Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық
шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысы
(2008.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 52-53, 591-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 188-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.01.10. № 861 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Тәшібаев Мұрат Сейітжанұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көп ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы |
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Әбішев Тастемір Дәуітұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша) |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Белоног Анатолий Александрович | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы -Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері |
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Уәйісов Мерей Құрманұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Жанасаев Болат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Жарбосынова Мәдина Бейнешқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша) |
Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Нәубетова Рәшида Аронқызы | - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының консультанты (келісім бойынша) |
Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.
4. Комиссияның функциялары:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгізу;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттік және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгізуге;
Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалықақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 қаулысымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Комиссияны орынбасары болатын төраға басқарады.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның төрағасы:
Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
отырыстардың күн тәртібін, уақыты мен өткізу орнын белгілейді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.
10. Комиссияның хатшысы:
Комиссияның отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;
Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.
11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.
12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi.
13. Шешiм қабылдаған кезде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тiркелуi тиiс.
15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.