2. Жер асты суларын байқаушы және режимдік ұңғыларды, су объектілеріндегі байқаушы режимдік тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық және нивелирлік пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 122-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 122-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 122-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
122-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасасу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 123- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
123-бап. Кен орны учаскелерін іріктеп өңдеу
1. Кен орны учаскелерін пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысырабына әкеп соғатын іріктеп өңдеу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кен орны учаскелерін өңдеу жөніндегі жобалық шешімдерді қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғатын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 124- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
124-бап. Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу
1. Су объектілерін заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын басқа біреуге беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лимиттерді бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргізу, су объектілерінен алынған немесе бөлінген жер асты және жер үсті суларын қырсыздықпен пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 125- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
125-бап. Орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерін орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзатын сатып алу-сату, сыйға тарту, кепілге салу, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын басқа біреуге заңсыз беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 126- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
126-бап. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін өсімдіктер дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 127- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 127-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 127-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 127-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
127-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
1. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су құбырлары желiлерiнен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосу -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 128 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 128-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің, интегралдық микросхема топологиясының мәнін олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 129 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 179-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 129-бап өзгертілді; 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 129-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
129-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
1. Интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң oн бестен жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Адамдардың шектелмеген тобының қол жеткізуіне мүмкіндік беру мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін интернет желісінде орналастыру арқылы заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Электрондық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын айырбастауға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.21.07. № 307- III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 130- бап өзгертілді
130-бап. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу
Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөніндегі тиiстi мемлекеттік органдардың келісімiнсіз және осы органдардың нұсқауы бойынша ескерткiштердiң паспорттандырылуы мен сақталуын анықтау жөніндегі алдын ала шараларды жүзеге асырмай, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу; ескерткiштердi қорғау өңiрлерiнде жер, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік ескерткiштердi қорғау органдарының рұқсатынсыз бұл өңiрлерде шаруашылық қызметпен айналысу, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдардың ескерткiштердi қорғау жөніндегі ережелердiң бұзылуын жою туралы нұсқамаларын орындамау, -
жеке тұлғаларға - жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып не онсыз айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Егiстiктер мен екпелердi басып өту
1. Автомобильмен не трактормен, комбайнмен немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинамен егiстiктердi немесе екпелердi басып өту,-
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егiстiктердi немесе екпелердi күш көлiгiмен басып өту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бірден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 131-1-баппен толықтырылды
131-1-бап. Егістіктерді, шөмелелерді таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, шөмелелерін мал немесе құс жайып таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жетпістен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
132-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
133-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
134-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2005.04.05 № 48-III ҚР Заңымен 134-1 баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 134-1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 134-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
134-1-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзімдерін бұзу
Мемлекеттік заттай гранттардың инвестициялар туралы заңнамада белгіленген қайтару мерзімдерін бұзу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
135-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 135-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 135-1-бап өзгертілді
135-1-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объект басшысының немесе өзге лауазымды адамының өзiне сенiп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы»;
1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объект басшысының немесе өзге лауазымды адамының өзiне сенiп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік),-
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
136-бап. Бөтен біреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау
1. Ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен біреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксіз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау:
1) бір топ адамдар қатысып;
2) бірнеше мәрте;
3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кіру арқылы жасалса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Бөтен біреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бір немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 177-183, 250, 256 немесе 261-баптарында көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бірнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 136-1-баппен толықтырылды
136-1-бап. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсіз мүлiктiк залал келтiру -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 136-2-баппен толықтырылды
136-2-бап. Бөтен біреудің мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру
Бөтен біреудің мүлкiн iрi зиян келтiрiп абайсызда жою немесе бүлдiру -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мүліктің құны немесе залалдың мөлшері ірі залал ретінде танылады.
2014.17.01. № 166-V ҚР Заңымен 136-3-баппен толықтырылды
136-3-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау
Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығару, тарату және орналастыру - бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елуден бір жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 137-бап өзгертілді
137-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
138-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап өзгертілді
139-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 140- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
140-бап. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу
1. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -