№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен 53-3 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді
53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k9 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздары банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.
2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:
1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.
к9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 3 аспауы тиіс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-2-тараумен толықтырылды
6-2. Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 53-6-тармақ жаңа редакцияда
53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының меншікті капиталдың орташа айлық шамасының, реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен 53-7-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-7. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 53-8-тармақ жаңа редакцияда
53-8. Банктің қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді есепке алғанда есептелген ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің жалпы сомасының, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Меншікті капиталдың орташа айлық шамасы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күніндегі жағдай бойынша меншікті капитал сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының резидент емес еншілес ұйымдарына инвестицияларды қоспағанда, мынадай мөлшерлерде пайдаланылады:
жүйе құрайтын банктерді қоспағанда банктер үшін:
2014 жылғы 1 қазаннан бастап - 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;
жүйе құраушы банктер үшін:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 0,3-ке көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;
2015 жылғы 1 қазаннан бастап - 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.12. № 294 Қаулысымен 6-3-тараумен толықтырылды (2014 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6-3. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың ең жоғары өсімінің коэффициенті
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен 53-9-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-9. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздар өсімінің коэффициенті к10 коэффициентімен сипатталады, 0,30-дан астам емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резервтерді ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі өсімінің күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздардың портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
Есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелінің өсімі есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі мен күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфелінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсаттары үшін тұтынушылық портфель ретінде жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыздарды, сатып алынатын автокөлік қамтамасыз етуі болатын қарыздарды, банктік салым шартына сәйкес банкте орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен жабатын ақша қамтамасыз етуі болатын қарыздарды қоспағанда, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға берілген қарыздар және білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар түсініледі.
Басқа банктен тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін немесе бүкіл портфелін қабылдаған банктер несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың өсу коэффициентінің есебіне ағымдағы күнтізбелік жылы басқа банктен қабылданған тұтынушылық қарыздар портфелінің бөлігін кіргізбейді.
Есепті кезеңде басқа банкке (банктерге) тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін немесе бүкіл портфелін сатуды (беруді) жүзеге асырған банк үшін есепті күнге тұтынушылық қарыздардың өсу коэффициентінің мөлшері (к10) 0,30-дан астам емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резервтерді ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күнге нақты берілген тұтынушылық қарыздардың күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен 6-4-тараумен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қорытынды ережелер
54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
55. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2006.27.05. № 120 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2007.23.02. № 47 Қаулыcымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 (бұр.ред. қара ); 2007.24.10. № 242 (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.26.02. № 20 (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасы
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің
кестесi
№ | Баптар атауы | Тәуекел дәрежесі пайызбен |
I-топ |
1 | Қолма-қол теңге | 0 |
2 | Standard & Poor's агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетелдік қолма-қол валютасы | 0 |
3 | Тазартылған қымбат металдар | 0 |
4 | Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген қарыздар | 0 |
5 | Standard & Poor's агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 0 |
6 | Ұлттық Банкке берілген заемдар | 0 |
7 | Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 0 |
8 | Standard & Poor's агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 0 |
9 | Ұлттық Банктегі салымдар | 0 |
10 | Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 0 |
11 | Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 0 |
12 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі | 0 |
13 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтары мен бюджетке төленетін басқа төлемдер бойынша дебиторлық берешегi | 0 |
14 | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
15 | «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
16 | Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 0 |
17 | Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен кем емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
18 | І-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II группа |
19 | Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетелдік қолма-қол валютасы | 20 |
20 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 20 |
21 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 20 |
22 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 20 |
23 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 20 |
24 | Standard & Poor's агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 20 |
25 | Standard & Poor's агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 20 |
26 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 20 |
27 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-дан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
28 | Standard & Poor's агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдардағы салымдар | 20 |
29 | І-тәуекел тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының дебиторлық берешегi | 20 |
30 | Standard & Poor's агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 20 |
31 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 20 |
32 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
33 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
34 | Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
35 | Standard & Poor's агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 20 |
36 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттігінің «ААА»-тан «АА-»-ке дейінгі кредиттік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-тан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
37 | «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар | 20 |
38 | ІІ-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III группа |
39 | Тазартылмаған қымбат металдар | 50 |
40 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 50 |
41 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 50 |
42 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 50 |
43 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 50 |
44 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 50 |
45 | Берілген ипотекалық тұрғын үй қарыз сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 50%-ды қоса алғанда аспайтын талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары | 35 |
46 | Берілген ипотекалық тұрғын үй қарыз сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 51%-дан 60%-ға дейін қоса алғандағы шекте болатын талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары | 75 |
47 | Өзге де ипотекалық тұрғын үй заемдары | 100 |
48 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 50 |
49 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
50 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдардағы салымдар | 50 |
51 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 50 |
52 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 50 |
53 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
54 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан«А-»-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
55 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
56 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттігінің «А+» «А-»-ке дейінгі кредиттік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzA+»-тан «kzA-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
57 | ІІІ-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 50 |
IV группа |
58 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 100 |
59 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 100 |
60 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингілік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 100 |
61 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 100 |
62 | Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдарға берілген қарыздар | 100 |
63 | Жеке тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде ІІІ-тәуекел тобына жатқызылған кредиттерді қоспағанда, тұтыну кредиттері | 100 |
64 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 100 |
65 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингілік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 100 |
66 | Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент ұйымдардағы, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдардағы және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдардағы салымдар | 100 |
67 | Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент ұйымдардың, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдардың және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдардың дебиторлық берешегі | 100 |
68 | Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі | 100 |
69 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 100 |
70 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
71 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингілік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
72 | Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент ұйымдар, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдар және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 100 |
73 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB+»-тан «kzBBB-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
74 | «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар | 100 |
75 | IV-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 100 |
76 | Төлемдер бойынша есептер | 100 |
77 | Негізгі қаражат | 100 |
78 | Материалдық қорлар | 100 |
79 | Сыйақының және шығыстар сомасының алдын-ала төлемi | 100 |
V группа |
80 | Заңды тұлғалардың банктің инвестицияларын қоспағанда, акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) және реттелген борышына салымдары бөлігінде, әділ құны бойынша ескерілетін инвестициялар | 100 |
1-қосымшаның реттік нөмірі 81 және 82-жолдары 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады