Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь
өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар):
1) мазмұнында:
163-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«163-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу»;
1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
214-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«214-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу»;
2) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«163-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы бойынша декларациялар тапсыру қағидаларын, этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды тапсырмау -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын өзгерту шарттарын:
алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген орындардан тыс жерлерде сақтау және өткізу;
аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамдағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы;
алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайызға жетпейтiн, градусы төмен ликер-арақ бұйымдарынан басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы айналымы;
арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;
екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі;
1-тармақтың 2) тармақшасының он үшінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
есепке алу-бақылау маркаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптарсыз сақтау және өткізу;
ілеспе жүкқұжаттары болмастан этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын өзгерту түрінде бұзу -
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
өндірушінің өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеуі;
2) тармақшаның жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарының қолданылуы 2016 ж. 1 қаңтарға дейiн тоқтатылды. Тоқтата тұру кезеңiндегі редакцияны қараңыз
шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
екi және одан да көп лицензиаттың бiр ғана стационарлық үй-жайда және бір ғана жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруі түрінде бұзуы -
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:
осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;
тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен алкоголь өнімін өндіру түрінде бұзу -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға - бір жүз жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-тармақтың 2) тармақшасының отызыншы - отыз жетінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. Жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдер мен мөлшерде төлемей, алкоголь өнімін сақтау және өткізу -
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды лицензия қолданысын тоқтата тұру мерзімі ішінде жоймау -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға - бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), арақтарды және айрықша арақтарды өндіру кезінде өндіріс қуатын пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең төмен көлемін сақтамау -
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Алкоголь өнімін денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында сақтау және өткізу -
лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
3) 163-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу -
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін бөлшек саудада:
сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізу -
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 214-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«214-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы - »;
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды тұлғаларға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
1-тармақтың 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының қолданылуы 2015 ж. 1 қаңтарға дейiн тоқтатылды. Тоқтата тұру кезеңiндегі редакцияны қараңыз
5) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (үшiншi, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде)» деген сөздер «163 (үшiншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 570-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «163 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 576-1-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «163 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
жиырма төртінші абзацтағы «163» деген цифрлар «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз екінші абзацтағы «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз үшінші абзацтағы «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші және жетінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз төртінші абзацтағы «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 282-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.»;
2) 286-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«286-бап. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған, бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізінде жүргізіледі.
2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген акциздік маркалар мен есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай жағдайларда:
1) акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
2) бүлiнген акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, қайта есептеуге жатады.
3. Отандық өндірілген темекі бұйымдарына берілген акциздік маркалар бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.»;
3) 292-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.»;
4) 298-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарларды импорттау күніне қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.»;
5) 470-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«470-бап. Алым төлеушiлер
Осы Кодекстің 472-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алатын, сондай-ақ лицензия алған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.»;
6) 471-баптың кестесінде:
1.85., 1.86., 1.87. және 1.88.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.85. | Этил спиртінің өндірісі | 3 000 |
1.86. | Сырадан басқа, алкоголь өнімінің өндірісі | 3 000 |
1.87. | Сыра өндірісі | 2 000 |
1.88. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін | 200 |
»;
мынадай мазмұндағы 1.88-1-жолмен толықтырылсын:
«
1.88-1. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мына жерлерде жүзеге асыратын субъектілердің әрбір қызмет объектісі үшін: | |
астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда | 100 |
аудандық маңызы бар қалаларда және | 70 |
кенттерде ауылдық елді мекендерде | 30 |
»;
7) 472-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, ойын бизнесі саласындағы немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.»;