Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 Қаулысы
(2013.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 52-53, 591-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 188-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.01.10. № 861 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.22.02. № 106 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.07. № 728 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулымен
бекітілген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша
халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға |
Волков Алексей Юрьевич | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төраға орынбасары |
Изанова Динара Төлегенқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаменті мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық басқармасының басшысы, хатшы |
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Баймолдина Зәуреш Хамитқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Күреңбеков Амантай Жанкеұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Майкеев Бағдат Әбдіқадырұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Жақсылықов Тимур Мекешұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Қырықбаев Арман Оразбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Мұхамеджанов Бектас Ғафурұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Төкежанов Болат Тұрғанұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Ашуев Айдын Жұмабекұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша) |
Қасенова Әсия Бәкенқызы | - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Әбішев Тастемір Дәуітұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша) |
Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы | - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары |
Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты (келісім бойынша) |
Досполов Сергей Долдович | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы (келісім бойынша) |
Сүлеймен Үсен Әбдіқадырұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі |
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры |
Қоқанова Гүлнәр Жақайқызы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры |
Сембаев Ерболат Нәсенұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.
4. Комиссияның функциялары:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгізу;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттік және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгізуге;
Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалықақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 қаулысымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Комиссияны орынбасары болатын төраға басқарады.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның төрағасы:
Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
отырыстардың күн тәртібін, уақыты мен өткізу орнын белгілейді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.
10. Комиссияның хатшысы:
Комиссияның отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;
Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.
11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.
12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi.
13. Шешiм қабылдаған кезде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тiркелуi тиiс.
15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.