Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық
шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 1 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 52-53, 591-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 188-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара)
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша
халықаралық шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Тоқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қасымжомарт Кемелұлы iстер министрi, төраға
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Рәпiл Сейiтханұлы министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары
Иманбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Болат Бариұлы министрлігі Экономикалық және
гуманитарлық ынтымақтастық
департаментінің директоры, хатшы
Байқадамов - Қазақстан Республикасындағы Адам
Болат Кенжекешұлы құқықтары жөніндегі уәкiл (келісім
бойынша)
Әбiшев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Тастемiр Дәуiтұлы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Жарбосынова - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Мәдина Бейнешқызы министрлігінiң Ерекше тапсырмалар
жөнiндегі елшiсi
Айтжанова - Қазақстан Республикасының
Жанар Сейдахметқызы Индустрия және сауда вице-министрi
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрi,
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік санитарлық дәрiгерi
Уәйiсов - Қазақстан Республикасы Бас
Мерей Құрманұлы прокурорының орынбасары (келісім
бойынша)
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрi
Курбатов - Қазақстан Республикасының
Владимир Николаевич Iшкi iстер вице-министрi
Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы қауіпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы министрiнің орынбасары
Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Білім
Күләш Ноғатайқызы және ғылым вице-министрі
Досжан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы ақпарат және спорт вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбдiлдаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Ысқақова - Қазақстан Республикасы Президентінің
Саида Қуанқызы жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi
жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының
меңгерушiсi
Стамқұлов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Үбайдолла Мырзағалиұлы вице-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.
4. Комиссияның функциялары:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгізу;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттік және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгізуге;
Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалықақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 қаулысымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Комиссияны орынбасары болатын төраға басқарады.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның төрағасы:
Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
отырыстардың күн тәртібін, уақыты мен өткізу орнын белгілейді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.
10. Комиссияның хатшысы:
Комиссияның отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;
Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.
11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бір рет өткiзiледi.
12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi.
13. Шешiм қабылдаған кезде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тiркелуi тиiс.
15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.