiледi.»;
10) 832-баптың тақырыбы, бірінші, екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру мерзiмi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаулының көшiрмесi табыс етілген күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.
2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген салықтық міндеттеменің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісті түрде орындалмауына байланысты шығарылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға оның көшiрмесi табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде шағымдар берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы келтірілуі мүмкiн.»;
«4. Шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіру мерзімін өткізіп алу оларды қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін мерзімдер мен олардың мәнін сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді.»;
11) 833-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының мазмұны
1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым берiледi, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіріледі және онда:
1) шағым берiлетін, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілетін соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;
2) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы);
3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіріліп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;
4) шағым жасалып, апелляциялық өтінішхат бойынша қайта қаралып немесе прокурор наразылық білдіріп отырған құқықтық актiнiң немесе әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурор құқықтық акт немесе әрекеттер өздерiнiң құқықтарын немесе бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;
5) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурордың айқын тұжырымдалған өтінуі, талабы көрсетiлуге тиiс.
2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа, наразылыққа осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған адамдар, прокурор қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да адам қол қояды.
3. Егер басқа тұлғаның мүддесiнде шағым берілсе, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілсе, оларда мүддесi үшін шағым беретін, апелляциялық өтінішхат немесе наразылық келтіретін адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.
4. Сот, орган (лауазымды адам) шығарған, шағым жасалып, қайта қаралып немесе наразылық білдіріліп отырған құқықтық актінің көшірмесі, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта, наразылықта келтірілген дәлелдерге негiздеме ретінде өзге де құжаттар қоса беріле отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіріледі.
5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты, наразылығы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қайта жасалғаннан кейін сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілмесе, олар берілмеді деп есептеледі.»;
12) 834-баптың тақырыбы және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру»;
«3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.»;
13) 835, 836 және 837-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын немесе наразылығын қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келіп түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қарауға жатады.
2. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, егер жауаптылыққа тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, олар берiлген, келтірілген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қарауға жатады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ ол он тәуліктен аспауға тиіс. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексерулердің нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда, тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы
Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған лауазымды адам немесе жоғары тұрған органның басшысы (басшының орынбасары) жеке-дара қарайды.