Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 52-53, 591-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 188-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.01.10. № 861 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.22.02. № 106 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.07. № 728 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулымен
бекітілген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша
халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаменті мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.
4. Комиссияның функциялары:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгізу;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттік және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгізуге;
Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалықақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 қаулысымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Комиссияны орынбасары болатын төраға басқарады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
9. Комиссияның төрағасы:
Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
отырыстардың күн тәртібін, уақыты мен өткізу орнын белгілейді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Комиссияның хатшысы:
Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін хаттама ресімдейді;
Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.
11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
14. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.