Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалык актілеріне қаржылық
(инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-кұжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-кұжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-кұжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-кұжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-кұжат; 2012 ж., № 1, 5-кұжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 177-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«177-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау»;
2) мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:
«177-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау
1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы немесе оның құрылымдық бөлімшесін құру, сол сияқты оның қызметіне басшылық жасау -
бір мыңнан үш мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;
б) бірнеше рет;
в) өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
г) ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге де мүлікті тарта отырып жасаса -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан айыра отырып, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Нақ сол әрекеттерді:
а) ұйымдасқан топ;
б) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса;
в) аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге де мүлікті тарта отырып жасаса - мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі, ал б) тармағында көзделген
жағдайларда - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы бапта қаржылық (инвестициялық) пирамида деп тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін, не оған құқығын тартудан табыс алу (мүліктік пайда табу) жөніндегі қызмет түсініледі.
2. Қаржылық (инвестициялық) пирамидаға қатысқаны туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ қылмысты ашуға немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен тұлға, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Осы тармақтың ережелері қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған тұлғаға қолданылмайды.»;
3) 307-баптың ескертулерінің 5-тармағы «177-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында,» деген сөздерден кейін «177-1-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-кұжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-кұжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар):
1) 192-бапта:
үшінші бөлік «177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында),» деген сөздерден кейін «177-1-бабында (үшінші бөліктің б) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік «177 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «177-1 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 285-баптың 8-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (бірінші бөлігінде), 177 (бірінші бөлігінде), 177-1 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органы жүргізеді.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; №13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-кұжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-кұжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-кұжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-кұжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-кұжаттар; № 17, 79, 80, 82-кұжаттар; № 18, 84, 86-кұжаттар; № 19, 88-кұжат; № 23, 97, 115, 117-кұжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10,11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 136-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«136-3-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау»;
2) мынадай мазмұндағы 136-3-баппен толықтырылсын:
«136-3-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау
Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығару, тарату және орналастыру - бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елуден бір жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «136 - 136-2» деген цифрлар «136 - 136-3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзац «136-2,» деген цифрлардан кейін «136-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
отыз төртінші абзац «қаржы полициясы органдарының (» деген сөздерден кейін «136-3,» деген цифрлармен толықтырылсын.
4. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № ю, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-кұжат; 2009 ж., № 2-3, 7-кұжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3-3. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.».
5. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-кұжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-кұжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалык актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы «нысанында жарнамалауға тыйым салынады.» деген сөздер «нысанында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қаңтардың 17-і.
№ 166-V