81 | Сақтандыру ұйымының шығарылған акцияларының кем дегенде 10 (он) пайызын құрайтын, банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан аспайтын инвестициялар сомасы | 100 |
82 | Сақтандыру ұйымының шығарылған акцияларының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын, банктің негізгі капиталының 15 (он бес) пайызынан аспайтын инвестициялар сомасы | 100 |
1-қосымшаның реттік нөмірі 83 және 84-жолдары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
83 | Әрбіреуі банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырланбайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) кем дегенде 10 (он) пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банк инвестицияларының барлық сомасы | 100 |
84 | Әрбіреуі банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырланбайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 15 (он бес) пайызынан аспайтын банк инвестицияларының барлық сомасы | 250 |
85 | Банктің негізгі қызметі мақсаттары үшін сатып алынған және 38 Халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету | 100 |
86 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 150 |
87 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 150 |
88 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 150 |
89 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-»-тен төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 150 |
90 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдарға және тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент емес ұйымдарға берілген қарыздар | 150 |
91 | Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген заңды тұлғалары немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарына берілген қарыздар: 1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 2) Андорра Княздығы; 3) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 4) Багам аралдары Достастығы; 5) Барбадос Мемлекеті; 6) Бахрейн Мемлекеті; 7) Белиз Мемлекеті; 8) Бруней Даруссалам Мемлекеті; 9) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 10) Вануату Республикасы; 11) Гватемала Республикасы; 12) Гренада Мемлекеті; 13) Джибути Республикасы; 14) Доминика Республикасы; 15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 16) Индонезия Республикасы; 17) Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары; 18) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 19) Кипр Республикасы; 20) Коста-Рика Республикасы; 21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 22) Либерия Республикасы; 23) Лихтенштейн Княздығы; 24) Маврикий Республикасы; 25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 26) Мальдив Республикасы; 27) Мальта Республикасы; 28) Маршалл аралдары Республикасы; 29) Монако Княздығы; 30) Мьянма Одағы; 31) Науру Республикасы; 32) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 33) Нигерия Федеративтік Республикасы; 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 37) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; 38) Сейшель аралдары Республикасы; 39) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті; 40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 41) Сент-Люсия Мемлекеті; 42) Тонга Корольдігі; 43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы. | 150 |
92 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 150 |
93 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
94 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар және тиісті рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдардағы салымдар | 150 |
95 | Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарындағы салымдар: 1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 2) Андорра Княздығы; 3) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 4) Багам аралдары Достастығы; 5) Барбадос Мемлекеті; 6) Бахрейн Мемлекеті; 7) Белиз Мемлекеті; 8) Бруней Даруссалам Мемлекеті; 9) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 10) Вануату Республикасы; 11) Гватемала Республикасы; 12) Гренада Мемлекеті; 13) Джибути Республикасы; 14) Доминика Республикасы; 15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 16) Индонезия Республикасы; 17) Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары; 18) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 19) Кипр Республикасы; 20) Коста-Рика Республикасы; 21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 22) Либерия Республикасы; 23) Лихтенштейн Княздығы; 24) Маврикий Республикасы; 25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 26) Мальдив Республикасы; 27) Мальта Республикасы; 28) Маршалл аралдары Республикасы; 29) Монако Княздығы; 30) Мьянма Одағы; 31) Науру Республикасы; 32) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 33) Нигерия Федеративтік Республикасы; 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 37) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; 38) Сейшель аралдары Республикасы; 39) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті; 40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 41) Сент-Люсия Мемлекеті; 42) Тонга Корольдігі; 43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы. | 150 |
96 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдардың дебиторлық берешегi | 150 |
97 | Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарының дебиторлық берешегі: 1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 2) Андорра Княздығы; 3) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 4) Багам аралдары Достастығы; 5) Барбадос Мемлекеті; 6) Бахрейн Мемлекеті; 7) Белиз Мемлекеті; 8) Бруней Даруссалам Мемлекеті; 9) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 10) Вануату Республикасы; 11) Гватемала Республикасы; 12) Гренада Мемлекеті; 13) Джибути Республикасы; 14) Доминика Республикасы; 15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 16) Индонезия Республикасы; 17) Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары; 18) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 19) Кипр Республикасы; 20) Коста-Рика Республикасы; 21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 22) Либерия Республикасы; 23) Лихтенштейн Княздығы; 24) Маврикий Республикасы; 25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 26) Мальдив Республикасы; 27) Мальта Республикасы; 28) Маршалл аралдары Республикасы; 29) Монако Княздығы; 30) Мьянма Одағы; 31) Науру Республикасы; 32) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 33) Нигерия Федеративтік Республикасы; 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 37) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; 38) Сейшель аралдары Республикасы; 39) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті; 40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 41) Сент-Люсия Мемлекеті; 42) Тонга Корольдігі; 43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 150 |
98 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар | 150 |
99 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
100 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
101 | Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 150 |
102 | Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: 1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 2) Андорра Княздығы; 3) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 4) Багам аралдары Достастығы; 5) Барбадос Мемлекеті; 6) Бахрейн Мемлекеті; 7) Белиз Мемлекеті; 8) Бруней Даруссалам Мемлекеті; 9) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 10) Вануату Республикасы; 11) Гватемала Республикасы; 12) Гренада Мемлекеті; 13) Джибути Республикасы; 14) Доминика Республикасы; 15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 16) Индонезия Республикасы; 17) Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары; 18) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 19) Кипр Республикасы; 20) Коста-Рика Республикасы; 21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 22) Либерия Республикасы; 23) Лихтенштейн Княздығы; 24) Маврикий Республикасы; 25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 26) Мальдив Республикасы; 27) Мальта Республикасы; 28) Маршалл аралдары Республикасы; 29) Монако Княздығы; 30) Мьянма Одағы; 31) Науру Республикасы; 32) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 33) Нигерия Федеративтік Республикасы; 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 37) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; 38) Сейшель аралдары Республикасы; 39) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті; 40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 41) Сент-Люсия Мемлекеті; 42) Тонга Корольдігі; 43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 150 |
103 | Банкпен баланста ұсталынатын және Standard& Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «ВВ-» дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ+»-тан «kzВВ-» дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
104 | V-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |
Банктің салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленуі тиіс активтер есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банктің түзетілген құны көрсетілген активтер көлемінің 50 пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (Салымдық тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын айқындауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйелері болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізілуі мүмкін қарыздар.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Салымдық тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдар, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары сомасының 100 пайызына;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың нарықтық құнының 85 пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сай сараланады.
2. Банк инвестициясының есебіне енгізілмеген, қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің (банк инвестициясының есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізілуі мүмкін.
Банк инвестициясының есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттердің, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
3. Осы Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының:
1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
2) оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы еншілес болып табылатын;
3) оффшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын резиденті еместерге берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер осы Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етуінің болу-болмауына қарамастан, салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің Кестесіне сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
4. Осы Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының:
1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар;
2) Қазақстан Республикасының оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аймақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын резиденті еместерге немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға талаптарды есептемегенде, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайызынан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингі немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын резиденті еместерге берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша сараланады.
5. Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін:
жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы болып түсініледі;
тұтынушылық кредит деп сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.
6. Егер исламдық бағалы қағаз шығарылымының арнайы рейтингіне ие болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
7. Валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес нарықтық тәуекел ескеріле отырып активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды
Екінші деңгейдегі банктер үшін
пруденциалдық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтік мәні
мен әдістемесі туралы нұсқаулыққа
1-1-қосымша
Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған
критерий
Негізгі капитал | Қосымша капитал | Екінші деңгейдегі капитал |
1) банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді; | 1) шығарылған және төленген; | 1) шығарылған және төленген; |
2) таратылу кезінде басым тараптарды қанағаттандырғаннан кейін, акцияларға иелік ету үлесіне пропорционалды мерзімі өтіп кеткен активтерді талап ету құқығына ие (лимитсіз және өзгермелі талап ету құқығына, тіркелмеген және шектелген талап ету құқығына ие); | 2) банктің депозиторларына, негізгі кредиторларына және реттелген борышына қатысты реттелгендер; | 2) банктің депозиторларына, негізгі кредиторларына қатысты реттелгендер; |
3) номинал мерзімсіз болып табылады және ешқашан да таратудан тыс төленбейді (дискрециондық (қарауынша) сатып алуларды немесе капиталды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дискрециондық тәсілмен төмендетудің тәсілдерін жою); | 3) қамтамасыз етілмеген, эмитенттің немесе байланысты адамның заң немесе экономика жағынан банктің кредиторларына қарсы шағым-талапты төлеу басымдығынан асатын кепілімен не өзге уағдаластықпен орны толтырылмаған; | 3) қамтамасыз етілмеген, эмитенттің немесе байланысты адамның заң немесе экономика жағынан банктің салымшыларына және негізгі кредиторларына қарсы шағым-талапты төлеу басымдығынан асатын кепілімен не өзге уағдаластықпен орны толтырылмаған; |
4) банк құралдарды шығару кезінде құралды кері сатып алудың қандай да бір күтулерін жасамайды, оны өтеу немесе жою сондай-ақ заңнамалық және шарттық талаптарды күту сияқты жасамайды; | 4) мерзімсіз болып табылады, сыйақы бойынша мөлшерлемелерді көтеру немесе дивидендтер деңгейін көтеру шарттары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ; | 4) реттелген борышты (депозитті, қарызды) беру мерзімі, облигацияларды өтеу мерзімі кем дегенде 5 жылды құрайды; |
5) дивидендтерді төлеу бөлінуге жататын баптарға (бөлінбеген пайданы қоса) сәйкес жүзеге асырылады. Төлемдердің деңгейі эмиссия кезінде төленген сомаға ешқандай байланысты емес және ол үшін ең көбі көрсетілмеген (баптар бойынша бөлуге жататын сомадан асатындықтан, банк төлей алмайтын соманы қоспағанда). | 5) уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру; банктің капиталдандыруын мерзімсіз құралдарды қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту шарттары сақталған кезде кем дегенде бес жыл өткен соң ғана эмитенттің бастамасы бойынша кері қайтарып алынған; | 5) реттеуіш капиталдың құрамында соңғы бес жыл мерзімде айналыстар тура сызықты әдіспен амортизацияланатынын тану; |
6) дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайтын талаптар жоқ; | 6) Кезкелген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органмен алдын-ала келісу арқылы жүзеге асырылады; | 6) төлем (купон) деңгейін көтеру және сатып алуды қозғайтын талаптар жоқ; |
7) дивидендтерді төлеу тек қана барлық шарттық міндеттемелерді орындаған соң, сондай-ақ капиталдың мейлінше басымдықты құралдары бойынша төлемдер жасалған соң жүзеге асырылады, бұл- артықшылықты дивидендтердің, оның ішінде сапасы ең жоғарғы капитал ретінде жіктелген басқа элементтердің қатысты емес екендігін білдіреді; | 7) Банкте осы төлем құралымен байланысты дивидендтерді төлеуді кезкелген уақытта жоя алатын толық дискрециондық құқықтың болуы; | 7) Эмитенттің бастамасы бойынша, тек кем дегенде бес жыл өткен соң, мынадай талаптарды сақтай отырып, кері қайтарып ала алады: уәкілетті органның оң қорытындысы бар болса; ауыстыруға осындай сападағы немесе сапасы жоғары капиталды ұсыну; мерзімсіз құралдарды қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан банкті капиталдандыруды капиталдың барынша төмен талап етіліп отырған деңгейінен жоғары етіп жақсарту; |
8) шығындар пайда болған кезде бірінші және соған теңбе-тең үлкенірек үлесті иеленетін капитал болып табылады. Ең жоғары деңгейлі сапасы бар капитал санатындағы әрбір құрал шығынды теңбе-тең негізде (банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпай және таратылуға немесе банкроттыққа душар болмай, шығынды алып жүруге мүмкіндік беретін) және басқа құралдармен тең талаптар бойынша қайта іріктейді; | 8) дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмауы тиіс; | 8) инвестор банкроттық және таратылу жағдайын қоспағанда, болашақ жоспарланған төлемдер (купон немесе номинал) төлеуді жеделдету құқығына ие болмауы тиіс; |
9) төленген сома баланстық төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде (міндеттеме ретінде танылмайды) танылады; | 9) банктердің міндеттемелердің орындалу мерзімі келуіне орай міндеттемелердің орындалуы мақсатында жойылған төлемдерге кіруге толық рұқсаты болуы тиіс; | 9) банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын кезкелген байланысты тұлға тура банк сияқты тікелей немесе жанама құралды сатып алу үшін қаржыландыруды жүзеге асыра алмайтыны сияқты, құралды сатып ала алмайды. |
10) төленген сома бухгалтерлік есептің белгілі бір стандарттары кезінде капитал сияқты жіктеледі; | 10) төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банкті шектеулерге алып келмеуі тиіс; | |
11) толық шығарылған және төленген, және банк тікелей не жанама құралды сатып алуды қаржыландыра алмайды; | 11) бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттеме ретінде жіктелген құралдар, берілген және алдын-ала анықталған триггерде және (немесе) алдын-ала анықталған триггер құралындағы шығынды анықтайтын есептен шығару механизмінің жай акцияларға конвертациялану номиналы арқылы шығындарды жұтып қою мүмкіндіктері болуы тиіс. Есептен шығарудың мынадай тиімділіктері бар: таратылу кезінде құралдың талап ету құқығын кемітеді; құрады қайтарып алған кезде төлем сомасын кемітеді; құрал бойынша дивидендтердің (купондардың) төлемдерін ішінара не толық кемітеді. | |
12) төлем сомасы қамтамасыз етілмеген, эмитенттің немесе банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалардың кепілдіктерімен жабылмаған, сондай-ақ заңды немесе экономикалық жағынан талап етудің басымдығын өсіретін басқа келісімдердің объектісі болып табылмайды; | 12) банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде әсер ете алатын кезкелген байланысты тұлға тура банк сияқты құралды сатып алу үшін тікелей немесе жанама қаржыландыруды жүзеге асыра алмайтыны сияқты құралды сатып ала алмайды; | |
13) тек банк иелерінің келісімімен ғана шығарылады не тікелей иеленушілер ұсынса немесе, егер тиісті заңмен рұқсат етілсе, Директорлар Кеңесі немесе иеленушілердің мүдделерін білдіруге тиісті дәрежеде уәкілетті басқа тұлғалар ұсынса; | 13) құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін провизиялар құруы сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасауға мүмкіндік беретін ерекшеліктері болмауы тиіс. | |
14) банктің балансында нақты және жеке ашылған. | | |