Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 41-1-тараудың, 285-1, 285-2, 285-3, 285-4, 285-5, 285-6 және 285-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«41-1-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері
285-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар
285-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары
285-3-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының құқықтық жағдайы
285-4-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктері
285-5-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауаптылығы
285-6-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету
285-7-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуы»;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 21-1), 59-1), 59-2), 59-3) және 59-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілер (импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы;»;
«59-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері;
59-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) арасында жасалатын шарт;
59-3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын өндірушілер (импорттаушылар) арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы бекіткен шарт;
59-4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;»;
3) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындайды, сондай-ақ акционер (құрылтайшы) ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын құруға қатысуға, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алуға құқылы;
4-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекітеді;»;
4) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс береді;»;
«26-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын әзірлейді;»;
29) тармақшаның отыз бірінші абзацындағы «қағидаларын бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін;
қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін;
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;»;
5) 19-1-баптың 2) тармақшасындағы «коммуналдық» деген сөз «тұрмыстық қатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 20-1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерiн әзiрлейдi және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарына бекiтуге ұсынады;»;
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшері мен оларды бөлу тәртібін айқындайды;»;
7) 95-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеу;»;
8) 114-баптың 38) тармақшасындағы «сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 39) және 40) тармақшалармен толықтырылсын:
«39) өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;
40) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының осы Кодексте айқындалған талаптарды орындауына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.»;
9) мынадай мазмұндағы 41-1-тараумен толықтырылсын:
«41-1-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері
«285-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды мынадай тәсілдердің бірімен:
1) қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдануды;
Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану жөніндегі талап автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды;
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасуды және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесіне сәйкес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде ақша енгізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша талаптар:
1) өндірушілерге, өндірілген майлар, полимерлік, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалары бөлігінде, оларды өндіру үшін сәйкесінше Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлар, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының кемінде отыз пайызы пайдаланылған жағдайда;
2) өндірушілерге және импорттаушыларға, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, одан тыс жерлерде өткізілген өнім (тауарлар) бөлігінде;
3) өндірушілерге және импорттаушыларға, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген полимерлік, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалары, орауға арналған және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде өткізілген өнім (тауарлар) оралған, аралас материалдардан жасалған орама бөлігінде;
4) автомобиль көлігі құралдарын импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға, тауарларды жеке пайдалану үшін бажсыз әкелуге арналған квота шегінде өнімді (тауарларды) импорттаған кезде қолданылмайды.
285-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына келіп түскен ақшаны:
1) жеке және заңды тұлғаларға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын (өндіріс қалдықтарынан алынған және (немесе) осы қалдықтар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған заңды тұлғалардан немесе дара кәсіпкерлерден заңды тұлғаларға немесе дара кәсіпкерлерге берілген өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын қоспағанда), аталған қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берген жағдайларда, бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарды өтеуге;
2) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін, оларды өндірушілерге мынадай:
жұмыс орындарын күтіп-ұстау;
энергия ресурстарын пайдалану;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру;
өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар өткізу;
кепілдемелік міндеттемелерді қолдау бағыттары бойынша қаржыландыру арқылы ынталандыруға берілетін төлемақы түрінде жібереді.
Экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің Қазақстан Республикасындағы өндірісін ынталандыру қағидаларында:
қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;
экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;
экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптар белгіленеді;
3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға;
4) Қазақстан Республикасының аумағында олар үшін залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілер жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін жинауды, беруді ұйымдастыруға;
5) қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуге, жарнама қызметін, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы білім беру зерттеулерін, маркетингтік зерттеулерді қаржыландыруға;
6) тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйе деректері бойынша бақылайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыруға және жүргізуге;
7) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату саласындағы эксперименттік, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға;
8) қалдықтарды жинаудың және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізуге, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қайталама ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану бойынша зауыттар (өндірістер) салуға, қайталама ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
9) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыруға;
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де қызметке арналған төлемақы түрінде жібереді.
285-3-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының құқықтық жағдайы
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы жинау және аталған төлемдерді осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен басқару арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, пайдалануға және (немесе) кәдеге жаратуға қатысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған заңды тұлға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып табылады.
2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы жинауға қатысты айрықша құқыққа ие және аталған төлемдерге осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен иелік етуге және оларды басқаруға тиіс.
285-4-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктері
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктеріне:
1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы өндірушілермен (импорттаушылармен) шарт жасасуы;
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына өндірушілер (импорттаушылар) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін аударатын төлемақыны жинау;
3) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақыны дұрыс есептеуіне, толық және уақтылы аударуына бақылауды жүзеге асыру;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылу барысы туралы есепті ұсыну;
5) автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерді және импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) тізілімін қалыптастыру, бекіту, жүргізу;
6) автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерді және импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) тізілімін тіркеу және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
7) мемлекеттік органдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары саласында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
8) қалдықтарды қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу, қалдықтарды және қайталама ресурстарды сұрыптау, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі зауыттарды (өндірістерді) салу;
9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес олар бойынша іс жүргізу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған кезде, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мұндай құқық бұзушылықтар бойынша бар материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруге міндетті;
10) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қағидаттарын іске асыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпараттан кәдеге жарату төлемін есептеу үшін деректер алуға құқылы;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де өкілеттіктер жатады.
2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақысын осы Кодекстің 285-2-бабына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау тарифтері бойынша жеке және заңды тұлғалар төлейтін қаражат есебінен өзін-өзі ақтамайтын мақсаттарға жұмсалатын өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақы қаражатын пайдалану басымдығын қамтитын қызметін дамыту стратегиясына сәйкес жұмсауды жүргізеді.
285-5-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауаптылығы
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасамаған, сондай-ақ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде ақша енгізбеген немесе уақтылы енгізбеген өндірушілер (импорттаушылар) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.