Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық
шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1251 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Халықаралық гуманитарлық құқық жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 52-53, 591-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 188-құжат).
4. Осы қаулы қол қoйылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен
бекiтiлген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша
халықаралық шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Тоқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қасымжомарт Кемелұлы iстер министрi, төраға
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қайрат Қуатұлы iстер бiрiншi вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Нұрлан Әдiлұлы iстер министрлiгi Көп жақты
ынтымақтастық департаментiнің
директоры, хатшы
Айтжанова - Қазақстан Республикасының
Жанар Сейдахметқызы Индустрия және сауда вице-министрi
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажманұлы вице-министрi
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау бiрiншi
вице-министрi, Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттiк
санитарлық дәрiгерi
Уәйiсов - Қазақстан Республикасы Бас
Мерей Құрманұлы прокурорының орынбасары (келiсiм
бойынша)
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi
Курбатов - Қазақстан Республикасының
Владимир Николаевич Iшкi iстер вице-министрi
Нұрғалиева - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Еңлік Нұрғалиқызы органы қорғау вице-министрi
Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы қауіпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Рябченко - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич бiрiншi вице-министрi
Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы министрiнің орынбасары
Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Күләш Ноғатайқызы және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен
бекiтiлген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.
4. Комиссияның функциялары:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгiзу;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалықақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
6. Комиссияны төраға басқарады.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның төрағасы:
Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
отырыстардың күн тәртiбiн, уақыты мен өткiзу орнын белгілейді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.
10. Комиссияның хатшысы:
Комиссияның отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;
Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.
11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.
12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi.
13. Шешiм қабылдаған кезде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тiркелуi тиiс.
15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.