3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.
4. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе айыппұлды жалақысынан немесе басқа да себептер бойынша өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, қаулы шығарған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.
5. Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 709-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 709-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 709-бап өзгертілді
709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу үшін сот орындаушысына жібереді.
Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
2. Банк немесе банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 709-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 709-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 709-1-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 709-1-бап өзгертілді
709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға жіберудің тәртібі
1. Айыппұл салу туралы қаулы сот орындаушыларына айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама сот орындаушысына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.
2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік жаза қолданған органға қайтару олардың кемшіліктерін жоя отырып, қайтадан мәжбүрлеп орындатуға жіберу үшін кедергі болмайды.
710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау
1. Жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл алу үшiн оған қатаң қаржылық есеп беру құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбіртек берiледi. Түбіртекте берiлген күнi, жаза қолданған лауазымды адамның қызметi, аты-жөнi, әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер, осы Кодекстiң аталған құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiгi көзделетiн бабы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыт, салынған әкiмшiлiк айыппұлдың сомасы көрсетiледi. Түбіртекке жаза қолданған лауазымды адам, ал түбіршiкке жаза қолданған лауазымды адам мен әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қол қояды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл төленбеген жағдайда iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 710-1-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметінің органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабардар ету және (немесе) хабарлама негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабардар ету немесе хабарлама алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар сонымен қатар олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылық көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұлдың сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша iс жүргiзудiң аяқталуы
Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргiзiлген қаулы оның орындалғаны туралы белгi қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 712-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
712-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алу туралы қаулының орындалуы
1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен сот орындаушысы, ал судьяның қару мен жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды және ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған өтемiн төлеп алынған затты сату заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Өтемiн төлеп алынған затты сатудан түскен сома осы Кодекстiң 49-бабына сәйкес бұрынғы меншiк иесiне алып қойылған затты сату жөніндегі шығындар шегерiлiп берiледi.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 713-бап өзгертілді
713-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу туралы қаулының орындалуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақша мен бағалы қағаздарды тәркiлеу туралы судьяның қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен - сот орындаушысы, ал қаруды, жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын және есiрткi заттарын тәркiлеудi iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркiленген затты сату немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
714-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналарды, техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, судьяның көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Судьяның тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Судьяның кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4. Судьяның радиоэлектронды және жоғары жиiлiктегi құралдарды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулысын байланысқа мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
5. Судьяның аң аулау құқығынан айыру туралы қаулысын аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
6. Соттың қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
715-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылған болса, тиiстi жүргiзушi куәлiгiн, кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi) жүргiзуге құқық беретiн куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылмаған болса, жүргiзушi куәлiгiнде шағын көлемдi кеменi жүргiзу құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде оның көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қай түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылғаны атап көрсетiледi.
3. Көлiк құралдарын немесе кеме жүргiзу құқығына куәлiктi алып қою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Көлiк құралдарын, кеменi жүргiзу құқығынан не тракторды немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинаны басқару құқығынан айырылған жүргiзушi (кеме жүргiзушiсi) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн беруден жалтарған жағдайда iшкi iстер органдары, кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн машиналар мен басқа да техниканың техникалық жай-күйiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қояды.
5. Әкiмшiлiк жазаның осы түрi қолданылған адамға арнаулы құқығынан айыру мерзiмi өткеннен кейiн алынған құжаттар белгiленген тәртiппен қайтарылады.
716-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулы аң аулау билетiн алып қою арқылы орындалады.
2. Аң аулау құқығынан айырылған адам аң аулау билетiн беруден жалтарған жағдайда аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың аң аулау билетiн алып қоюы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 709-1-бап өзгертілді
717-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған адам радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiленген тәртiппен радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қоюды жүзеге асырады.
3. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алу тәртібін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
718-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулының орындалуын iшкi iстер органдары заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi куәлiк пен қаруды алып қою арқылы жүзеге асырады.
719-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бір қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және лицензиялау туралы заңдарда. белгiленген тәртiппен орындалады.
720-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны лицензия, арнаулы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.
721-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру туралы қаулы лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) алып қою арқылы орындалады.
2. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) тапсырудан жалтарған жағдайда лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) берген орган лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) алып қою немесе белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қолданады.
722-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
1. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.
2. Белгiлi бір қызмет түрiмен айналысуға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру мерзiмi бiткеннен кейiн сол әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылған адам заңдарда белгiленген тәртiппен лицензия алады.
Белгiлi бір қызмет түрiмен айналысуға лицензияның, арнаулы рұқсаттың, біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi бiткеннен кейiн, сол әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылған адамға одан белгiленген тәртiппен алып қойылған лицензия, арнаулы рұқсат, біліктілік аттестаты (куәлiгi) қайтарылады.
3. Лицензияның, арнаулы рұқсаттың, біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда аталған күннен бастап және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады.
723-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы қаулыны орындау
1. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және оны шешiмнiң заңды күшiне енуi бойынша заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе жеке кәсiпкер жедел орындауға тиiс.
2. Еңбек шарттары бойынша есеп айырысуды, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығындардың орнын толтыруды және айыппұлдарды төлеудi қоспағанда, заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде олардың банктiк салымдарды пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бірлестiктiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа да көпшiлiкке арналған шараларды өткізуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметiн тоқтата тұру белгiленген мерзiм iшiнде қоғамдық бірлестiк тәртiп бұзушылықты жойса, қаулыда аталған мерзiм бiткеннен кейiн қоғамдық бірлестiк өз қызметiн қайта жалғастырады.
3. Заңды тұлға құрылтайшысының (басқарушы органының, лауазымды адамының) немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі судья қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда қаулы уәкiлеттi органның атқарушылық iс жүргiзу тәртібімен орындалады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 724-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
724-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұрады, үйлердi, ғимараттарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым салу (оны тарату) туралы шешiмдi алған соң, заңдарда көзделген қызметке тыйым салу (оны тарату) тәртібінiң сақталуын тексередi және он күн iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғанын тiркейдi, бұл туралы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға хабарланады.
725-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
1. Соттың салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулысын өзi жөнiнде осы әкiмшiлiк жаза шығарылған адам орындайды.
2. Салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрiнде сот қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртібімен орындайды.
726-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау жөніндегі шығындар
Салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу заң бұзушының есебiнен жүзеге асырылады.
2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 727-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
727-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның қамауға алу туралы қаулысын заңдарда белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары және әскери полиция органдары орындайды.
2. Әкiмшiлiк қамауға алынған адамдар iшкi iстер органдары белгiлейтiн орындарда күзетпен ұсталады. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау кезiнде қамауға алынушылар жеке тексеруден өткiзiледi.
Әскери қызметшілер әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтейді.
3. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне есептеледi.
4. Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiн өтеу заңдарда белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
728-бап. Әкiмшiлiк қамауға алуды өтеуден жалтарудың зардаптары
1. Егер әкiмшiлiк қамауға алынған адам әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi бiткенге дейiн оны өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, судьяның қаулысымен қамауда болған мерзiмi қамауға алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн. Бұл орайда судья әкiмшiлiк қамауға алудың өтелу мерзiмiнiң басталуын қайта белгiлейдi.
2. Әкiмшiлiк қамауға алудың жалпы мерзiмiн отыз тәулiктен асыруға болмайды.
729-бап. Қаулының мүлiктiк зиянды өтеу бөлiгiнде орындалуы
Осы Кодекстiң 64-бабына сәйкес өндiрiлiп алынуға тиiстi мүлiктiк зиянды өтеу бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңдарда белгiленген тәртiппен орындалады.
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 730-бап өзгертілді
730-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны жүзеге асыратын органдар
Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны:
1) осы Кодекстiң 391-бабының екiншi бөлiгiнде және 391-1-бабының үшінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;
2) осы Кодекстiң 102-3, 374 (алтыншы бөлігі), 375 (үшінші, жетінші бөліктері), 380 (екінші бөлігі), 380-2 (екінші бөлігі), 394 (төртінші бөлігі), 396 (төртiншi бөлiгi) -баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 731-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
731-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау
1. Қазақстан Республикасынан шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды аумағына аталған адам шығарып жіберілетін шет мемлекет өкіметінiң өкiлiне ресми беру не Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамға бақылау жасалына отырып, өз бетiмен кетуi арқылы жүргiзiледi.
2. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекет өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмеген болса, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.
3. Егер шығарып жiберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекетiнен шығарып жiберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып жіберілетін шет мемлекеттің өкіметі хабардар етiледi.
4. Әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау екiжақты немесе біржақты акт түрiнде ресiмделедi.
732-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау
Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жол полициясының органдары орындайды.
733-бап. Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлiгiнде орындау тәртібі
Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлiгiнде денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемелерi заңдарда белгiленген тәртiппен орындайды.