Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны 132-1-баптың тақырыбындағы «баланы» деген сөз «адамды» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 138-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«138-1-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу»;
2) 125-бапқа ескертулердің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128 және 133-баптарында адамды пайдалану деп:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;
2) кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;
3) адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;
4) кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер түсініледі.»;
3) 128-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«128-бап. Адамды саудаға салу
1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
б) бірнеше рет;
в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып;
д) жүкті күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі әйелге қатысты;
е) екі және одан да көп адамға қатысты;
ж) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында;
з) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;
и) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған;
к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;
л) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені кінәліге көрінеу белгілі адамға қатысты;
м) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса, -
мүлкi тәркiленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстің осы бабы мен 133-бабында сатып алу-сату деп бір тарап (сатушы) екінші тарапқа (сатып алушыға) адамды белгілі бір сыйақы үшін беретін, құқыққа қайшы өтеулі мәміле түсініледі.
2. Өзге мәмілелер - сыйға тарту (адамды басқа тұлғаға өтеусіз беру), айырбастау (адамды бірдеңеге алмастыру), алмастыру (бір адамды басқа адамға ауыстыру), жалға беру (адамды төлемақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға беру), адамды тараптар арасында жасалған мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, адамды төлемақы нысанасы ретінде пайдалану, адамды мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында беру және басқалар.
3. Егер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ықпал ету құралдарының кез келгені пайдаланылған болса, жәбірленушінің жоспарланған пайдалануға берген келісімі назарға алынбайды.
4. Осы Кодекстiң 113-бабында, 125-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 126-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 128, 132-1, 133, 270 және 271-баптарында көзделген қылмыстар адам саудасына байланысты қылмыстар болып танылады.»;
4) 132-1 және 133-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«132-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кәмелетке толмаған адамды күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, оның тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не оны алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға тарту -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бірнеше рет жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мыналар:
а) ұйымдасқан топ жасаған;
б) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге адам жасаған, осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген нақ сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
б) бірнеше рет;
в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып;
д) екі және одан да көп адамға қатысты;
е) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында;
ж) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;
з) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған;
и) кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға жат өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;
л) жүкті күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі кәмелетке толмаған әйел адамға қатысты;
м) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екендігі кінәліге көрінеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты;
н) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
5) мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:
«138-1-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану бөлігінде, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден жеті жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
б) бірнеше рет;
в) екі және одан да көп адамға қатысты;
г) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;
д) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені кінәліге көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
6) 270 және 271-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«270-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту
1. Күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, тәуелдi жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкiн жою немесе бүлдiру арқылы не алдау арқылы жезөкшелiкпен айналысуға тарту -
мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ұйымдасқан топ жасаған нақ сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
271-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық
1. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық -
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
б) бірнеше рет;
в) көрінеу кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып жасалған нақ сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 192-баптың екінші бөлігінде:
«132-1,» деген цифрлар «132-1 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«138» деген цифрлардан кейін «, 138-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«271-бабында (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздер «270-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 271-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 237-баптың бірінші бөлігі:
«131-бабында (бiрiншi бөлiк);» деген сөздерден кейін «132-1-бабында (бiрiншi бөлiк);» деген сөздермен толықтырылсын;
«270-бабында (бiрiншi бөлiк);» деген сөздерден кейін «271-бабында (бірінші бөлік);» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 285-баптың екінші бөлігінде:
«132 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «132-1 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«270,» деген цифрлар «270 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 290-1-баптың 2) тармағы «138,» деген цифрлардан кейін «138-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 328-2 және 341-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«328-2-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарды хабардар ету жөніндегі міндетті бұзуы»;
«341-1-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну»;
2) 87-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпіске дейiнгi мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпістен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 328-2 және 341-1-баптармен толықтырылсын:
«328-2-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарды хабардар ету жөніндегі міндетті бұзуы
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауiп төндiретiн психиканың және мiнез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы − денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатерi және (немесе) пайда болуы туралы − төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарды, жаңа алған жарақаттар, жараланулар, криминалдық түсiктер бойынша келiп көрiнген адамдар туралы, айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың жағдайлары туралы iшкi iстер органдарын хабардар ету жөніндегі міндетті бұзуы -
жеке тұлғаларға - бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«341-1-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну
1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін алты айға тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекет - жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстары тәркіленіп, қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым салынып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 541-баптың бірінші бөлігі:
«86-1,» деген цифрлардан кейін «87 (2-1 және 2-2-бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;