лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 159- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159-бап. Тұтынушыларды алдау
Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан бір жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы залал - елеулі мөлшердегі залал деп, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасындағы залал ірі мөлшердегі залал деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 160- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртібін бұзу
1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 161- бап өзгертілді
161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шығарылған жері, дайындаушылары, тұтыну қасиеттері, кепілдік берілген міндеттемелер және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпарат бермеу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа қайшы пайдалану,-
тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -
тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 161-1-баппен толықтырылды; 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 161-1-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып, қабылдаудан бас тартуы -
дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
дара кәсіпкерлерге - қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 161-2-баппен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
161-2-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының) болмауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының) болмауы -
дара кәсіпкерлерге - қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
дара кәсіпкерлерге - сексен, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 162-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -
аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 163- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 163-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 163-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 163-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
163-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін декларациялау қағидаларын, этил спирті және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы қағидаларын:
алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген орындарда сақтау және өткізу;
лицензияда көрсетілмеген мекенжай бойынша этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы (экспорттан басқа);
алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстармен, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон ораммен және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетімен өткізу, сол сияқты тұрқы бұзылған ыдыспен, анық сынған белгiлерi бар, тығыны бүлінген шөлмектермен бөлшек саудада өткізу;
алкоголь өнімін (шарап материалдарынан, сырадан және күштілігі он екі пайызға жетпейтін градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқа) қаңылтыр ыдыспен, заттаңбасы жоқ шөлмектермен және пластикалық ыдыстармен сату;
алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағадан төмен бағамен айналымда болуы (экспорттан басқа);
екі және одан да көп лицензиаттың бір мекенжай бойынша, сол бір стационарлық үй-жайларда, этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатурацияланған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін сақтауы және өткізуі;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ілеспе жүкқұжаттарынсыз сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде бұзу -
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының сегіз жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасау нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, лауазымды тұлғаларға - жүз қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру қағидаларын:
уәкілетті органға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
ауыз су қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген кезде алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) суды кондициялауға арналған жабдықпен жарақтандырмай өндіру;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіру;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіру;
спирт өлшеуіш аппараттарын, бақылаушы есепке алу аспаптарын, фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе уәкілетті органдар салған пломбаларды алып тастау;
екі және одан да көп лицензиаттың сол бір мекенжай бойынша, бір стационарлық үй-жайларда сол бір жабдықта этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін өндіру мен сақтау түрінде бұзу -
лауазымды адамдарға - жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - жүз елу, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:
осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;
тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен, сол сияқты денатурацияланған этил спиртінен (этанолдан) алкоголь өнімін өндіру түрінде бұзу -тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
8. Балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында және оларға жүз метр радиуста іргелес жатқан аумақтарда алкоголь өнімін өткізу -лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 163-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 163-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
163-1-бап. Темекі бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекі бұйымдарының өздерін немесе темекі бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзінде темекі бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 163-2- баппен толықтырылды
163-2-бап. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу
1. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 163-3-баппен толықтырылды
163-3-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзу
1. Осы Кодекстің 114-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, дара кәсіпкерлерге - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 163-4-баппен толықтырылды; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 163-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу -
жеке тұлғаларға - бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алкоголь өнімін (сауда үйлерінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда):
жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін,
демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы 8-ге дейін өткізу -
жеке тұлғаларға - бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 163-5-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
163-5-бап. Тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеу
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілерінің тауарларды беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуы не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:
1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асырушы сауда қызметі субъектісінен осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасқан шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы шарттармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуі, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 163-6-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
163-6-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерден асуы