2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қаруға және әкімшілік айыппұл салуға құқылы.
13.03.03 ж. № 394-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 574-бап өзгертілді
574-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдары осы Кодекстің 88 (екінші бөлігінде), 88-1 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 574-1-баппен толықтырылды
574-1-бап. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 575-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 575 -бап өзгертілді
575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бірлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн;
Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бірлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2) 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ҚР Заңдарымен 576-бап өзгертілді
576-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
1. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 357-2 (бірінші бөлігінде), 385, 386 (бірiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсіздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсіздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, жеке тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 576-1-бап өзгертілді
576-1-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңы (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар
1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар 163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде), 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 357-2-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-2-баппен толықтырылды; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 586-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
576-2-бап. 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-3-баппен толықтырылды
576-3-бап. 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 2007.21.07. № 299-III Заңымен 576-4-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 576-4-бап өзгертілді; 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен 576-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 576-4-бап өзгертілді; 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 576-4-бап жаңа редакцияда
576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар
1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші - үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші - жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші - үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші - жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және оның орынбасарлары құқылы.
4. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 165, 300, 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311, 311-2, 311-3 және 387-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
5. Осы Кодекстің 310-бабында (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда) көзделген құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және оның орынбасарлары;
2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және оның орынбасарлары да құқылы.
Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде өткiзу орындарында - жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикiзатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 576-5-баппен толықтырылды (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді)
576-5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті орган
1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 311-1 (бірінші-алтыншы бөліктер), 357-2 (бірінші бөлік) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
2008.05.07 № 59-IV ҚР Заңымен 576-6-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 576-6-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
576-6-бап. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган
1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (туроператорлар мен турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 357-2-баптарында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен Заң 576-7-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
576-7-бап. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган
1. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган 357-2-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 576-8-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
576-8-бап. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 204-1-бабында, 357-2-бабында (бірінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 576-9-баппен толықтырылды
576-9-бап. Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган
1. Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган 147-10-бапта (бірінші, үшінші, сегізінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган басшысы және оның орынбасарлары;
2) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 576-10-баппен толықтырылды
576-10-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган
1. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган 147-10-бапта (тоғызыншы бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган басшысы және оның орынбасарлары;
2) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
4-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу
33-тарау. Негізгі ережелер
577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбір iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
578-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң тәртібі
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртібі осы Кодекспен айқындалады.
2. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртібі осы Кодекстiң ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады.
579-бап. Өтiнiш жасау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар.
2. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс.
3. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 32-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 580-бап өзгертілді
580-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар
1. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда біреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы;
3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;
4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн немесе әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің конституциялық емес деп тануы;
5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi;
6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;
7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы.
8) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді салық есептілігі нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде орындамауына әкеліп соғуы;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;
10) осы Кодекстің 710-1-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың төленгенін растайтын құжаттардың болуы;
11) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның заңда белгіленген тәртіппен адам саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып танылуы.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.
581-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен, 67, 68-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берiлген жағдайда қысқартылуы мүмкiн.
582-бап. Прокурорлық қадағалау
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және біркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
583-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiгi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкiлеттi органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтiруге;
2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқау беруге;
3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқартуға;
5) әкiмшiлiк жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) өкiлеттi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
2. Прокурордың осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында аталған актілері дереу орындалуға тиiс. Прокурордың аталған актілерінiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленгендей жауапты болады.
34-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 584-бап өзгертілді
584-бап. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам
1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iс қаралғанда ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге, егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашының қызметiн пайдалануға; iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс жөніндегі қаулыға шағымдануға, одан үзінді алуға және істегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн.
3. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік шығарып жіберу немесе адамға берілген арнайы құқықтан (көлік құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы міндетті.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде аталған адамдар іс жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамды мәжбүрлеп алып келу іске асырылуы мүмкін.
Алып келу туралы сот ұйғарымын сот приставы немесе ішкі істер органдары; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын ішкі істер органдары (полиция) орындайды.
5. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайын қарау кезiнде уақытша шығарыла тұруы мүмкiн.
Ескерту. Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп оның тікелей өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолы қойылып, тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуы тиіс тапсырыстық хатпен, жеделхатпен табыс етілген хабарлама танылады. Заңды тұлғаға жіберілген хабарлама өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, қолы қойылған заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі.