2007.12.01. № 220-III ҚР Заңымен 338-бап өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
338-бап. Құмар ойындар
1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, -
ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту және рұқсат ету, -
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.12.01. № 220-III ҚР Заңымен 338-1-баппен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 338-1-бап өзгертілді
338-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу
1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау және оларды өнеркәсіп орындары мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыру -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құмар ойындарды Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласында қызметті лицензиясыз жүзеге асыру, -
тиесілігіне қарамастан ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ойын автоматына технологиялық түрде енгізілген ұтыс проценті бойынша талаптарды сақтамау, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып және лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушының міндетті резервтерді қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және жағдайларда пайдалану жөніндегі шарттарды орындамауы, -
лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөлшектерін қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау, -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткізуі, не ақшадан басқа, өзге мүлік түрінде ставкалар қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы -
ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейнежазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы -
лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау, -
лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы -
лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып,дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9-1. Жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәске қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдығы арқылы жүзеге асыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау не бәс тігуге қатысушылардың нәтижесіне өздері ставкалар жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын бақылауына мүмкіндік беретін ойын жабдығын орнату міндетін орындамау, -
лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып не онсыз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың бірінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, 9-1- бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың екінші және алтыншы бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып және лицензиясынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
339-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -
аталған өнiмдердi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 340-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
340-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
341-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiнi қорлау
1. Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiлердi қорлау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен 341-1-баппен толықтырылды
341-1-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну
1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін алты айға тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекет - жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстары тәркіленіп, қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым салынып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
23-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 342- бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 342-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 342-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 342- бап өзгертілді
342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттіктерін есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп тану туралы шешім шығарылғаннан кейін олардың өнімін, сондай-ақ хабарлары мен материалдарын тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының өнімі тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Телерадиохабарлар арналары бойынша мемлекеттік тілдегі хабарларды уақыты жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен аз тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының баспа өнімі немесе өзге де өнімі тәркілене отырып және шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Меншік иесі не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабардың тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнімін, сондай-ақ ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, көбейту және (немесе) тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.
6. Заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 342-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)
342-1-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын теле-, радиокомпаниялардың:
отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радиобағдарламаларды белгіленген пайыздық нормалардан кем тарату;
телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;
телеарнада кадр алаңының он бес пайызынан асатын қосымша ақпаратты тарату түрінде жасалған бұзуы, -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын телерадио хабарларын тарату операторларының:
ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;
телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;
телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасалған бұзуы, -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының:
жергілікті уақыт бойынша 06.00-ден 22.00-ге дейінгі кезеңде балалар мен жасөспірімдердің денелік, психикалық, имандылық, моральдық және рухани дамуына зиян келтіруі мүмкін телебағдарламаларды, сондай-ақ «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Е 18» индексімен индекстелетін фильмдерді тарату;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау мүддесінде халықты хабардар ету сигналын телерадио хабарларын тарату операторларының және теле-, радиокомпаниялардың он бес минут ішінде уақтылы таратпауы;
телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;
жерүсті спутниктік жеке қабылдау құрылғылары арқылы радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуіл жасау;
телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдік теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасалған бұзуы, -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 343- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық араздықты тұтандыруға бағытталған материалдарды жариялауға рұқсат беру
Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар мәлiметтер мен материалдарды баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, -
бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не баспа өнiмдерi тәркілене отырып, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 344-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 344- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 344-бап өзгертілді
344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, сол сияқты өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсіздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу тасымалдау -бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсіздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса -